Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет42/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168

133

əртүрлі  бастапқы  жағдайда  тұрып  тебе  алады.  Осындай  əр    алуан 

қозғалыс  міндеттері  тəсілдердің  салыстырмалы  шектеулі  санын 

үйретуден соң экстраполяция арқасында шешіледі. 

Қимыл  актілерін  меңгерудегі  адамның  экстраполяция  қабілеті 

біраз  дəрежеде  ғана  тұқым  қуалайтын  ақпарат  негізінде  пайда 

болған.  Бұл  ретте  уақытша  байланыстың  қалыптасуының  маңызы 

зор.  Қозғалыс  əрекетін  біркелкі  орындау  кезінде  экстраполяция 

мүмкіндігі төмендесе, ал əркелкі орындау барысында бұл мүмкіндік 

кеңейеді. Сондықтан тек спорттық ойындар мен жекпе-жектерде ғана 

емес,  циклдік  қозғалыстар  кезінде  де  жаттықтыру  (жылдамдығы, 

ұзақтығы, салмақтары бойынша) түрліше өткізілуі қажет.

Экстраполяция  диапазоны  үнемі  біршама  шектелген.  Мəселен, 

футболист  меңгерген  дағдылар  экстраполяция  жолымен  күрескер 

немесе  боксшылардың  (жəне  керісінше)  тəсілдерін  орындау  үшін 

қолданылмайды. Сондықтан экстраполяцияны даярлық жаттығулары 

кешендерін таңдауда ескеру керек. Бұл кешен негізгі жаттығуларды 

меңгеруге жағымды ықпал ететін жаттығуларды қамту қажет. Егер 

бірнеше  көмекші  жаттығулар  экстраполяция  механизмі  бойынша 

бірдей  нəтиже  берсе,  онда  олардың  санын  кеміткен  жөн.  Даярлық 

жаттығуларын таңдауда экстраполяция механизмі бойынша қозғалыс 

əрекеттерін қамтамасыз ететін вегетативтік қызметтің (қан айналу, 

тыныс  алу,  т.б.)  дамуына  ықпал  ететін  əсерлерді  əрқашан  ескеру 

қажет.


Қимыл  дағдысының  қалыптасу  кезеңдері.  Н.  В.  Зимкин 

бойынша  қимыл  дағдысының  қалыптасуы  келесідей  көп  сатылы 

үдерістерден тұрады.

1-кезеңде артық бұлшық еттерді жұмысқа тарту жəне жауап реак-

цияларын  генерализациялаумен  (жалпыламалаумен)  қатар  жүретін 

жүйке  үдерістерінің  иррадиациясы  немесе  таратылуы  байқалады. 

Бұл кезеңде бөлек жеке əрекеттердің тұтас акт түзуі басталады.

2-кезеңде  жүйке  үдерістерінің  концентрациясы  немесе 

жинақталуы,  координацияның  (үйлесімділіктің)  артуы,  артық 

бұлшық  ет  ширығуын  жою  жəне  стереотипті  қозғалыстардың 

қалыптасуының неғұрлым жоғары дəрежесі байқалады.

3-кезеңде дағды тұрақтанады жəне одан əрі қозғалыс координа-

циясы мен автоматизациясы (дағдылы əрекеттенуі) жетіле түседі.

Кейбір жағдайларда бұл кезеңдердің бірінің болмауы мүмкін. Бұл 

бұлшық  ет  жұмысының  күрделілік  жəне  қуаттылық  дəрежесімен, 



134

қозғалыс 

аппаратының 

бастапқы 

күйімен, 

спортшының 

біліктілігімен,  т.б.  көптеген  факторлармен  байланысты.  Жоғарыда 

айтылғандай,  жаңа  күрделі  қозғалыстар  пайда  болған  координа-

ция  фонында  қалыптасады.  Сол  себепті  мысалы,  гимнастикалық 

жаттығуларды  үйрету  жаңадан  бастаған,  біліктілігі  орташа 

дəрежедегі  спортшылар  мен  спорт  шеберлерінде  түрліше  өтеді. 

Біліктілігі  жоғары  дəрежелі  спортшыларда  жаттығуларды  үйрету 

бұрын жүре пайда болған дағдылар мен экстраполяция қабілетінің 

арқасында бірінші, тіпті, екінші кезеңдерсіз де өтуі мүмкін.



Ерікті қозғалыстардың қалыптасуындағы шартсыз тонустық 

рефлекстердің маңызы

Туа  пайда  болған  қозғалыс  рефлекстері  қалыпты  дене  қалпын, 

кеңістікте  тепе-теңдікті  сақтауды  қамтамасыз  етеді.  Тонустық 

рефлекстер  статикалық  (қозғалыссыз)  жəне  статокинетикалық 

(қозғалыс-қимылдық) деп екіге бөлінеді. 

Туа  пайда  болған  статикалық  рефлекстерге  дененің  белгілі 

қалпын сақтау жəне нұсқаушы немесе қалпына келтіруші рефлекс-

тер жатады. Кеңістікте белгілі дене қалпын сақтайтын рефлекске 

егер дене қалпын түрлі жағдайларға байланысты өзгертсе, оны қайта 

орнына келтіретін мойын-тонустық жəне лабиринт рефлекстері жа-

тады.  Вестибулярлық  (тепе-теңдік)  аппараты  бұзылса,  бұл  реф-

лекстер  жойылады.  Бірақ  қызметі  жойылған  рецепторлардың  ор-

нын  көру  рецепторлары  басып,  тонустық  рефлекстерді  сақтауы 

мүмкін. Вестибулярлық рецепторы бұзылған адамдар көзін жұмса, 

кеңістікте тепе-теңдігін сақтай алмайды. Бұл тəжірибеден тонустық 

рефлекстердің тууына көру рецепторларының да қатысы барын көр-

сетеді. Басты бұру кезінде вестибулярлық аппарат рецепторларында 

қозудың  туындауы  салдарынан  бұрылған  жақтағы  мойын  бұлшық 

еттерінің  тонусының  рефлексті  жоғарылауына  əкеліп,  нəтижесінде 

бас  бөліміне  қатысты  тұлғаның  қалпына  келуін  қамтамасыз  етеді. 

Бұл айналдыру қозғалыстарымен байланысты (балға жəне табақша 

лақтыру, акробатикалық жəне гимнастикалық жаттығулар) көптеген 

спорттық жаттығуларды тиімді орындауда үлкен рөл атқарады. 

Нұсқаушы немесе қалпына келтіруші рефлекс – дене өз қалпында 

болмаған  жағдайда  оны  өз  табиғи  күйіне,  яғни  теріс  қараған  дене 

қалпын оңға қарату рефлекстері. Мысалы, кеудені түзету.



135

Статокинетикалық  рефлекстерге  дененің  ілгері-алға  қарай 

немесе  тіке  жоғарыдан  төмен  не  төменнен  жоғары  қарай  не  шыр 

айналдыру  қимылдары  барысында  жəне  қимыл  шапшаңдығының 

өзгеруінен  пайда  болатын,  сөйтіп  кеңістікте  дене  қалпын  жəне 

тепе-теңдікті  сақтайтын  тонустық  рефлекстер  жатады.  Шыр  айна-

лып  қозғалғанда  ортаңғы  жарғақты  арнадағы  эндолимфаның  ара-

ласуынан  вестибулярлық  рецепторлар  қозады.  Орталыққа  тепкіш 

импульстар  сопақша  мидың  вестибулярлық  ядросына  келіп  ай-

налу  қозғалыстары  кезінде  бас  пен  көздің  рефлекстік  өзгерістерін 

туғызады. 



Шыр  айналу  рефлексі  адамды  əдейі  жасалған  Барани  кресло-

орындығына,  не  центрифугада  айналдырғанда  пайда  болады. 

Адамның басы біртіндеп қимыл бағытына қарама-қарсы жаққа қарай 

бұрылып, тез қайта орнына келеді, ал көз алмасы бастың бұрылған 

жағынан  кейін  қарай  қозғалып,  ол  да  тез  қалыпты  орнына  келеді. 

Бұл қимылды нистагм-ырғақты қимыл деп атайды. 



Лифт  рефлексі  дененің  тез  жоғары  көтерілуінен  не  төмен 

түсуінен  пайда  болады.  Жануарды  тез  жоғары  көтерсе,  оның 

сирақтары тізе буындарынан бүгіледі, басын ішіне тартады, ал тез 

төмен түсірсе, сирақтары буындарынан жазылады, мойны созылып 

ұзарады. Адамда лифт кабинасымен жоғары көтерілгенде бүгілу, ал 

лифт тоқтағанда кеуде мен аяқтардың жазылуы байқалады.

Ерікті қозғалыстардың түрлеріне сонымен қатар туа пайда болған 

бүгу,  итеру  жəне  ырғақтық  қозғалыс  рефлекстері  де  қатысады. 

Ырғақтық  рефлекстерге  қасу  жəне  қадымдау  рефлекстері  жатады. 

Бұл рефлекс жаяу жүру, жүзу жəне т.б. циклдік жаттығулар сияқты 

күрделі қозғалыстардың (локомоциялардың) негізін құрайды. Дене 

жаттығуларын  орындау  туа  пайда  болған  қозғалыс  рефлекстерінің 

үнемі  коррекциялануымен  қатар  жүреді.  Орталық  реттеуші  ықпал 

ерікті  қозғалыстардың  сипатына  сəйкес  бұлшық  ет  тонусын 

қамтамасыз етеді.

Спорттық əрекет организм мен ортаның өзара əсерінің үздіксіз 

өзгерістерімен байланысты. Қоршаған ортаның өзгермелі жағдайла-

ры кезінде (мысалы, ойын алаңында) дене жаттығуларын орындаудың 

күрделі техникасын меңгеру осындай өзара əсердің мысалы болып 

табылады. Жаттығуларды тиімді орындауға мүмкіндік беретін нақты 

дифференцияның  (ажыратудың)  өңделуі  ми  қыртысының  анализ 

(талдау) жəне синтез (талқылау) қызметтерінің нəтижесі болып са-



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау