Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет37/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   168

118

деңгейге жетуі бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды болады. 

Сондықтан тұтас қалпына келу үдерісінің аяқталуын бір жəне тіпті, 

бірнеше көрсеткіштермен ғана шектеп көрсетпей, тек неғұрлым баяу 

қалпына келетін көрсеткіштің бастапқы (жұмыс алдыңғы) деңгейге 

оралуымен бағалау керек. 



Үшіншіден, қарқынды жұмыстан кейін қалпына келу кезеңі ба-

рысында организм қызметін анықтайтын көрсеткіштердің көпшілігі 

мен  жұмысқа  қабілеттілік  жұмыс  алдыңғы  деңгейге  жетіп  қана 

қоймай,  «қайта  қалпына  келу»  фазасы  арқылы  өте  отырып,  одан 

асып түсуі де мүмкін. Энергиялық субстраттар туралы сөз болғанда, 

мұндай  жұмыс  алдыңғы  деңгейден  уақытша  жоғарылау  суперком-



пенсация деп аталады.

Оттектік  қарыздылық  жəне  организмнің  энергиялық 

қорларының  қалпына  келуі.  Бұлшық  ет  жұмысы  үдерісінде 

организмнің  оттектік  қоры,  фосфагендер  (АТФ  жəне  КрФ), 

көмірсулар (бұлшық ет жəне бауыр гликогені, қан глюкозасы) жəне 

майлардың  шығындалуы  жүреді.  Жұмыстан  соң  олардың  қалпына 

келуі орын алады. Тек майлар ғана қалпына келмеуі мүмкін.

Жұмыстан кейін организмде жүретін қалпына келу үдерістерінің 

энергиялық  сипаты  жұмыс  алдыңғы  күймен  салыстырғанда  оттегі 

пайдаланудың жоғарылауымен – оттектік қарыздылықпен көрінеді. 

А. Хилл теориясына сəйкес оттектік қарыздылық дегеніміз жұмыс 

кезінде  шығындалған  энергия  қорының  қалпына  келуімен  жəне 

сүт  қышқылының  жойылуымен  жүретін  жұмыс  алдыңғы  күйге 

дейін қалпына келу үшін организмді энергиямен қамтамасыз ететін 

тыныштықтағы  жұмыс  алдыңғы  деңгейден  асатын  оттегіні  артық 

пайдалану.  Жұмыстан  кейін  оттегі  пайдалану  жылдамдығы  экс-

поненциалды  төмендейді,  яғни  алғашқы 2-3 минутта  өте  жылдам 

(жылдам немесе алактатты оттектік қарыздылық компоненті), содан 

соң  жұмыс  алдыңғы  деңгейге  жуық  тұрақты  өлшемге (30-60 мин) 

жеткенге  дейін  неғұрлым  баяулау  (баяу  немесе  лактатты  оттектік 

қарыздылық компоненті) болады.

ОМП-дан 60%-ға  дейін  қуаттылықты  жұмыстан  кейін  оттектік 

қарыздылық  оттегі  тапшылығынан  біршама  асады.  Неғұрлым 

қарқынды  жаттығудан  кейін  оттектік  қарыздылық  оттектік 

тапшылықтан айтарлықтай жоғарылайды. Мұнда неғұрлым жұмыс 

қуаттылығы  жоғары  болған  сайын  оттектік  қарыздылық  соғұрлым 

көп болады (34-сурет).



119

Оттектік қарыздылықтың жылдам (алактатты) компоненті 

бастысы  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердегі  жұмыс  кезінде 

шығындалған жоғары энергиялық фосфагендерді жылдам қалпына 

келтіруге  оттегі  қолданумен  жəне  сонымен  қатар  вена  қанындағы 

оттегінің қалыпты мөлшерін қалпына келтірумен жəне миоглобинді 

оттегімен қанықтырумен байланысты.



34-сурет. Əртүрлі салыстырмалы қуаттылықты жаттығулар кезіндегі 

оттектік қарыздылық пен оттектік тапшылық (Х. Кнуттген, Б. Салтин 

бойынша)

Оттектік  қарыздылықтың  баяу  (лактатты)  компоненті 

көптеген факторлармен байланысты. Ол жұмыстан кейінгі лактаттың 

көп мөлшерде қан мен ұлпа сұйықтығынан жойылуымен байланыс-

ты. Бұл жағдайда оттегі қан лактатынан (ең бастысы бауырда жəне 

бүйректің кейбір бөлімінде) гликоген ресинтезі мен жүрек пен қаңқа 

бұлшық  еттерінде  лактаттың  тотығуын  қамтамасыз  ететін  тотығу 

реакцияларына  пайдаланылады.  Бұдан  басқа  оттегі  пайдаланудың 

ұзақ  жоғарылауы  қалпына  келу  кезеңінде  тыныс  алу  мен  қан  ай-

налу  жүйесінің  күшейтілген  қызметін,  күшейтілген  зат  алмасу-

ын  жəне  т.б.  үдерістерін  сақтап  тұру  қажеттілігімен  байланысты. 

Ол үдерістер, сонымен қатар қалпына келу кезеңі барысында баяу 

төмендейтін  жоғары  дене  температурасының,  симпатикалық  жəне 




120

ішкі  секрециялық  жүйелердің  жоғары  белсенділігінің  ұзақ  уақыт 

сақтап тұрылуымен негізделген.

Оттегі қорының қалпына келуі. Бұлшық еттерде оттегі мио-

глобинмен  химиялық  байланысқан  түрде  болады.  Бұл  қорлар  өте 

үлкен  емес,  мəселен,  бұлшық  ет  массасының  əр  килограммында 

11  мл-ге  жуық  О

2

  болады.  Сəйкесінше, «бұлшық  еттік»  оттегінің 



жалпы қоры спортшыларда 40 кг бұлшық ет массасына есептеген-

де 0,5 л-ден  аспайды.  Бұлшық  ет  жұмысы  үдерісінде  ол  жылдам 

шығындалып, ал жұмыстан кейін тез қалпына келуі мүмкін. Оттегі 

қорының  қалпына  келу  жылдамдығы  тек  оның  бұлшық  еттерге 

жеткізілуімен байланысты. 

Жұмысты тоқтата салысымен бұлшық ет арқылы өтетін артерия 

қанындағы оттегінің парциалдық кернеуі (мөлшері) жоғары болады, 

сондықтан О

2

-миоглобиннің қалпына келуі бірнеше секундта жүруі 



ықтимал.  Шығындалған  мұндағы  оттегі  жəне  сонымен  қатар  вена 

қанындағы оның қалыпты мөлшерін толтыруға апаратын оттегінің 

(0,2 л-ге дейін) кішкене мөлшері оттектік қарыздылықтың жылдам 

фракциясының біраз бөлігін құрайды.

Сонымен,  жұмысты  тоқтатқаннан  бірнеше  секундтан  соң-

ақ,  бұлшық  ет  пен  қандағы  оттегі  «қорлары»  қалпына  келеді. 

Альвеолалық  ауа  мен  артерия  қанындағы  оттегінің  парциалдық 

кернеуі тек жұмыс алдындағы деңгейге жетіп ғана қоймай, одан асып 

та түседі. Жұмыстан кейінгі кезеңде оттегімен жеткілікті қамтамасыз 

етілуін көрсететін жұмыс істейтін бұлшық еттер жəне басқа белсенді 

дене мүшелері мен ұлпаларынан келетін вена қанындағы О

2

 мөлшері 



де  тез  қалпына  келеді.  Сондықтан  қалпына  келу  үдерістерін  жыл-

дамдату үшін жұмыстан кейін таза оттегімен немесе оттегінің көп 

мөлшері  бар  қоспалармен  тыныс  алуды  қолданудың  ешқандай 

физиологиялық негізі жоқ.



Фосфагендердің (АТФ жəне КрФ) қалпына келуі. Фосфаген-

дер, əсіресе АТФ өте жылдам қалпына келеді. Жұмысты тоқтатқан 

соң 30 секунд  ішінде-ақ  шығындалған  фосфагендер 70%-ға  дейін 

қалпына  келеді,  ал  олардың  толық  толтырылуы  аэробтық  метабо-

лизм энергиясы есебінен, яғни оттегі қарыздылықтың жылдам фа-

засында тұтынылған оттегі арқасында бірнеше минутта аяқталады. 

Шынында  да,  егер  дереу  жұмыстан  кейін  жұмыс  атқарушы  аяқ-

қолды  бұрау  (жгут)  арқылы  бұлшық  еттерге  қан  арқылы  оттегінің 

баруын тежесе, онда КрФ қалпына келуі жүрмейді.



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау