Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет39/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   168

124

дене  жүктемелері  қосылуға  тиіс.  Мұндай  жағдайда  жұмысқа 

кіріскен  бұлшық  еттердің  рецепторлары  жүйке  орталығына  им-

пульстер  жіберіп,  оларды  қоздырады.  Ал  қозу  толқыны  жайылған 

ми  қыртысының  аймақтары  индукция  заңына  сəйкес  теже-

лу  үдерістерін  жаңғыртады,  сөйтіп  қайта  қалыптасу  жақсарады, 

олардың қозғыштық қасиеті артады.

Тынығуды белсендіру іс-əрекет түрлерін өзгерту мен өндірістік 

гимнастика  арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Жұмысқа  қабілеттілікті 

жоғары  деңгейде  сақтау  мен  денсаулықты  нығайту  үшін  үнемі 

дұрыс  қолданылатын  өндірістік  гимнастика  көп  пайдалы  болады. 

Ол əсіресе, аз қимылдайтын жұмыстарда, ақыл-ой еңбектерінде өте 

тиімді.

Ал  жүйкеге  тиетін  жəне  зор  зейінді  талап  ететін  жұмыстарда, 



саусақтың  жоғары  ырғақты,  дəлме-дəл,  ұсақ  қимылдарында, 

бірсарынды істерде жиі жəне қысқа (5-10 мин) үзілістер енгізілу ке-

рек.  Өте  қатты  қажытатын  жұмыстарда  үзілістер  жиі  жəне  ұзаққа 

созылуы  тиіс.  Жұмыстың  статикалық  түрлерін  динамикалық 

түрлеріне, қол еңбегін ой еңбегіне алмастырып отыру қажет. Жұмыс 

қабілеттілікті  көтеру  үшін  қолайлы  гигиеналық,  эргономикалық 

жəне психологиялық жағдайлар толық жасалуы керек. Бұл шаралар 

организмнің апталық немесе тəуліктік физиологиялық ырғақтарына 

сəйкес  ұйымдастырылуға  тиіс.  Активті  тынығудың  оң  əсері  тек 

жұмысқа  басқа  бұлшық  ет  топтарының  қайта  қосылуы  кезінде 

ғана  емес,  сол  жұмыстың  өзін  азырақ  қарқындылықпен  орындау 

кезінде  де  көрінеді.  Мысалы,  жоғары  жылдамдықпен  жүгіруден 

жортақтап  жүгіруге  ауысса,  неғұрлым  тезірек  қалпына  келу  үшін 

тиімді  болады.  Пассивті  тынығу  кезіне  қарағанда,  активті  тынығу 

кезінде, яғни төмен қуаттылықты жұмыс жағдайында сүт қышқылы 

қаннан тезірек жойылады. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда 

жұмыс соңында немесе жарыстан кейін орындалатын жоғары емес 

қуаттылықты аяқтау жұмысының оң əсері активті тынығу феномені 

көрінісі  болып  табылады.  Активті  тынығу  спорт  практикасында 

бұлшық ет жұмысының бір түрінің басқаға, қарқынды жүктеменің 

аз қарқынды жүктемеге ауысуы ретінде қолданады. Активті тынығу 

ретінде оптималды қарқынды жаттығулар ұсынылуы мүмкін. Деген-

мен, ұзақ бірсарынды (монотонды) жұмыстардан қажу кезінде қысқа 

мерзімдік  қысқа  жаттығулар  неғұрлым  тиімдірек  болады.  Спорт-

шылар  жаттығулар  арасында  активті  үзілістермен  қатар  пассивті 



125

тынығу да қолданады. Жарыстың үзіліс кездерінде кейбір спортшы-

лар аутогендік жаттығу жəне қысқа мерзімдік ұйқыны қолдана оты-

рып толығымен қалпына келуге үлгереді. Активті тынығу əдістерін 

қолдану  бойынша  тəжірибелік  ұсыныстар  беруде  спортшылар-

да  активті  жəне  пассивті  тынығу  түрлерін  кезектестіре  отырып, 

қалпына  келу  үдерістері  өтуінің  жеке-дара  ерекшеліктерін  ескеру 

қажет. 


Қазіргі  кезде  спорт  жəне  еңбек  физиологиясында  адамның 

əртүрлі  функциялық  күйін  жəне  сырқатқа  шалдығуын  болжау  өте 

маңызды орын алады. Əсіресе, бұл организм мен қоршаған ортаның 

арақатынасы  өзгергенде,  төтенше  факторлар  əсер  еткенде,  еңбек 

жəне  жаттықтыру  жүктемелерінен  кейінгі  қажу  пайда  болғанда 

қолданылады. 

Организмнің 

əртүрлі 


функциялық 

күйі 


вегетативтік 

(энергиялық),  соматикалық  немесе  бұлшық  ет  (орындаушы)  жəне 

психофизиологиялық  (меңгеруші)  жүйелер  арқылы  анықталады                

(П. К. Анохин, В. И. Медведев).

Қызметтердің  энергиялық  деңгейін  ішкі  мүшелердің  (жүрек-

тамыр,  тыныс,  эндокриндік,  қан  жүйесі,  т.б.)  қызметі  арқылы 

бағалайды.  Оның  орындаушы  деңгейін  рефлексометрия  əдісімен 

бұлшық  ет  пен  орталық  жүйке  жүйесінің  психомоторлық 

көрсеткіштері  арқылы  бағалайды.  Ал  қызметтердің  меңгеруші 

(психофизиологиялық)  деңгейін  ойлау,  зейін,  зерде  ерекшеліктері 

көрсеткіштері  арқылы  тексереді.  Осы  комплексті  əдістерді 

қолданып, адамның іс-əрекетіне, спортпен айналысуға мүмкіндігін 

жəне қабілетін болжауға болады.

Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің биологиялық 

факторлары

Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің биологиялық фактор-

лары (көмірсуларға бай, дəруменделген тағам, кейбір биологиялық 

активті  заттар)  организмнің  энергиялық  балансын  жақсартатыны 

сөзсіз. Н. Р. Чаговец биологиялық активті заттар қатарына трикар-

бон  қышқылдары  цикліндегі  метаболизм  өнімдерін,  соның  ішінде 

жұмыс  қабілеттілігін  қалпына  келтіруге  тиімді  əсер  ететін  янтарь 

қышқылын  жатқызады.  Аспарагин  жəне  глутамин  қышқылдары 

қалпына келу үдерістерін жылдамдатады. 



126

Дене  жұмыс  қабілеттілігінің  биологиялық  стимуляторлары 

организмнің  энергиялық  балансын  жақсартады.  Мəселен,  қалпына 

келу  кезеңінде  белокты  артық  қабылдау  немесе  оның  синтезінің 

жылдамдауы кезінде спорттық жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды. 

Бұған белок алмасуы күшейтілуімен стимулданған жылдамдатылған 

пластикалық үдерістер ықпал етеді. 

Бұлшық ет əрекеті кезінде қуатты энергиялық көз глюкоза болып 

табылады.  Сонымен  қатар  оны  артық  пайдалану  физиологиялық 

қалыпқа (нормаға) жатпайтын өзгерістер кешенін тудырады. Глюко-

заны қабылдау қанның тұтқырлығы мен қан айналымдағы мөлшерін 

арттырады.  Глюкоза  электролиттік  тепе-теңдікті  өзгерте  оты-

рып,  гипокалиемияны  тудырады  жəне  осылайша  кардиопатиялық 

құбылыстардың  дамуына  əкеледі.  Стероидтық  гормондар  тепе-

теңдігі бұзылады. Жүрек қызметінің электрокардиографиялық кар-

тинасында  жүрекке  күш  түскен  кездегі  ошақтық  өзгерістерге  тəн 

өзгерістер байқалады. 

Қалпына  келтірудің  типтік  биологиялық  факторы  пангам 

қышқылы  (В

15 


дəрумені)  болып  табылады.  Бұл  стимуляторды 

қабылдау  липидтер  метаболизмін  күшейтеді.  Пангам  қышқылы 

ұлпалардағы  КрФ  деңгейін  жоғарылата  жəне  перифериялық 

ұлпалардағы  қалпына  келу  үдерістерін  жылдамдата  отырып, 

жылдамдық төзімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді. 

ОЖЖ арқылы жүзеге асатын анаболикалық əсерге элеутерококк 

ие. Ол КрФ пен гликоген шығынын төмендетеді, бұлшық еттердегі 

фосфолипидтер мөлшерін арттырады, сонымен бірге көмірсу алма-

суынан көмірсу емес энергия көзіне қосылуына мүмкіндік туғызады. 

Бұлшық  ет  жұмыс  қабілеттілігінің  стимуляторы  рөлін  жəне 

энергияның қосымша көзін бұлшық ет-аденил препараты атқарады. 

Массаждың əр түрін (уқалау, ысқылау, вибромассаж), гидропро-

цедуралар (душ, шомылу, сауна) қолдану қалпына келу үдерістерін 

жылдамдатады. 

Олар 

психотерапиямен, 



гидроэлектролиттік 

теңгерілумен  қатар  жүру  керек.  Жүрек  қызметін  қалпына  келтіру 

үшін оттектік терапия, сонымен қатар С жəне В дəрумендер тобын 

қабылдау пайдалы.

Дəрігердің нұсқауынсыз, өз еркімен дəрумендерді көп қабылдау 

зат  алмасу  үдерістерінің  бұзылуларына  əкелуі  мүмкін.  Мəселен, 

дəрумендерді артық қабылдаудан организмде субстраттық фермент-

тер  өндіріледі.  Олар  дəрумендердің  артық  мөлшерін  катализдеп, 

гиповитаминозға əкеледі. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау