Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет38/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   168

121

Неғұрлым  жұмыс  кезінде  фосфагендер  шығыны  көп  болса, 

соғұрлым  олардың  қалпына  келуіне  оттегі  көбірек  қажет  болады. 

Мəселен 1 моль  АТФ-ты  қалпына  келтіру  үшін 3,45 литр  О

ке-


рек.  Оттегі  қарыздылықтың  жылдам  (алактатты)  фракциясының 

мөлшері жұмыс соңында бұлшық еттерде фосфагендердің төмендеу 

дəрежесімен тура байланысты. Сондықтан аталмыш мөлшер жұмыс 

үдерісінде шығындалған фосфагендер санын көрсетеді.

Жаттықпаған  ер  адамдарда  оттегі  қарыздылықтың  жылдам 

фракциясының максималды мөлшері 2-3 литрге жетеді. Əсіресе, бұл 

көрсеткіштің жоғары мөлшері жылдамдықты-күштік спорт түрлері 

өкілдерінде тіркелген. Мəселен, жоғары білікті спортшыларда 7 лит-

рге дейін болады. Бұл спорт түрлерінде бұлшық еттердегі фосфаген-

дер  мөлшері  жəне  олардың  шығындалу  жылдамдығы  жаттығудың 

максималды жəне арақашықтық қуаттылығын анықтайды.

Гликогеннің қалпына келуі. Басында Р. Маргарий жəне оның 

əріптестерінің  мəліметтері  бойынша  жұмыс  кезінде  шығындалған 

гликоген  сүт  қышқылынан  жұмыстан  соң 1-2 сағат  барысын-

да  ресинтезделеді  делінген.  Қалпына  келудің  осы  кезеңінде 

шығындалған  О

2

  оттегі  қарыздылықтың  екінші,  баяу  немесе  лак-



татты  фракциясын  анықтайды.  Дегенмен,  қазіргі  уақытта  бұлшық 

еттердегі  гликогеннің  қалпына  келуі 2-3 күнге  дейін  созылатыны 

анықталған.  Гликогеннің  қалпына  келу  жылдамдығы  жəне  бауыр 

мен бұлшық еттегі қалпына келетін қорларының мөлшері екі негізгі 

факторларға:

1. Жұмыс үдерісінде гликогеннің шығындалу дəрежесіне; 

2. Қалпына келу кезеңіндегі ас рационы сипатына байланысты.

Күнделікті қарқынды жəне ұзақ жаттықтыру сабақтары кезінде 

жұмысшы бұлшық еттер мен бауырдағы гликоген мөлшері күннен 

күнге  айтарлықтай  төмендейді.  Сондықтан  кəдімгі  ас  рационы 

кезінде жаттықтыру арасындағы тəуліктік үзілістің өзі гликогеннің 

толық  қалпына  келуіне  жеткіліксіз.  Спортшының  ас  рационын-

да  көмірсулар  мөлшерін  арттыру  келесі  жаттықтыру  сабағына 

дейін  организмнің  көмірсу  ресурстарының  толық  қалпына  келуін 

қамтамасыз етуі мүмкін.

Сүт  қышқылының  жойылуы.  Қалпына  келу  кезеңінде 

жұмысшы  бұлшық  ет,  қан  жəне  ұлпа  сұйықтығынан  сүт 

қышқылының жойылуы неғұрлым жұмыс кезінде сүт қышқылы аз 

түзілсе,  соғұрлым  жылдамырақ  жүреді.  Жұмыстан  кейінгі  режим 




122

де маңызды рөл атқарады. Мəселен, максималды жүктемеден кейін 

жинақталған  сүт  қышқылын  толық  жою  үшін  толық  тыныштық 

күйінде, яғни отырғанда немесе жатқанда (пассивті қалпына келу) 

60-90  минут  қажет.  Бірақ  егер  мұндай  жүктемеден  кейін  жеңіл 

жұмыс  (активті  қалпына  келу)  орындалса,  онда  сүт  қышқылының 

жойылуы  айтарлықтай  жылдамырақ  жүреді.  Жаттықпаған  адам-

дарда «қалпына келтіруші» жүктеменің оптималды қарқындылығы 

шамамен, ОМП-дан 30-45% (мысалы, жортақтап жүгіру), ал жақсы 

жаттыққан  спортшыларда  ОМП-дан 50-60%, жалпы  ұзақтық  ша-

мамен, 20 минут болады. Сүт қышқылының жойылуының негізгі 4 

жолы бар:

1. СО

2

 жəне Н



2

О дейін тотығу. Осы жолмен барлық жиналған сүт 

қышқылының 70%-ы жойылады.

2. Бұлшық  ет  пен  бауырда  гликогенге  жəне  бауырда  глюкозаға 

айналу арқылы сүт қышқылының 20%-ға жуығы жойылады.

3. Белокқа айналу жолымен барлық жиналған сүт қышқылының 

10%-дан азы жойылады.

4. Зəрмен,  термен  бөліну  арқылы  барлық  жиналған  сүт 

қышқылының 1-2 %-ы жойылады.

Активті  (белсенді)  қалпына  келу  кезеңінде  аэробты  жол-

мен  жойылған  сүт  қышқылының  үлесі  артады.  Дегенмен,  сүт 

қышқылының  тотығуы  əр  алуан  мүшелер  мен  ұлпаларда  (қаңқа 

бұлшық  еті,  жүрек  бұлшық  еті,  бауыр,  бүйрек  жəне  т.б.)  жүруі 

мүмкін  болса  да,  оның  көпшілік  бөлімі  қаңқа  бұлшық  еттерінде, 

əсіресе, олардың баяу талшықтарында тотығады. Бұл неліктен ауыр 

жүктемеден  кейін  орындалған  жеңіл  жұмыстың  (бұған  негізінен 

баяу  бұлшық  ет  талшықтары  қатысады)  лактаттың  неғұрлым  тез 

жойылуына əкелетіндігін түсіндіреді.

Оттегі  қарыздылықтың  баяу  (лактатты)  фракциясының 

айтарлықтай  бөлімі  сүт  қышқылының  жойылуымен  байланысты. 

Неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым бұл фракция 

жоғары  келеді.  Жаттықпаған  адамдарда  ол  максималды 5-10 литр-

ге  жетеді,  ал  спортшыларда,  əсіресе,  жылдамдықты-күштік  спорт 

түрлері  өкілдерінде 15-20 литр  болады.  Оның  ұзақтығы 1 сағатқа 

жуық. Оттегі қарыздылықтың лактатты фракциясының мөлшері мен 

ұзақтығы активті қалпына келу кезінде төмендейді.



Активті  (белсенді)  тынығу.  Жұмыстан  кейін  бұрынғы  күйге 

жетудің маңызды əдісі – активті тынығу. Активті тынығу феноменін, 




123

яғни  активті  əрекеттен  демалыс  кезінде  жұмыс  қабілеттілігінің 

жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын. 

Қалпына  келу  үдерістерінің  сипаты  жəне  ұзақтығы  жұмыстан 

кейін  қалпына  келу  кезеңінде  спортшы  əрекетінің  режимімен  бай-

ланысты  өзгеруі  мүмкін.  И.  М.  Сеченовтың  тəжірибелері  бойын-

ша,  қажыған  бұлшық  еттердің  жұмыстан  кейін  бұрынғы  қалпына 

келуі  толық  тыныштық  сақтағаннан  гөрі,  басқа  бұлшық  еттерді 

жұмысқа қосқан кезде тезірек жүреді. Ол бұлшық еттердің өзара ал-

масып, нəтижелі жұмыс істеу сапасын көтереді. Қол эргографында 

жұмыстан  қажыған  қолдың  жұмыс  қабілеттілігі  тынығу  кезеңінде 

басқа  қол  жұмысымен  айналысқанда  тезірек  жəне  толығырақ 

қалпына  келетінін  байқаған.  Бұл  феноменді  И.  М.  Сеченов  талдай 

отырып,  тынығу  кезінде  басқа  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттерден 

түсетін  афферентті  импульстер  оларды  энергиямен  зарядтай  оты-

рып, жүйке орталықтарының жұмыс қабілеттілігінің жақсы қалпына 

келуіне  себепші  болатындығын  жорамалдады. «Энергиямен  заряд-

талуды»  қажыған  жүйке  жасушаларының  жұмыс  қабілеттілігі  мен 

белсенділігінің  жоғарылауына  əкелетін  торлы  құрылымның  үлкен 

ми  сыңарлары  қыртысының  қозғалыс  орталықтарына  арнайы 

емес  ықпалы  ретінде  қарастырған  жөн.  Активті  тынығу  феномені 

жүйке  орталықтары  арасындағы  индукциялы  қатынаспен  де 

түсіндірілуі мүмкін. И. П. Павлов теріс индукцияны қажыған жүйке 

орталықтарын «энергиямен зарядтауды» жүзеге асыратын потенци-

алды резерв ретінде көрді.

Сонымен  қатар  бір  қолдың  жұмысы  басқа  қол  тамырындағы 

қан  айналымының  артуын  тудыра  отырып,  қажыған  бұлшық 

еттердің жұмыс қабілеттілігінің неғұрлым жылдам қалпына келуіне 

мүмкіндік береді.

Тынығудың  мəні  орындалатын  жұмыстың  сипатына  байланыс-

ты. Жалпы алғанда, пассивті (селқос) тынығу тиімсіз келеді, өйткені 

одан  кейін  іске  қосылу  баяулайды  жəне  қиындайды.  Бұл  кезеңде 

бұлшық еттердің жұмысқа қабілеттілігі төмендегенмен, олардың өте 

жоғары электрлік белсенділігі байқалады. Сонымен қатар пассивті 

тынығудан кейін ол баяу қалпына келеді.

Сондықтан  пассивті  тынығу  ауыр  жəне  қолайсыз  өндіріс 

жағдайларында істелетін жұмыстан кейін орынды. Тынығу кезінде 

шаршаған бұлшық еттерге демалыс беру үшін, дене қалпын өзгертіп 

отыру  керек.  Ал  ой  еңбегінен  кейінгі  тынығу  кезінде,  керісінше, 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау