130
на да сəйкес жаңа жауап қимыл реакциялары (уақытша байланыстың
оперантты бөлімдері) пайда болады.
Адамда спорттық жəне т.б. қимыл дағдыларының түзілуі бары-
сында тек бірінші ғана емес, екінші сигналдық жүйенің де əсер етуі
арқылы қалыптасатын жоғары қатардағы уақытша байланыстың
маңызы өте зор.
Қимыл дағдысының қалыптасуы əсіресе циклдік ұзақ жаттығулар
кезінде қозғалыстың вегетативтік мүшелер қызметімен неғұрлым
тиімді қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретін уақытша байланыстың
түзілуіне əкеледі (жаттығулардың жіктелуі 3-тарауда толық баянда-
лады).
Қимыл дағдысының моторлық жəне вегетативтік бөлімдерінің
бір мезгілде қалыптаспауының өзіндік маңызы бар. Салыстырмалы
қарапайым қозғалыс дағдыларында (мысалы, жүгіруде, шаңғы тебу-
де) моторлық (қимыл) бөлімдері, ал күрделі қозғалысты дағдыларда
(мысалы, гимнастикада, күресте, спорт ойындарында) вегетативтік
бөлім ертерек қалыптасады.
М. Е. Маршак пікіріне сүйенсек, дағдының қалыптасуынан кейін
вегетативті бөлімдер қимыл бөлімдеріне қарағанда неғұрлым инертті
болып келеді. Мысалы, үйреншікті əрекет түрінің өзгерісі кезінде,
яғни үздіксіз жұмыстан үзілісті қарқынды жұмысқа ауысса қимыл
қызметтері жылдам, кейбір жағдайларда сол сəтте-ақ өзгереді, ал
вегетативті мүшелер ұзақ уақыт бұрын қалыптасқан қозғалыс сипа-
тына сəйкес қызмет етеді.
Күрделі қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген
үйлесімділіктің
(координацияның)
маңызы.
Күрделі
қозғалыстардың қалыптасуында ертеде өндірілген үйлесімділіктің
маңызы зор. Спорттық қозғалыстар техникасын үйрету кезінде
қимыл дағдыларының қалыптасуы əрқашанда организмнің ерте
өндірілген үйлесімділігі базасы негізінде жүреді. Мысалы, баланың
қаз тұруы бұрынғы отыру дағдысы негізінде, жүру дағдысы қаз тұру
дағдысы негізінде қалыптасады. Түрлі спорттық жаттығулар кезінде,
мысалы, гимнастика, коньки тебуде дене жаттығуларының көпшілік
бөлімдері толығымен жаңа болып табылмайды, яғни оларда бұрын
қалыптасқан дағдылардың элементтері бар.
Егер компоненттері айтарлықтай жаңа болатын күрделі
қимыл техникасын меңгеру қажет болса, онда көбінесе, даярлық
жаттығулары жəне неғұрлым қарапайым үйлесімділікте қалыптасқан
131
уақытша байланыстар базасы негізінде қимылды орындау техника-
сын біртіндеп күрделендіре отырып, элементтер бойынша үйрету
қолданылады.
Бұрын берік қалыптасқан дағдылар қимыл актісі өзінің сипа-
ты бойынша жаңа дағдылардың түзілуіне ықпал ете отыруымен
қатар кейбір жағдайларда, əсіресе, егер жаңа қозғалыс құрылымы
ескі дағдының қайта жасалуымен байланысты болса, олардың
қалыптасуына кедергі келтіруі де мүмкін. Сондықтан спорттық
жаттығуларды үйрету барысында дұрыс қозғалыс дағдысын
қалыптастырудың маңызы зор. Себебі толық қанды емес берік
бекітілген қозғалыс əрекеттерін қайта жасау ұзақ уақытты жəне көп
тер төгуді қажет етеді.
Динамикалық стереотип жəне экстраполяция қимыл
дағдысының физиологиялық негіздері
Қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байланыс-
ты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі.
Ациклдік жаттығуларда жеке фазалар белгілі тəртіпте бірізділікпен
бір-бірін алмастырып отырады. Циклдік жаттығулардың да əр
циклінде фазалардың қайта-қайта бірнеше рет қайталануымен
жүретін белгілі бір заңдылықты байланыс болады (толығымен 3-та-
рауда баяндалған).
Қимыл дағдыларының қалыптасуы барысында қозғалыстың
жеке фазалары өзіне тəн реакциялар тізбегін түзіп, динамикалық
стереотип (лат. динамика – қозғалыстың, əрекеттің көптігі; грек. сте-
рео – қатты, типос – таңдау, із) қалыптасады. Сыртқы ортадан ор-
ганизмге жүйелі жəне дəлме-дəл бірізділікпен белгілі бір мерзімде
əсер ететін тітіркендіргіштердің əрқайсысы ми қыртысындағы тиісті
қозу мен тежелу үдерістері арқылы организмнің белгілі бір реак-
циясын туғызады. Сондықтан сыртқы стереотипті (таптаурынды)
тітіркенуге сəйкес, мида осы сияқты функциялық қатынастардың
бірізді өзгерісі пайда болады. Олар сол тəртіппен бірнеше рет
қайталанған жағдайда біртұтас біріккен рефлекстер жүйесіне ай-
налады. Мұндай қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі
бірізділікпен қалыптасуы динамикалық стереотип деп аталады.
Дене жаттығуларында динамикалық стереотип қозғалыс
132
фазаларының жүзеге асырылуының тек бірізділігіне қатысты екенін
атап өткен жөн. Мəселен, жүгіру, жаяу жүру, жүзу жəне т.б. бары-
сында бұл фазалардың бірізділіктері ғана бəрінде бірдей бола-
ды, ал олардың арасындағы уақыт қатынастары, қадам жиілігі мен
ұзындығы үнемі түрленіп отырады. Қозғалыстың ішкі құрылымы,
яғни қозғалыс əрекетіне қатысатын бұлшық еттің құрамы жəне
сол бұлшық еттегі қимыл бірлігінің жиырылу саны ұдайы өзгеруі
мүмкін.
Динамикалық стереотип сыртқы құрылымдық фазалардың
бірізділігі белгілі стандарт бойынша өтетін дағдыларға (циклдік
жаттығуларға) тəн болып табылады. Сонымен қатар жиі өзгерістердің
болуына орай жаңа қозғалыстардың қайталануын қажет ететін
басқа да дағдылар (ациклдік жаттығулар) кездеседі. Мұндай тек-
тес дағдыларға жекпе-жек түрлері бокс, семсерлесу, күрес пен
спорттық ойындар футбол, хоккей, баскетбол жəне т.б. жатады.
Оларда қозғалыс фазаларының алмасуы тұрақты біртұтас жүйе
ретінде болатын динамикалық стереотип түзілмейді. Тұрақтылық
күрделі қозғалыс комбинацияларынан көрінбей, тек жеке құрам
элементтерінен (мысалы, баскетболда айып добын лақтыру кезінде)
көрінеді.
Адамның қимыл – əрекеті көп түрлілігімен сипатталады.
Жаңа құрылымдық моторлық актінің көп бөлігі ОЖЖ жоғары
серпімділігінің арқасында экстраполяция жолымен жүзеге асыры-
лады. Ол дағдылардың тасымалдануын қамтамасыз етеді жəне «сол
орыннан» жаңа қозғалыстарды іске асыруға мүмкіндік береді.
Экстраполяция дегеніміз жүйке жүйесінің бұрын болған
тəжірибе негізінде келесі туындаған қозғалыс міндеттерін барабар
шешу қабілеті болып табылады. Меңгерілген қозғалыс қорларының
артуы адамның бұрын шешілген міндеттерге ұқсас жаңа қимыл
міндеттерін арнайы үйретусіз дұрыс шешу мүмкіндігінің
айтарлықтай жоғарылауына ықпал етеді.
Экстраполяция түрлері сан алуан. Олар тек жаңа қозғалыстар
ғана емес, сонымен қатар үйреншікті қозғалыс əрекетін орындау
кезінде де (мысалы, жаяу жүріс кезінде) кең қолданылады.
Экстраполяцияның қозғалыс əрекеті сыртқы сипатының
айтарлықтай вариацияларымен қатар жүретін қимылдарды орындау
барысында маңызы орасан зор. Мысалы, футболшы допты аяғының
ұшымен де, түрлі қырларымен де, өкшемен де, əртүрлі күшпен жəне
Достарыңызбен бөлісу: |