Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет61/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   168

193

жүктемені орындау кезінде прогрессивті (ілгерілей) төмендейді. Кез 

келген  бірдей  абсолютті  аэробтық  жүктеме  кезінде  спортшыларда 

спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда артерия қанындағы 

лактат концентрациясы төмен болады. Бұл төмендеуді бірнеше фак-

торлар анықтайды.



Біріншіден,  төзімді  спортшыларда  қаңқа  бұлшық  еттерінің 

аэробтық  потенциалы  жоғары.  Осының  арқасында  жаттықпаған 

адамдарға  қарағанда  олардың  бұлшық  еттері  сүт  қышқылын  аз 

өндіреді, себебі энергия түзілудің жоғары дəрежеде аэробтық жолы 

қолданады. Мұны бірдей жұмыс кезіндегі бұлшық еттердегі лактат 

концентрациясының жаттықтырудан кейін төмендеуінен көруге бо-

лады.

Екіншіден,  спортшыларда  оттегі  тасымалдау  жүйесі  неғұрлым 

тез  бабына  келеді.  Ұзақ  аэробтық  жаттығу  кезінде  қандағы 

лактаттың  жоғары  концентрациясы  оттегі  тапшылығымен  байла-

нысты  жұмыстың  алғашқы  минуттарында  байқалатыны  белгілі. 

Жаттықпаған  адамдармен  салыстырғанда  төзімді  спортшыларда 

қандағы  лактат  концентрациясының  жоғарылауы  жұмыстың    бас 

кезінде айтарлықтай азырақ болады.

Үшіншіден,  төзімділікке  жаттығатын  спортшылар  бұлшық 

еттерінде  түзілген  сүт  қышқылын  утилдеудің  күшеюі  байқалады. 

Бұған барлық бұлшық ет талшықтарының жоғары аэробтық потен-

циалы жəне əсіресе, баяу бұлшық ет талшықтарының жоғары пайы-

зы, сонымен қатар жүректің ұлғайған салмағы əкеледі. Баяу бұлшық 

ет талшықтары миокард сияқты сүт қышқылын энергиялық субстрат 

ретінде  белсенді  қолдануға  қабілетті.  Бұдан  басқа  бірдей  (оттегі 

пайдалану  тең  болатын)  аэробтық  жүктеме  кезінде  жаттықпаған 

адамдарға  қарағанда  спортшыларда  бауыр  арқылы  қанның  өтуі 

жоғары болады. Бұл да бауырдың қаннан сүт қышқылын неғұрлым 

қарқынды экстракциялауына жəне оның əрі қарай глюкоза мен гли-

когенге айналуына мүмкіндік туғызады (Кори циклі).



Төртіншіден

спортшыларда 

спортпен 

шұғылданбайтын 

адамдарға  қарағанда  ұлғайған  қан  айналымдағы  қан  көлемі  көп 

сұйылуы есебінен бұлшық еттен қанға түсетін лактат концентраци-

ясын төмендетеді.

Сайып  келгенде,  төзімділікке  жаттықтыру  тек  аэробтық 

мүмкіндіктерді  жоғарылатып  қана  қоймай  (ОМП)  жəне  қандағы 

сүт  қышқылының  айтарлықтай  ұлғаюынсыз  жүретін  үлкен  ұзақ 




194

аэробтық  жүктемені  орындау  қабілетін  дамытады.  Бұл  салыстыр-

малы  үлкен  ұзақтықты  жаттығуларға  маманданған  спортшыларда 

төзімділікті жоғарылатудың маңызды механизмдерінің бірі.

Соңғы  жылдары  сипатталған  өзгерістердің  жалпы  көрсеткіші 

ретінде  лактацидемиялық  анаэробтық  табалдырықты  (ЛАТ) 

өлшеу, немесе артерия қанында 4 моль/л лактат концентрациясына 

алғаш жететін (ЛАТ

4

), немесе артерия қанындағы лактат концентра-



циясын  əрі  қарай  жоғарылату  кезінде  жылдам  өсуінен  басталатын 

(ЛАТ


и

) ең аз жүктемені анықтау кең қолданылады. Лактацидемиялық 

анаэробтық табалдырық вентиляциялық анаэробтық табалдырыққа 

(ВАТ) жуық. Анаэробтық табалдырықты басқаша анаэробтық алма-

су табалдырығы (АНАТ) деп атайды. 

Анаэробтық  табалдырық  организмнің  аэробтық  мүмкіндіктері-

нің көрсеткіші болып табылады: неғұрлым аэробтық мүмкіндіктері-

нің  көрсеткіші  көп  болса,  бұл  табалдырық  та  соғұрлым  жоғары 

болады.  ОМП  мен  бір  жағынан  ұзақ  арақашықтықтағы  спорт 

нəтижелері,  екінші  жағынан,  анаэробтық  табалдырық  арасында 

тура  тəуелділік  бар.  Əртүрлі  мамандану  өкілдерінде  анаэробтық 

табалдырық бірдей емес: ол ең жоғары төзімділікті жаттықтыратын 

спортшыларда  болады.  Жоғары  білікті  төзімді  спортшыларда  ол 

ОМП 70-80% аса оттегі пайдаланумен жүретін жүктемелер кезінде 

ғана,  ал  жаттықпаған  адамдарда  ОМП 45-60% тең  оттегі  пайдала-

нумен  жүретін  жүктеме  кезінде-ақ  жетеді.  Айтулы  марафоншылар 

анаэробтық  табалдырықтан  төмен  деңгейде  (қандағы  лактат  кон-

центрациясы 4 ммоль/л аз) олардың жеке-дара ОМП 80-85% сəйкес 

келетін оттегі пайдалану жылдамдығымен арақашықтықты жүгіріп 

өтеді.


Оттегіні  пайдалану  ОМП  деңгейінде  жəне  шекті  ұзақтығы 

бірнеше  минутқа  дейін  болатын (1500 м-ге  жүгіру,  академиялық 

есу,  т.б.)  салыстырмалы  қысқа  мерзімдік  максималды  аэроб-

ты  жүктемені  орындау  кезінде  іс  басқаша  белгілі  жағдайда  бола-

ды.  Мұндай  жаттығуларды  орындау  кезінде  бұлшық  еттік  энергия 

өндіруге  анаэробтық  гликогенолиз  айтарлықтай  үлес  қосады,  бұл 

жұмыс атқарушы бұлшық еттерде сүт қышқылының көп мөлшерде 

түзілуіне  əкеледі.  Спортшыларда  спортпен  шұғылданбайтын 

адамдарға  қарағанда  максималды  аэробтық  жұмыс  (критикалық 

аэробтық  қуаттылық)  қуаттылығы  айтарлықтай  жоғары  болады. 

Осының  салдарынан  спортшыларда  спортпен  шұғылданбайтын 



195

адамдарға  қарағанда  ОМП  деңгейіндегі  жұмыс  кезіндегі  қандағы 

лактат  концентрациясы  (сəйкесінше, 140 жəне 90 мг%  немесе 15 

жəне 10 ммоль/л  жуық)  жоғары.  Мұндай  жаттығуларда  нəтиже 

неғұрлым  жоғары  болған  сайын,  яғни  спортшы  арақашықтықта 

ұстап тұра алатын максималды аэробтық қуаттылық жоғары болған 

сайын соғұрлым арақашықтық мəресінде қандағы лактат концентра-

циясы жоғары болады.



Қанның  қышқылдық-сілтілік  тепе-теңдігі.  Қандағы  сутек 

иондарының  концентрациясы  (рН)  ең  көп  дəрежеде  ондағы  сүт 

қышқылының мөлшеріне, сонымен қатар СО

2

 парциалдық кернеуіне 



жəне қанның буферлік мүмкіндігіне тəуелді келеді. Тыныштық күйде 

спортшылар артериялық қанындағы рН спортпен шұғылданбайтын 

адамдармен  бірдей  болады.  Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  ол  сүт 

қышқылының  концентрациясымен  анықталатындықтан  қан  лакта-

тына  қатысты  жаттықтыру  əсері  туралы  сөз  болған  жағдайлар  рН 

үшін де тəн. Төзімділікке жаттығатын спортшыларда рН төмендеуі 

неғұрлым айтарлықтай жүктемелер кезінде жүреді жəне жаттықпа-

ған  адамдарға  қарағанда  аз  болады.  Осымен  қатар  спортшылар-

да  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  максималды 

аэробтық  жүктеме  кезінде  рН  төмендеуі  көп  орын  алады.  Шекті 

жағдайларда жоғары білікті спортшыларда артериялық қандағы рН 

7,0-ге  дейін  жəне  тіпті,  одан  да  (əсіресе,  көбіне  ескек  есушілерде) 

төменге түсуі мүмкін. 

Қанның буферлік қосылыстары оның қышқылдық-сілтілік тепе-

теңдігін реттеудегі маңызды механизмі болып табылады. Тыныштық 

күйде қандағы стандартты бикарбонат мөлшері орта есеппен спорт-

шыларда  жаттықпаған  адамдардағы  сияқты  (сəйкесінше, 24,3 

жəне 24,4 мэкв/л)  болады.  Дегенмен  оның  төмендеуі  спортшы-

ларда  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  неғұрлым 

елеулі жүктемелер кезінде жүреді. Бұл ең алдымен, қандағы лактат 

концентрациясы  өзгерісіндегі  сипатталған  айырмашылықтармен 

түсіндіріледі: спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға 

қарағанда лактацидемия дəрежесі төмен болады.



Артерия  қанындағы  СО

2

  парциалдық  кернеуі  өте  үлкен 

жүктемелер  кезінде  біршама  төмендейді.  Мұнда  спортшыларда 

тыныс  алудың  неғұрлым  жетілген  реттелуімен  байланысты  олар-

да  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  біраз  азырақ 

төмендейді. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау