145
Қозғалыстарды өзінің қиындығы бойынша бағдарламалау əр
спорт түрінде біркелкі емес. Бұл алдымен, қозғалыс əрекетінің
күрделілігі дəрежесімен, екіншіден, оның жаңалық дəрежесімен,
үшіншіден, бағдарламалаудағы уақыт ұзақтығымен байланыс-
ты. Егер қозғалыс бұрын көп рет орындалса жəне дағды жақсы
меңгерілсе, онда тіпті, күрделі актілерді (мысалы, гимнастикада,
лақтыру кезінде) қайталама бағдарламалау салыстырмалы жеңіл
өтеді. Жаңа қозғалыстар кезінде, мысалы, спорттық ойындар мен
жекпе-жектерде бағдарламалау үдерісі неғұрлым қиын болады.
Қозғалысты орындау тиімділігі бұлшық еттер мен олардың
қызметін қамтамасыз ететін вегетативтік мүшелердің қызметтік
мүмкіндіктерімен қозғалыс бағдарламасының сəйкес келуін та-
лап етеді. Бағдарлама мен қозғалыстардың іс жүзінде орындалуы
арасындағы келісімсіздік əсіресе, шеткі орындаушы мүшелердің
(бұлшық ет, бездер, кардиореспираторлық жəне т.б. организм
жүйелері) күйінің өзгерістері кезінде күшейе түседі. Шеткі
мүшелердің, соның ішінде бұлшық еттің қызметтік мүмкіндіктері
үнемі өзгерісте болады. Бұл жүйке орталықтарына лайықты
қажетті ақпараттардың өз уақытында түсіп отыруын талап етеді.
Сонда ғана жүйке жүйесі қозғалыс міндеттерінің тиімді орын-
далуын қамтамасыз ететін толық бағдарлама құра алады. Кейбір
жағдайларда жаттығулардың орындалуының жеткіліксіз тиімділігі
шеткі ақпараттардың, соның ішінде бұлшық ет күйі туралы ОЖЖ-
де бағдарламалаудың сəйкес келмеуінен де болуы мүмкін.
Биіктен секіру, сырықпен секіру, ауырлық көтеру сияқты
жаттығуларда жоғары нəтижелерге бірінші ретте емес, бірнеше рет
қайталап орындаған соң жетеді. Бұл бір жағынан, бастапқы жеңілдеу
міндеттерді шешу уақытында (төмен биіктікте, аз салмақта) жүйке
жүйесінің шеткі бұлшық ет аппаратының іс жүзіндегі күйі туралы
нақты ақпарат алуымен байланысты. Сондықтан кез келген күрделі
координациялы жаттығуларды орындау алдында арнайы бой жазу
жүйке орталықтарының орындаушы қозғалыс аппаратының күйі ту-
ралы қосымша ақпарат алуын қамтамасыз етеді.
Қозғалыс дағдыларын бағдарламалы үйрету принциптері
Үйретудің бағдарламалы түрінде:
1. Үйрету бағдарламасының болуы;
146
2. Үйретуді этаптарға бөлу;
3. Оперативті (жедел) бақылау жəне шұғылданушының жеке-
дара ерекшеліктеріне байланысты оқытудың сандық жəне сапалық
тұстарының өзгеру мүмкіндігі сияқты жетекші бөлімдерді бөліп
көрсетуге болады.
Бағдарламалы үйретудің негізін салушы Б. Скиннер 3 негізгі
принципін ұсынған. Сызықтық принципі бойынша егер келесі əр
операция алдыңғы операция толық, қатесіз орындалған соң орында-
латын болса, үйрену соғұрлым тиімді болады. Қозғалыстың күрделі
формаларын бағдарламалы үйретуде бұл принциптің мүмкін емес
болуы ықтимал.
Тармақталған бағдарламалау бойынша күрделі қозғалыстың
қанағаттанарлықтай
дəрежеде
орындалуына
жаттығудың
құрылымдық жəне биомеханикалық тұтастығының сақталуы
кезінде жету мүмкін болады. Тұтас қозғалыстарды орындау бары-
сында қателіксіз мүмкін емес болғандықтан, бағдарламада оларды
жою да қарастырылған. Жаттығу қатесіз орындалған жағдайларда
соңғы нəтижеге жету жолы қысқарады.
Аралас бағдарламалауда оқушының оқылатын материалға
бейімделу элементтері ескеріледі. Меңгеру үдерісі қате туындама-
ғанға дейін сызықтық бағдарламасы бойынша жүреді. Туындаған
қате тармақталған бағдарламалау əдісі бойынша бейімделудің жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отыра түзетіледі.
Сонымен қатар қозғалыстарды орындауда табыстарға жету
жағымды эмоциялық күйлермен қатар жүреді. Ал қозғалыс
дағдысының табысты орындалмауы керісінше, жағымсыз эмо-
цияларды тудырады. Жағымды эмоциялармен орындалған дене
жаттығуларының тез меңгеріліп əрі берік бекітілуі осының салда-
рынан болады. Олар жетекші эмоция жəне жағдайлық эмоция бо-
лып бөлінеді. Жетекші эмоция мұқтаждықтың пайда болуымен не-
месе күшеюімен байланысты. Бұл эмоциялық əсерленушіліктің
сапасы мен өзгешелігі, оны туғызған мұқтаждықтың түрлері жəне
ерекшеліктерімен байланысты. Жағдайлық эмоция мақсатты
жүзеге асырушы іс-қимылды, нақтылы жетістіктерді күтіп
отырған нəтижемен салыстырудан шығады. Осыған байланыс-
ты эмоциялық əсерленушілік жағымсыз немесе жағымды болуы
ықтимал. Жағымсыз эмоциялар дағдының вегетативтік бөлімдерінің
айтарлықтай күштенуін тудырады. Нəтижесінде ішкі мүшелер
147
қызметінің бұзылулары, вегетативтік невроздар пайда болуы мүмкін.
Сонымен қатар эмоциялық тонус жоғарылауының төзімділіктің,
максималды күш пен жылдамдықтың (шапшаңдықтың) көрінуіне
ықпал жасайтыны белгілі.
Қозғалыс есі (зердесі)
Жүйке үдерістері бір жағынан, орталық жүйке жүйесіне сезім
мүшелері арқылы афференттік импульстардың белгілі комплекстері
мен орындаушы мүшелерге эфференттік жүйкелер арқылы
импульстардың арнайы комплекстерінің жіберілуімен байланысты
еске қалдыру кезінде сыртқы жəне ішкі орта əсерлерінің ми нейрон-
дарында із жазбасын (энграммасын) қалдырады.
Ес (зерде) дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код («қойма») түрінде
сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін
өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Бұл «қойманың» ішінде басқа да
ақпарат түрлерімен қатар əртүрлі дене жаттығуларын орындау тех-
никасымен байланысты бұлшық еттерді үйлесімді (координациялы)
басқару бағдарламасы арқылы қалыптасқан ақпараттар да бар.
Дене жаттығуларын орындау үшін бұлшық еттердің жиырылуын
басқару бағдарламасын есте сақтаудың маңызы зор.
Еспен байланысты жүйке үдерістері əрқайсының өзіндік маңызы
бар:
1. Түрлі сезім мүшелерінен түскен ақпараттарды қабылдау;
2. Осы ақпаратты өңдеу жəне талқылау (синтездеу);
3. Өңделген ақпарат нəтижелерін бекіту (сақтау);
4. Қажет ақпаратты мезгілінде қайта жаңғырту (еске түсіру);
5. Жауап реакцияларын бағдарламалау сияқты бірнеше
бөлімдерден тұрады.
Кейбір кездерде спортшыларда қажетті ақпаратты еске түсіру
уақытша қиынға соғады. Бұл жағдайлар жүйке жүйесінің қалыпты
қызметін бұзатын факторлар мен жағымсыз эмоциялардың əсері
кезінде байқалады. Осының салдарынан дене жаттығуларын орын-
дау қиынға түседі.
Қозғалыс актілерінің түрлі көрсеткіштері бірдей есте сақталып,
еске түсірілмейді. Ол қабылданған ақпараттың мөлшері мен
ерекшелігіне байланысты. Мысалы, күштік ширығу статикалық
Достарыңызбен бөлісу: |