154
Бұлшық еттің максималды статикалық күші жəне мак-
сималды ерікті статикалық күші. Бұлшық еттің жиыры-
лу күші тітіркендіргіштің күшіне, жиілігіне жəне еттің құрылыс
ерекшелігіне, функциялық күйіне байланысты. Бұлшық ет мыңдаған
ет талшықтары шоғынан (топтарынан) тұратыны белгілі. Бұлшық ет
құрылымы, қызметі туралы 2-тарауда толығымен баяндалған бола-
тын (8-15-суреттерді қараңыз).
Бұлшық ет изометриялық жиырыла отырып, ол үшін мүмкін бо-
латын максималды ширығуы:
1) сол бұлшық еттердің барлық моторлық бірліктерінің (бұлшық
ет талшықтары) белсенуінде;
2) оның барлық қозғалыс бірліктерінің толық тетанусы (сіресіп
жиырылуы) режимінде;
3) тыныштықта ұзындыққа бұлшық ет жиырылуында сияқты 3
жағдай бір мезгілде орындалғанда дамиды.
Осы жағдайларда бұлшық еттің изометриялық ширығуы оның
максималды статикалық күшіне сəйкес келеді.
Бұлшық еттердің аз бөлігі ғана ерікті əрекет ете алады. Қаңқа
бұлшық еттерінің күш градациясы негізінен жүйке жүйесімен коор-
динацияланады. Қимыл бірліктерінің саны бұлшық ет ширығуын
бақылауда маңызды рөл атқарады. Моторлық бірліктегі барлық
бұлшық ет талшықтары бір мезгілде байланысатындықтан
жүктемелер күші, жиілігі, т.б. барлық бұлшық ет талшықтарға
бірдей (идентивті) болады (38-сурет).
Жұлын
Бұлшық ет талшықтары
Мотонейрондар
38-сурет. Моторлық бірліктер: мотонейрондар мен олар жабдықтайтын
бұлшық ет талшықтары (From Matthews GG Cellular Physiology of Nerve
and Muscle Blackwell Scientifi c Publications)
155
Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң
тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе, бұған сəйкес бұлшық
еттің жиырылу күші біртіндеп өседі, бірақ тітіркендіргіштің күші
белгілі бір деңгейге жеткен соң бұлшық еттің жиырылу күші одан
əрі күшеймейді.
Осыған орай тітіркендіргіштің ең төмен (минималдық) жəне
ең жоғары (максималдық) табалдырық күші болады. Бұлшық еттің
құрамындағы моторлық бірліктің əрқайсысының қозу табалдырығы
əртүрлі. Сол себепті минималдық табалдырық ең қозғыш моторлық
бірлікті қоздырады, ал максималдық табалдырық бұлшық еттегі
барлық миоциттердің қозу табалдырығынан жоғары болатындықтан
бəрін жиырылтады. Мұнымен бірге бұлшық еттің жиырылу күші
тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Еттің оптимум жəне песси-
мум жиілігі болатыны жəне оның себептері белгілі. Ұзын бұлшық
ет талшықтары қысқаларына қарағанда, қаттырақ жиырылады.
Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды.
Моторлық бірліктердің мөлшері адамның қартаюы барысында
кеми түседі (39-сурет жəне 12-тараудағы 73-суретте көрсетілген).
Дегенмен, жекелеген бұлшық ет талшықтарының атрофиясын
ішінара алдын алуға жəне жаттығулар арқылы қалпына келтіруге
болады. Ал жоғалған талшықтарды қалпына келтіру мүмкін емес.
39-сурет. Жасқа байланысты моторлық бірліктердің азаюы (Campbell et
al., J Neurol Neurosurg Psych 36:74-182)
156
40-суретте моторлық бірлік түрлері мен максимум изометрия-
лық күштің байланысы ересектер мен қарттар арасында салыстыра
зерттелінген. Зерттеу нəтижелерінен ҒҒ моторлық бірлігінің жасқа
байланысты азаюын, ал S моторлық бірліктің жастарға қарағанда
қарт адамдарда басым келетінін байқауға болады. Яғни жасқа сай
күшті тудыру жылдамдығы мен қуаттылығының төмендеуі орын
алады.
Бұлшық еттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен
анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бəрі қатысады, қатаяды.
Мұндай күшті максималдық күш (МК) дейді. Максималдық күш
сол бұлшық етті құрайтын бұлшық ет талшықтарының санына жəне
оның əрқайсысының жуандығына байланысты.
40-сурет. Моторлық бірлік түрлері мен максимум изометриялық күштің
байланысы (Kadhiresan et al., (1996) J Physiol 493:543-552)
Бұлшық ет максималдық күшінің оның анатомиялық көлденеңі
ауданына қатысын бұлшық еттің салыстырмалы күші деп атайды.
Бұл 1 см
2
-та күш ньютонмен немесе килограммен өлшенеді (Н/см
2
немесе кг/см²). Бұлшық еттің анатомиялық көлденеңі деп бұлшық
еттегі барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің жинақы ауданын
айтады, яғни бұлшық ет ұзындығына перпендикуляр жүргізілген
оның көлденең кесіндісі ауданы ретінде анықталады.
157
Мұнымен қатар бұлшық еттің физиологиялық көлденеңі немесе
көлденең ауданы деген де ұғым бар. Егер бұлшық ет талшықтары
бір-бірімен қатар (параллель) жатса, онда бұлшық еттің жинақы
физиологиялық көлденеңі оның анатомиялық көлденеңіне тең бола-
ды. Ал бұлшық ет талшықтары құстың жүні тəрізді қисық орналас-
са, онда əр талшықтың қақ ортасынан өтетін көлденең сызығының
ауданы (физиологиялық көлденең ауданы) анатомиялық ауданынан
жоғары болады. Сондықтан мұндай бұлшық еттер күштірек келеді.
Бұлшық еттің максималдық күшінің физиологиялық көлденеңіне
қатынасы бұлшық еттің абсолюттік күші деп аталады. Ол шама-
мен, 0,5-1 Н/см
2
аралығында болады.
Адамда бұлшық ет күшін өлшеу оның ерікті күш салып, қажетті
бұлшық еттерді максималды жиырылтуға тырысуы кезінде жүзеге
асырылады. Сондықтан адамның бұлшық ет күші туралы айтқанда
максималды ерік күші (МЕК) туралы сөз болады (спорттық пе-
дагогикада бұл түсінікке «бұлшық еттің абсолютті күші» түсінігі
эквивалентті қолданады). Ол:
1. Бұлшық еттік (шеткі);
2. Координациялық (орталық-жүйкелік) сияқты 2 топ факторла-
рына байланысты.
МЕК анықтайтын бұлшық еттік (шеткі) факторларға:
А) бұлшық ет ауырлығы əсерінің механикалық жағдайы, яғни
бұлшық ет күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Рычагты
түрде бекітілгенде еттің күші жоғары болады;
Ə) бұлшық ет ұзындығы, өйткені бұлшық ет ширығуы оның
ұзындығына байланысты;
Б) бұлшық еттің көлденең қимасы (жуандығы), ол қаншалықты
жуан болса, оның бұлшық ет күші де соншалықты жоғары болады;
В) бұлшық ет композициясы, яғни жиырылған бұлшық еттегі
жылдам жəне баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасы жатады
(41-сурет).
Бұлшық ет талшықтарының типтері тұтас алғанда ең баяу, ба-
рынша тотығатын талшықтардан бастап ең жылдам, гликолизге тез
ұшырайтын талшықтарға дейін болады.
Қазіргі кезде ғалымдар адам геномын зерттеу барысын-
да гистосəйкестіктің басты кешенінің (ГБК) əртүрлі 10 гендерін
анықтаған. Соның ішінде оның жеті типі адамның қаңқа бұлшық
еттерінде дифференциацияланған. Қимыл бірліктеріндегі ГБК
гомогенді немесе гетерогенді болуы мүмкін (41-суретті қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |