Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет45/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   168

142

ды. Оларды орталық жүйке жүйесіне сезім мүшелері арқылы келетін 

болғандықтан сенсорлық (сезгіш) коррекция деп атайды. 

Кері байланыс ішкі жəне сыртқы болып ажыратылады. Ішкі кері 



байланыс  бұлшық  ет,  жүрек  жəне  организмнің  басқа  жүйелерінің 

жұмысы сипаты туралы, ал сыртқы кері байланыс сыртқы ортадан 

əрекет туралы (лақтыру дəлдігі, футболдағы доптың қозғалу бағыты, 

күресте қарсыластың дене күйінің өзгерісі, т.б. сияқты) хабар беріп 

отырады. 

Дене  жаттығуларын  орындау  кезінде  ішкі  кері  байланыстар 

қозғалыс  (пропиоцептивтік),  вестибулярлық  жəне  интероцептивтік 

сенсорлы жүйелер арқылы, ал сыртқы кері байланыс көру, есту жəне 

тактильді (жанасу) сезім мүшелері арқылы орындалады. 

Қозғалыс  техникасын  жетілдіру  үшін  жаттығуды  бақылап 

тұрған жаттықтырушы немесе басқа тұлғалардан алынған қосымша 

ақпараттың  айтарлықтай  мəні  бар.  Қазіргі  кезде  бақылаудан 

басқа  қозғалыс  актісінің  кеңістіктік  жəне  уақыттық  параметрлерін 

бағалауға  мүмкіндік  беретін  түрлі  аспаптық  техника,  гензометрия, 

электромиография, кино, бейнежазбалар, т.б. кең қолданылады.

В. С.  Фарфель бойынша алынған мəліметтер «жедел» болса, яғни 

қозғалыс техникасын арттыру үшін тікелей жаттығуларды орындау 

барысында  немесе  оны  келесі  қайталау  кезінде  қолданылса,  осы 

мəліметтер ерекше құндылыққа ие. 

Жоғарыда  қарастырылған  қозғалыс  дағдысының  қалыптасу 

ерекшеліктері  ерікті  қозғалыстардың  рефлекстік  табиғатын  жоққа 

шығармайды.  И.  М.  Сеченов  негізін  салғаннан  кейін  И.  П.  Пав-

лов  пен  оның  шəкірттері  дəлелдеген  рефлекстік  теорияның  негізгі 

заңдылықтары өз күшін жоймаумен қатар жəне автоматты (дағдылы 

əрекеттенген)  ерікті  қозғалыстар  кезіндегі  орталық  жəне  орындау-

шы мүшелер арасында өзара байланысты зерттеу жұмыстарында да 

расталып дəлелдене түсуде.



Орталық жүйке жүйесіндегі қозғалысты бағдарламалаудағы 

афференттік жəне басқа факторлардың интеграциясы. Қозғалыс 

актісі даярлықтың жəне орындалудың барлық кезеңдерінде орталық 

жүйке жүйесіндегі афферентті жəне т.б. факторлардың интеграция-

сымен байланысты болады.

Бұл тұрғыда П. К. Анохин: 

1. Мотивация;

2. Ес (Зерде);



143

3. Жағдайлық афферентация;

4.  Қозғағыш  афферентация  сияқты 4 негізгі  факторларды  атап 

көрсетеді (36-сурет).

Адамдардың  еңбек  жəне  спорттық  əрекеттерінде,  əсіресе 

түрлі  əлеуметік  мотивациялардың  маңызы  зор.  Жүйке  жүйесінде 

қалдырған  іздерінің  (ес)  салдарынан  бұрынғы  тəжірибе  кез  келген 

жағдайды  бағалауда  күшті  ықпал  жасайды.  Интеграция  үдерісінде 

орта  жағдайы  туралы  ақпараттың  (жағдайлық  афферентацияның

маңызы  зор.  Қоршаған  ортадан  жəне  организм  қызметінің  əртүрлі 

күйі туралы түсетін ақпараттардың ОЖЖ-де түрлі əсерлерді дұрыс 

бағдарламалаудың  маңызды  бөлімі  болып  табылатындығы  күмəн 

келтірмейді. 

36-сурет. Гомеостаз рецепторлары арқылы ішкі қажеттілік өзгерістері 

туралы сигнал беру мен афференттік синтез негізінде мінез-құлықтық ре-

акциясы қалыптасуы сызбанұсқасы (П. К. Анохин бойынша):

ҚА – Қозғағыш афференттік сигнал;

ЖА – Жағдай афференттік сигналы;

1 – шешім қабылдау;

2 – эфференттік қозу;

3 – мінез-құлық нəтижесі;

4 – нəтиже көрсеткіштері;

5 – əрекет нəтижесін салыстырушы – акцептор;

6 – метаболизмдік өзгерістер;

7 – гомеостаз өзгерістері;

8 – гомеостаз рецепторлары 



144

Сондай-ақ  спорт  түрлеріне  байланысты  жарысты  бастайтын 

(қозғағыш  афферентацияның)  ату,  ысқырық  дауысы,  жалаушаның 

түсуі,  команда,  т.б.  сигналдардың  маңызы  зор.  Дегенмен,  жауап 

беретін қозғалыс актілерін талап ететін көптеген жарыстың баста-

луын  білдіретін  тітіркендіргіштер  күрделі  болып  келеді.  Олар  тек 

жалғыз сигнал ғана емес, белгілі бір сипаттағы жағдайды да білдіреді. 

Бұл əрқашан афференттік синтезді өте қиындатады. Мысалы, жекпе-

жектің  жəне  спорттық  ойындардың  əртүрлерінде  жаңа  əрекетті 

бірнеше  рет  бастау  керек.  Сан  алуан  дене  жаттығуларын  орындау 

кезінде кері байланыс көмегімен ішкі жəне сыртқы ортадан алынған 

ақпараттардың  өзіне  тəн  ерекшеліктері  болады.  Қозғалыс  əрекетін 



баяу  орындау  кезінде  кері  байланыстар  сол  қозғалыстың  немесе 

қандай  да  бір  оның  фазасын  түзетуге  мүмкіндік  береді.  Тез  орын-

далатын күрделі көп фазалы қозғалыстар (мысалы, гимнастикалық 

жаттығулар) кезінде кері байланыс уақыт тапшылығына байланыс-

ты  ағымдағы  түзетуде  көп  рөл  атқармайды.  Өте  қысқа  уақыттық 

қозғалыстарда (соның ішінде лақтыру, тастау сияқты баллистикалық 

қозғалыстарда) кері байланыс арқылы тек оны қайталау кезінде ғана 

қозғалыс актісінің түзетілуі мүмкін.



Қозғалыс актісін орындаушы мүшелердің күйіне байланыс-

ты  бағдарламалау.  Ес,  орта  жағдайы  жəне  жарыстың  басталуы 

туралы  қозғағыш  ақпараттар  сияқты  факторлардың  интеграциясы 

мен орталық жəне шеткі орындаушы мүшелердің функциялық күйі 

күрделі қозғалыстарды бағдарламалаудың негізі болып табылады.

Эксперименттік  зерттеулер  шартсыз  қимыл  рефлекстерінің 

тіпті,  кері  байланыстар  болмаса  да  толық  жүзеге  асыралатынын 

көрсетті.  Сонымен  қатар  берік  қалыптасқан  қарапайым  шартты-

рефлекстік  қозғалыстар  қимыл  сенсорлық  жүйелермен  іске  асы-

рылатын  кері  байланыстар  қатыспаса  да  орындалуы  мүмкін.  Де-

мек,  бұрын  жақсы  бекітілген  бағдарламалар  бұл  қозғалыстарды 

сенсорлық коррекциясыз іске асыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы 

жағдайларда  жаңа  қозғалыстардың  түзілуі  төтенше  қиын  болып 

келеді.  Күрделілігі  жəне  дəлдігі  жоғары  дəрежемен  сипатталатын 

қозғалыс бағдарламаларының (бұған көптеген спорттық жаттығулар 

кіреді) коррекциясыз кері байланыс жолымен толығымен іске асы-

рылуы мүмкін емес. Яғни, фазалардың үнемі алмасуымен сипатта-

латын күрделі қозғалыстарды бағдарламалау қозғалыс аппараты мен 

түрлі вегетативтік жүйелердің күйі туралы ОЖЖ-не міндетті сигнал 

беруді талап етеді.



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау