Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет50/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   168

158

41-сурет. Бұлшық ет талшықтары типтері  жəне олардың даму барысы. 

ГБК- гистосəйкестіктің басты кешені түрлері (A. Giovanelli мəліметтері 

бойынша)

Моторлық бірліктегі барлық талшықтар дəл сондай талшықтар 

типінен, мəселен,  баяу қимыл бірліктері сəйкесінше, баяу бұлшық 

ет  талшықтарынан  тұрады.  Бұл  кезде  миозин  сəйкесінше,  АТФ 

қышқылын баяу жылдамдықпен пайдаланады. Митохондриялардың 

көп  болуы  себепті  АТФ  толықтырып  отыруға  əкелетін  жоғары 

сыйымдылық  тəн.  Изометриялық  жиырылу  кезінде  күшті  үнемдеп 

пайдалану  мен    қайталама  баяу  изотониялық  жиырылудың  тиімді 

орындалуы тəн.  Ал жылдам қимыл бірліктері сəйкесінше, жылдам 

бұлшық  ет  талшықтарынан  құралады.  Мұнда  миозин  энергияны 

циклдік жылдам темпте пайдаланады. Неғұрлым жоғары қуаттылық 

немесе  изометриялық  жиырылу  кезінде  баяу  қимыл  бірліктерінің 

күші  жеткіліксіз  болады.  Бұл    баяу  бұлшық  ет  типтері  төзімділік 

жаттығулары,  ал  екіншісі  күштік-жылдамдық  жаттығулары  үшін 

бейімді  келеді.  Мұндағы  баяу  бірліктер  жиырылуға  ұзақ  уақыт 

қабілетті,  алайда  өте  төмен  күш  тудырады.  Ал  жылдам  бұлшық 

ет  талшықтары  жоғары  күшке  ие  болғанымен,  бірақ  тотығусыз, 

сондықтан қажу да тез орын алады (42-сурет).

Бұл суретте көрсетілген 3 қимыл бірліктерінің жоғарыдан төмен 

қарай  (жылдам  қажитыннан  баяуға  дейін)  максималды  күш  салу 

деңгейі  кеміп  отырса,  керісінше,  төменнен  жоғары  қарай  (баяу-

дан жылдам қажитын бірлікке дейін) сіресе жиырылу уақыты азая 

түскен.  Сонымен  Бурке  зерттеулері  бойынша  ең  жоғары  күшке 

жылдам  қажитын  бірліктер,  ал  ең  төмен  күшке  баяу  бірліктер  ие. 




159

Уақыт бойынша баяу қимыл бірліктері бірінші, ал жылдам қажитын 

бірліктер  соңғы  орынды  иеленген.  Жылдам  қажитын-резистентті 

бірліктер екі көрсеткіш бойынша да орташа мəнді көрсеткен. 



Координациялық  (орталық-жүйкелік)  факторларға  бұлшық 

ет  аппаратын  басқарудың  орталық-жүйкелік  координациялық 

механизмдері – бұлшық ет ішілік жəне бұлшық ет аралық координа-

ция механизмдері жиынтығы жатады.



Бұлшық  ет  ішілік  координация  механизмдері  сол  бұлшық 

еттердегі  мотонейрондар  импульсациясы  саны  мен  жиілігін  жəне 

олардың  импульсациясының  уақытпен  байланысын  анықтайды. 

ОЖЖ осы механизмдер көмегімен сол бұлшық еттердің максимал-

ды  ерік  күшін  (МЕК)  реттеп  отырады,  яғни  осы  бұлшық  еттердің 

ерікті  жиырылу  күшінің  қаншалықты  оның  максималды  күшіне 

(МК) жуықтығын анықтайды. Кез келген бұлшық ет тобының, тіпті, 

бір буынның МЕК көрсеткіші көптеген бұлшық еттердің жиырылуы 

күшіне тəуелді болады.

42-сурет. Қимыл бірліктерінің физиологиялық профилі: моторлық 

бірліктегі барлық талшықтар дəл сондай талшықтар типінен тұрады  (Mod 

from Burke and Tsairis, Ann NY Acad Sci 228:145-159, 1974)



160

Бұлшық  ет  аралық  кординация  сол  жəне  басқа  буындардағы 

«қажетсіз»  антагонист  бұлшық  еттер  белсенділігіне  шек  қоюда, 

«қажет»  синергист  бұлшық  еттерді  адекватты  (барабар)  таңдауда, 

аралас  жəне  т.б.  буындардың  бекітілуін  қамтамасыз  ететін  антаго-

нист бұлшық еттер белсенділігінің күшеюінде көрінеді.

Сонымен,  бұлшық  еттердің  МЕК  көрінуі  талап  етілетін  кез-

дерде  оларды  басқару  ОЖЖ  үшін  күрделі  міндет  болып  табыла-

ды.  Осыдан  кəдімгі  жағдайларда  бұлшық  еттің  МЕК-нің  олардың 

МК-не қарағанда неліктен азырақ екені түсінікті. Бұлшық еттің МК 

мен  олардың  МЕК  арасындағы  айырмашылық  күштік  тапшылық 

(мұқтаждық) деп аталады.

Бұлшық ет аппаратын орталық басқару неғұрлым жетілдірілген 

сайын сол бұлшық ет тобының күштік тапшылығы соғұрлым аз бо-

лады. Күштік тапшылық мөлшері үш факторларға: 

1. Адамның психологиялық, эмоциялық күйіне;

2. Бір мезгілде белсендірілетін бұлшық ет топтарының қажетті 

санына;

3. Оларды ерікті басқарудың жетілдіру дəрежесіне байланысты.



Бірінші  фактор.  Адам  кейбір  эмоциялық  күй  кезінде  кəдімгі 

жағдайдағы оның максималды мүмкіндіктерінен асып түсетін күшті 

көрсете алатыны белгілі. Мұндай эмоциялық (стрестік) күйге соның 

ішінде спортшының жарыс кезіндегі күйі де жатады. Эксперименттік 

жағдайларда  МЕК  көрсеткішінің  айтарлықтай  жоғарылауы,  яғни 

күштік тапшылықтың азаюы зерттелушінің күшті эмоциялық реак-

циясын тудыратын жағдайларда, оның күшті мотивациясы (əуестігі) 

кезінде  байқалады.  Мысалы,  күтпеген  қатты  дыбыстан  соң  жəне 

гипноз,  кейбір  дəрілік  препараттарды  қабылдаған  кездерде  де 

аңғарылады.  Мұнда  оң  əсер  (МЕК  артуы,  күштік  тапшылықтың 

төмендеуі)  жаттықпаған  адамдарда  күшті,  ал  жақсы  жаттыққан 

спортшыларда əлсіз көрінеді немесе мүлдем көрінбейді. Бұл спорт-

шыларда  бұлшық  ет  аппаратын  орталық  басқарудың  жетілуінің 

жоғары дəрежесін көрсетеді.



Екінші фактор. Бірдей жағдайларда күштік тапшылық мөлшерін 

өлшеу неғұрлым бір мезгілде жиырылған бұлшық ет тобының саны 

көп  болған  сайын  соғұрлым  жоғары  болады.  Мысалы,  тек  қолдың 

бас  бармағы  иілуіне  əкелетін  бұлшық  еттің  МЕК  өлшеген  кезде 

түрлі зерттелушілерде осы бұлшық еттердің МК-нен 5-15%-н күштік 

тапшылық  құраған.  Бас  бармақ  жəне  оның  бөліктерінің  бүгілуіне 




161

əкелетін  бұлшық  еттің  МЕК-н  анықтау  кезінде  күштік  тапшылық 

20%-ға дейін артқан. Балтыр бұлшық еттері көп топтарының макси-

малды ерікті жиырылуы кезінде күштік тапшылық 30%-ға тең.



Үшінші 

фактордың 

маңызы 


түрлі 

эксперименттермен 

дəлелденген. Мысалы, аяқ-қолдың белгілі бір қалпында жүргізілген 

изометриялық  жаттықтыру  сол  қалпында  өлшенген  МЕК-нің 

айтарлықтай  жоғарылауына  əкеледі.  Егер  өлшеу  аяқ-қолдың  басқа 

қалпында  жүргізілсе,  онда  МЕК  жоғарылауы  айтарлықтай  бол-

майды немесе мүлдем өспейді. Егер МЕК өсуі жаттыққан бұлшық 

еттердің (шеткі фактор) көлденең қимасының артуына ғана байла-

нысты болса, онда ол аяқ-қолдың кез келген қалпында өлшеу кезінде 

байқалушы еді. Сəйкесінше, аталмыш жағдайда МЕК өсуі жаттығуға 

дейінгіге қарағанда дəл сол жаттыққан қалыпта неғұрлым жетілген 

бұлшық ет аппаратын орталық басқаруға байланысты. 

Координациялық  фактор  рөлі  салыстырмалы  ерік  күші 

көрсеткішін анықтау кезінде де айқындалады. Ол МЕК көрсеткішін 

бұлшық  ет  көлденең  қимасының  мөлшеріне  бөлумен  анықталады. 

Изометриялық  жаттығуларды  қолдана  отырып, 100 күндік 

жаттықтырудан  кейін  жаттыққан  қол  бұлшық  етінің  МЕК 92%-ға, 

ал олардың көлденең қимасы ауданы 23%-ға өскен. Сəйкесінше, са-

лыстырмалы ерік күші орташа 6,3-тен 10 кг/см² дейін артты. Соны-

мен  жүйелі  жаттықтыру  бұлшық  етті  ерікті  басқарудың  жетілуіне 

мүмкіндік  жасайды.  Жаттықпаған  қол  бұлшық  етінің  МЕК  бұл 

қолдың бұлшық ет көлденең қимасының ауданы өзгермесе де соңғы 

фактор  есебінен  біршамаға  артқан.  Бұл  бұлшық  еттерді  неғұрлым 

жетілген  орталық  басқару  симметриялық  бұлшық  ет  топтарына 

қатысты көрінуі мүмкін екенін аңғартады. Мұны жаттықтыру əсерін 

«тасымалдау» құбылысы дейді.

Бұлшық  еттің  жылдам  қозғалыс  бірліктеріне  ең  жоғары 

табалдырық күші тəн екені белгілі. Олардың бұлшық еттердің жалпы 

ширығуына үлесі мол, себебі олардың əрқайсысы көптеген бұлшық 

ет  талшықтарынан  құралады.  Жылдам  бұлшық  ет  талшықтарында 

көп миофибрилдер бар, жуандау жəне сондықтан олардың жиырылу 

күші  баяу  қозғалыс  бірліктеріне  қарағанда  жоғары  келеді.  Осыдан 

неліктен МЕК бұлшық ет композицияларына тəуелді екені түсінікті, 

яғни оларда неғұрлым жылдам бұлшық ет талшықтары көп болса, 

соғұрлым олардың МЕК жоғары болады.

Спортшының  алдында  жарыс  жаттығуларын  орындау  кезінде 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау