162
айтарлықтай бұлшық ет күшін дамыту міндеті тұрса, онда ол
жаттықтыру кезінде жоғары бұлшық ет күшімен (оның МЕК 70%-
дан аз емес) орындалатын жаттығуларды жүйелі түрде қолданып
отыру керек. Бұл жағдайда бұлшық етті ерікті басқару, атап айтқанда,
негізгі бұлшық еттердің қозғалыс бірліктерінің, соның ішінде
неғұрлым табалдырық күші жоғары, жылдам қозғалыс бірліктерінің
көп мөлшерінің қатысуын қамтамасыз ететін бұлшық ет ішілік коор-
динация механизмдері жетіле түседі.
Бұлшық ет талшықтары зақымдалуы жəне дене жаттығулары
Бұлшық еттер адам организміндегі əртүрлі қозғалыстарды
қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі
болғандықтан дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде де оның
зақымдалуы жағдайлары кездеспей қоймайды.
Бұлшық еттің ұзындығы мен ширығу ерекшеліктеріне байланыс-
ты бұлшық ет талшықтарының зақымдалу дəрежесі де əртүрлі бола-
ды (43-сурет). Бұл зерттеулерден бақылау тобы мен изометриялық
жиырылуға қарағанда ұзара жиырылу кезінде зақымдалу пайызының
нақты (р<0,05) бірнеше есе жоғары екендігін көруге болады. Мұны
спорт практикасында ескерген жөн. Сондай-ақ бұлшық еттің
зақымдалуына басқа да көптеген факторлар, оқыс жағдайлардағы
механикалық зақымдар, ферменттер жетіспеушілігі, шаршау, күштің
азаюы кезіндегі субъективті себептер əсер ететіндігі белгілі.
43-сурет. Бұлшық ет жиырылуы мен бұлшық ет талшықтары зақымдалуы
(Koh & Brooks (2001) Am J Physiol 281:R155-R161)
163
44-суреттегі Фолкнер мен əріптестерінің еңбектерінен зақым
алғаннан 3 күн өткеннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының күйін
анық көруге болады.
Дене жаттығуларының организм үшін қаншалықты маңызды
екендігіне Faulkner, Brooks жəне Zerba жүргізген зерттеулер дəлел
болады. Зерттеу нəтижелерінен 2 апта бойы жаттығудан кейін
күштік тапшылықтың жаттықпаған кезеңге қарағанда 3 есеге жуық
кемитінін, ал зақымдалған бұлшық еттің талшықтары санының 4 есе-
ге дейін азаятындығын көруге болады. Екі жағдайда да жаттықпаған
кезеңге қарағанда айырмашылықтар нақты (Р<0,05) болған (45-су-
рет).
44-сурет. Зақым алғаннан 3 күннен кейінгі бұлшық ет талшықтарының
«елесі» (Faulkner, Brooks and Zerba (1995) J Gerontol 50:B124-B129)
45-сурет. Бұлшық еттің зақымдалуы мен күштік тапшылыққа
дене жаттығуларының ықпалы (Koh & Brooks (2001) Am J Physiol
281:R155-R161)
164
Сонымен қатар күштік ташылық пен бұлшық еттердің зақымдалу
пайызына пассивті жаттығу мен бұлшық еттердің изометриялық
жиырылуын іске асыра отырып, орындалатын жаттығудың əсері са-
лыстыра зерттелген (46-сурет).
Бұл зерттеулерде бұлшық еттердің дегенерациясы мен регенера-
циясына назар аударылған. Бұлшық еттің дегенерациясы дегеніміз
оның негізгі қабілеті – жиырылудан айырылу болса, ал оның регене-
рациясы жиырылу қабілетінің қайтадан қалпына келуі болып табы-
лады. Қартаю барысында зақымдарға шалдығудың артатындығына
жəне оның қалпына келуінің төмендеуіне қарамастан жануарларға
жүргізілген тəжірибелер оларда да зақымдардың алдын алуға мүмкін
болатындығын көрсеткен. Бұлшық ет талшықтарын жаттықтыру
əсіресе, егде адамдарда жиырылу кезінде оқыс зақымдалу
жағдайларын азайтуы мүмкін.
46-суретте көрсетілгендей, əсіресе, барлық талшықтардың
ішіндегі зақымдалған талшықтар пайызы жаттықпағандарға
қарағанда пассивті жаттыққан жануарларда 2 есе аз (Р<0,05) болған.
Күштік тапшылық пайызы жаттықпағандарға қарағанда жаттыққан 2
топта да (пассивті, изометриялық жаттығу) нақты айырмашылықпен
төмен болған.
46-сурет. Бұлшық еттің зақымдалуы мен күштік тапшылыққа пассивті
жəне изометриялық жаттықтырудың ықпалы (Koh & Brooks (2001) Am J
Physiol 281:R155-R161)
Ал зақымдалудан 4 күн, 2 апта жəне 4 аптадан кейін бұлшық
ет талшықтарының біртіндеп қалпына келу динамикасы миолог
ғалымдар түсірген фотосуретте көрсетілген. Перри мен Рудницкий
(2000) еңбектерінде бағаналы (діңгек) жасушалар – сателлиттерден
165
бұлшық ет талшықтарының дифференциациялану үдерісіне дейінгі
кезеңдер бейнеленген (47-сурет).
47-сурет. Сателлит жасушаларының активациясы жолымен бұлшық ет
талшықтарының қалпына келуі Myology (Sanes, McGraw-Hill, 1994); Perry
and Rudnicki (2000) Frontiers in Bioscience 5:D750-67)
Спорттық практикадағы күш түсінігі. Күш – адамның өз
бұлшық еттері күші есебінен сыртқы қарсылықты жеңу неме-
се оған қарсы тұра алу қабілеті. Оның мөлшері бұлшық еттердің
физиологиялық кесіндісіне, оның талшықтарының ерекшеліктеріне
жəне биохимиялық қуатына байланысты болып келетіндігі белгілі.
Күш дене сапасына орталық жүйке жүйесінің қызметі ерекшелігі де
елеулі əсер етеді.
Күш дене сапасын жалпы жəне арнайы деп бөлу, белгілі бір
спорт түріне қажетті күш түрлерінің бағытын көрсетеді, ол жаттығу
түрлерін таңдауға байланысты болып келеді.
Күштің берілу түрлеріне байланысты статикалық жəне
динамикалық, спорттық кейбір түрлерінде «жарылыстық» деп ата-
латын күш түрлерінің атаулары кездеседі. Динамикалық күш бұлшық
еттердің кедергіні жеңу немесе шегінуі жағдайында іске асырылады.
Бірінші жағдайда бұлшық ет жиырылады, екінші жағдайда созыла-
ды. Динамикалық жұмыс түрлі жылдамдықта, қарқында əрі əртүрлі
Достарыңызбен бөлісу: |