172
Бұлшық ет күшінің біріне бұлшық ет күшінің тез көрінуі
қабілеттілігін сипаттайтын жарылыс күші жатады. Ол мысалы, түзу
аяқпен жоғары секіруде немесе тұрған орнынан ұзындыққа секіруде
биіктікті, максималды мүмкін болатын жылдамдықпен қысқа
біртұтамға жүгіруде орын ауыстыру жылдамдығын едəуір шамада
анықтайды. Жарылыс күші көрсеткіші ретінде күш градиенттері,
яғни максималды көрінетін күштің оған жету уақытына қатынасы
ретінде немесе қандай да бір бұлшық ет күшінің таңдаулы деңгейіне
(абсолютті градиент), немесе максималды күштің жартысына, не-
месе оның қандай да бір басқа бөліміне (салыстырмалы градиент
күші) жету уақыты ретінде анықталатын оның өсу жылдамдығы
қолданады. Күш градиенті жылдамдықты-күштік спорт түрлері
өкілдерінде (қысқа қашықтыққа жүгірушілерде) спортпен ай-
налыспайтын адамдарға немесе төзімділікке жаттығатын спорт-
шыларға қарағанда жоғары келеді. Əсіресе, күштің абсолюттік
градиенттерінде айтарлықтай айырмашылықтар болады.
Жарылыс күш көрсеткіштері максималды ерікті изометриялық
күшке көп тəуелді емес. Мəселен, изометриялық жаттығулар
статикалық күшті арттыра отырып, күш градиенттері көрсеткіштері
бойынша немесе секіргіштік көрсеткіштері бойынша (биіктікке түзу
аяқпен секіру немесе тұрған орнынан ұзындыққа секіру) анықтала-
тын жарылыс күшін айтарлықтай емес өзгертеді. Сəйкесінше, жа-
рылыс күштеріне жауапты физиологиялық механизмдер статикалық
күшті анықтайтын механизмдерден ерекшеленеді. Жарылыс күшінің
көрінуінде координациялық факторлар арасында активті бұлшық
еттер мотонейрондары импульсациясы маңызды рөл атқарады. Ол
разряд басындағы импульсациясы жиілігі мен əртүрлі мотонейрон-
дар импульсациясының синхрондалуымен сипатталады. Неғұрлым
мотонейрондар импульсациясының бастапқы жиілігі жоғары болған
сайын соғұрлым бұлшық ет күші тезірек өседі.
Жарылыс күшінің көрінуінде жылдам жəне баяу бұлшық ет-
тер қатынасына, яғни олардың композициясына айтарлықтай ша-
мада тəуелді бұлшық еттердің жылдамдықты жиырылу қасиеті өте
үлкен рөл атқарады. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің жоғары
білікті өкілдерінде жылдам талшықтар бұлшық ет талшығының
негізгі массасын құрайды. Жаттықтыру үдерісінде бұл талшықтар
баяу талшықтарға қарағанда, неғұрлым елеулі гипертрофияға
ұшырайды. Сондықтан жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің
173
өкілдерінде жаттықпаған адамдармен немесе басқа спорт түрі
өкілдерімен, əсіресе, төзімділіктің көрінуін қажет ететін спорт-
шыларымен салыстырғанда жылдам талшық бұлшық еттің негізгі
массасын құрайды немесе көлденең қимасында айтарлықтай үлкен
алаңды алып жатады.
Қуаттылықтың жылдамдықтық компоненті. Ньютонның
2-заңына сəйкес неғұрлым массаға жұмсалған күш көп болған са-
йын соғұрлым сол масса қозғалатын жылдамдық жоғары болады.
Осылайша бұлшық ет жиырылу күші қозғалыстың жылдамдығына
ықпал етеді: неғұрлым күш көп болса, соғұрлым қозғалыс жылдам
болады.
48-сурет. Жаттықтырудың əртүрлі əдістері кезінде «күш-жылдамдық»
тəуелділік өзгерісі (А) мен күш моментінің салыстырмалы өзгерістері (Ə)
(Д. Ю. Бравая, Я. М. Коц бойынша):
0º/с – изометриялық жаттықтыру, 40 º/с жəне 160 º/с - көрсетілген
қозғалыс жылдамдығымен изокинетикалық жаттықтыру
Қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы екі факторларға:
1. Жылдамдықты арттыру өлшеміне (жылдамдық екпініне);
2. Максималды жылдамдыққа байланысты.
174
Бірінші фактор спортшының жүгіру жылдамдығын қаншалықты
тез арттыратынын анықтайды. Бұл фактор қысқа біртұтам
арақашықтыққа (10-15 метр) жүгіруде, дененің бір қалыптан басқаға
максималды тез орын ауыстыруын талап ететін спорттық ойын
түрлерінде айтарлықтай маңызды. Неғұрлым ұзақ арақашықтыққа
жүгіруде жылдамдықты арттыру өлшеміне қарағанда максималды
жүгіру жылдамдығы аса маңызды. Егер спортшыда жылдамдықтың
көрінуінің екі түрінің де жоғары деңгейі болса, ол оған қысқа
қашықтыққа жүгіруде үлкен артықшылық береді.
Жүгіру жылдамдығының осы екі факторы бір-бірімен тығыз бай-
ланыста емес. Бір спортшыларға баяу жылдамдықты арттыру тəн,
бірақ олар жоғары максималды жылдамдыққа ие. Ал басқаларда,
керісінше, тез жылдамдық арттыру жəне салыстырмалы көп емес
максималды жылдамдық болады.
Қуаттылықтың жылдамдықтық компонентін жоғарылатудың
маңызды механизмдерінің біріне бұлшық ет жылдамдықты жиыры-
лу қасиетінің артуы жатады, басқаға бұлшық ет жұмысының коор-
динациясын жақсарту болып табылады.
Бұлшық еттің жылдамдықты жиырылу қасиеті айтарлықтай
дəрежеде жылдам жəне баяу бұлшық ет талшықтарының
арақатынасына тəуелді. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің ай-
тулы өкілдерінде, əсіресе, қысқа қашықтыққа жүгірушілерде спорт-
пен шұғылданбайтындарға, тіптен, төзімділікке жаттығатын айтулы
спортшыларға қарағанда жылдам бұлшық ет талшықтарының пайы-
зы айтарлықтай жоғары.
Бұлшық ет ішілік жəне бұлшық ет аралық координация да
қозғалыс жылдамдығының (қуаттылықтың) артуына мүмкіндік
туғызады, себебі жоғары жылдамдықпен сыртқы кедергіден өте
отырып, бұлшық ет координациялық жұмысы кезінде олардың күш
салуы серіктеседі. Атап айтқанда, жақсы бұлшық ет аралық коор-
динация кезінде бір бұлшық еттің (немесе бұлшық ет тобының)
жиырылуға күш салуы басқа бұлшық еттердің (немесе бұлшық
еттер тобының) алдындағы күш салумен жасалған жылдамдық
шыңына жақсы сəйкес келеді. Сəйкесінше, келесі күш салу неғұрлым
тиімдірек болады. Антагонист бұлшық еттер босаңсу дəрежесі мен
жылдамдығы қозғалыс жылдамдығына ықпал ететін маңызды фак-
тор болуы мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығын арттыру керек бол-
са, жаттықтыру жаттығуларында қолданатын жылдамдыққа тең не-