Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет44/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   168

139

шаршыларда  қозғалыс  жиілігінің  артуы)  төмендеуі  бабына  ену 

үдерістерінің  баяулығын  дəлелдейді.  Бұл  тест  акробатика,  семсер-

лесу, спорттық ойындар мен басқа спорт түрлерінде қолданылады. 



Дағдының  тұрақтылығы  жəне  оның  сақталу  ұзақтығы

Қозғалыс  дағдылары  басқа  да  уақытша  байланыстың  көріністері 

сияқты  басында  тұрақтылығы  жеткіліксіз  болып,  кейін  біртіндеп 

неғұрлым  тұрақты  бола  бастайды.  Олар  неғұрлым  өздерінің 

құрылымы  бойынша  қарапайым  болған  сайын  берік  болады. 

Күрделі  үйлесімділіктен  тұратын  дағдылар  соғұрлым  тұрақсыздау 

болып келеді. Осы себепті тіпті, жоғары білікті спортшыға күрделі 

қозғалыстарды қайталау кезінде өзінің жоғары нəтижелерін əр рет 

сайын  көрсету  оңайға  түспейді.  Егер  жаттығудың  сапалы  орын-

далуына  себепші  қандай  да  бір  фактордың  толықтау  болмаған 

жағдайының  өзінде  нəтиже  төмендейді.  Дағдының  тұрақтылығын 

төмендететін факторларға жүйке жүйесінің жалпы күйінің нашарла-

уы (мысалы, қажу кезінде), гипоксия, белдеу сағатының айтарлықтай 

өзгерістеріне бейімделудің жеткіліксіздігі, күшті қарсыласының ал-

дында өзіне деген сенімсіздігі, т.б. жатады. Бұл ретте жүйке жүйесі 

типтерінің айтарлықтай мəні бар. 

Жүйелі жаттықтыру тоқталған соң дағды жоғала бастайды. Бірақ 

бұл  оның  түрлі  бөлімдерінде  əртүрлі  көрінеді.  Неғұрлым  күрделі 

қозғалыс бөлімдері тіпті, бірнеше күндік үзілістің өзінде де нашар-

лай бастауы мүмкін. Ал ұзақ уақыттық үзілістер (апта, ай) кезінде 

соғұрлым дағды тез жоғала бастайды. Сондықтан жоғары нəтижелі 

жетістіктерге жету үшін жаттықтыру жүйелі əрі ұзақ уақыттық ин-

тервалсыз  жүргізілуі  қажет.  Дағдының  күрделі  емес  бөлімдері  ай-

лар, жылдар жəне ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін. Мысалы, 

жүзумен айналысқан, коньки немесе велосипед теуіп үйренген адам-

дарда осы қарапайым түрдегі дағдылар тіпті, ұзақ уақыттық интер-

валдардан кейін де сақталатыны белгілі.

Қан айналу, тыныс алу жəне т.б. қызметтердің реттелуімен байла-

нысты  дағдының  вегетативтік  бөлімдерінің  қозғалыс  бөлімдерінен 

көптеген  айырмашылықтары  бар.  Бір  жұмыс  түрін  басқа  əрекет 

түріне  қысқа  мерзімде  ауыстыру  кезінде  қозғалыс  бөлімдеріне 

қарағанда  вегетативтік  бөлімдер  баялау  құрылады.  Ұзақ  үзілістер 

(айлар,  əсіресе,  жылдар)  кезінде  дағдының  вегетативтік  бөлімдері 

қозғалыс бөлімдеріне қарағанда толығымен өшуі мүмкін. 




140

Қозғалыс  дағдыларының  қалыптасуындағы  бұлшық  ет 

қызметінің  сипаттамасы.  Қозғалыс  дағдысының  қалыптасуы 

кезіндегі бұлшық ет қызметінің ерекшеліктерін бірнеше бұлшық ет 

биопотенциалдарын бір уақытта тіркей отырып жазылатын электро-

миография мəліметтері бойынша бақылауға болады (35-сурет). 

Спорттық  дағдының  қалыптасуының  бастапқы  сатыларын-

да  биопотенциалдардың  тек  сол  қозғалыс  əрекетін  жүзеге  асыруға 

қажетті  бұлшық  еттермен  бірге  «артық»  бұлшық  еттерде  де 

тіркелетіні  айтылып  өткен  болатын.  Бұл  жүйке  орталықтарындағы 

иррадиация құбылыстарымен байланысты. Дағдының бекуіне бай-

ланысты иррадиацияның шектелуі жүреді, ал дағдының толығымен 

қалыптасуы кезінде ол тек үйреншікті емес жағдайларда ғана, мы-

салы, бөтен күшті тітіркендіргіштердің əсер етуі мен қажу кезінде 

байқалады.

Циклдік  қозғалыстарда  дағдының  жетілуі  нəтижесінде  бұлшық 



ет  белсенділігі  кезеңдерінің  ұзақтығы  өзгереді.  Дағдының 

қалыптасуының  алғашқы  сатыларында  тиісті  бұлшық  еттердің 

электрлік белсенділігі тек қозғалыстың белсенді фазалары уақытында 

ғана  емес,  олардың  арасындағы  интервалдар  да  байқалады.  Əрі 

қарай электромиографиялық секірмелер қысқа болады. 

35-сурет. Антагонист бұлшық еттердің электромиограммасы 

(Р. С. Персон бойынша):

1 – иықтың үшбасты бұлшық еті; 

2 – иықтың екібасты бұлшық еті;

А – жаттықпаған адамдарда;

Ə – жаттыққан адамдарда

Дағдының  қалыптасу  үдерісінде  антагонист-бұлшық  еттер 

арасындағы  өзара  қарым-қатынастың  өзгеруі  көрініс  береді. 

Үйретудің  бастапқы  кезінде  олардың  биоэлектрлік  белсенділігі 




141

бір  уақытта  көрініс  берсе,  салыстырмалы  баяу  қозғалыстарда 

олардың  арасында  реципроктылық  (ілеспелілік)  байқалады  жəне 

биоэлектрлік  белсенділік  кезекпен  туындай  бастайды.  Деген-

мен,  тіпті,  қалыптасқан  дағдының  кезінде  де  реципроктылық  аго-

нист  жиырылуы  кезінде  антагонист  белсенділігінің  төмендеуінде 

ғана  көрініп  толық  айқындалмауы  мүмкін.  Мұнда  қозғалыс  темпі 

неғұрлым жылдам болған сайын, соғұрлым агонисттің биоэлектрлік 

белсенділігі бір мезгілдегі антагонист белсенділігімен үйлеседі. 

Кейбір жағдайларда антагонист-бұлшық еттердің бір мезгілдегі 

əрекеті  сол  қозғалыс  дағдысы  жетілуінің  жоғары  дəрежесі  кезінде 

байқалатын  координацияның  ерекше  түрі  ретінде  көрінеді.  Соның 

ішінде  бұл  дене  буындарының  бірқалыпты  ауысуын  қажет  ететін 

баяу қозғалыстарда, мысалы, атқыштардағы шүріппені басу кезінде 

орын алған.

Əртүрлі тұлғаларда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезінде 

түрлі  бұлшық  ет  қозғалысына  қатысу  дəрежесін  айғақтайтын 

биоэлектрлік белсенділік бірдей жүрмейді. Бұл тура сол қозғалыстың 

жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттер  қызметтерінің  бірнеше  ерекше 

үйлесімде орындалуымен түсіндіріледі. 

Осыған 

орай 


біліктіліктері 

бірдей 


спортшылардың 

биоэлектрлік  белсенділіктерінің  ортақ  қасиеттерімен  бірге  мəнді 

айырмашылықтарының да болуы мүмкін. 

Афференттіліктің қозғалыс дағдыларының қалыптасуы мен 

сақталуындағы маңызы

Қозғалыс актілері қалыптасуының жəне оны басқарудағы күрделі 

жүйкелік  механизмінде  сыртқы  ортадан  жəне  организм  жүйелері 

мен түрлі дене бөлімдерінен алынған ақпараттың орны зор. 



Кері  байланыс  жəне  оның  қозғалыс  техникасының 

қалыптасуы  мен  жетілуіндегі  маңызы.  Жүйке  жүйесі  қандай  да 

бір  əрекетті  қозғалыс  жəне  вегетативтік  жүйкелер  арқылы  туды-

ра  отырып,  кері  байланыстың  болуының  арқасында  басқарылған 

мүшелерден  (бұлшық  ет,  жүрек-тамыр  жүйесі  жəне  т.б.),  сонымен 

қатар сыртқы ортадан атқарылған əсер туралы ақпаратты сол сəтте-

ақ ала бастайды. Н. А. Бернштейн бойынша кері байланыс сигнал-

дары қозғалыс корреляциясының маңызды факторы болып табыла-



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау