Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Индекстік  түс  палитрасы



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет64/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

Индекстік  түс  палитрасы  —  түсті  компьютерлік  файлға  жазу  әдісі, 
мұнда  әрбір  түс  реңкі  бір  санмен  беріледі,  бұл  сан  пиксель  түсін  емес, 
файлға бекітілген түс палитрасында түс нөмірін (индексін) білдіреді.  
Интерлиньяж — абзацтың көрші жолдары арасындағы қашықтық.  
Кегль  —  металл  мәтінде  вертикаль  бойынша  литер  өлшемі,  яғни, 
типографиялық  пунктпен  өлшенетін  кегльдік  ауданшаның  биіктігі. 
Барлық кегльдердің жеке атаулары (корпус, нонпарель, інжу, гауһар және 
т.б.)  болды.      Сандық  қаріптерде  кель  беттеу  кезінде  пернетақтадан 
беріледі  және  типографиялық  пунктпен  өлшенеді.  Шамамен  кіші  әріп 
биіктігіне  жоғарғы  және  төменгі  шығарынқы  элементтер  шамасын 
қосқанда,  сондай-ақ,  көршілес  жолдардың  шығарынқы  элементтері 
жабысып қалмауы үшін қажетті әлдебір шаманы қосқанда сәйкес келеді.   
Кегльдік  ауданша  –  металл  жиынтықта  литера  тірегінің  жоғарғы 
тіктөртбұрышты немесе шаршы бөлігі, онда әріптің немесе басқа белгінің 
дөңес  (енгізуші)  суреті  орналасқан.  Металдық  қаріпте  кельдік  ауданша 
шамасы  литераның  енгізу  және  беттеу  кезіндегі  барлық  өлшемлерін 
анықтайтын. Сандық қаріптерде кегль ауданшасы қаріпті белгінің суреті 
салынатын тек тіктөртбұрыш ретінде жобалау кезінде ғана маңызды.     
Кернинг — белгілі (кернингтік) жұптарға кіретін әріптер арасындағы 
қашықтықтың өзгеруі, мысалы: AV, ТД. 
Кернингтік  жұптар  —  кернинг  автоматты  түрде  орындалатын 
барлық әріптік жұптар енгізілген кесте.  
Колонсызғыш  —  мәтінен  колонтитулды  бөлуші  сызғыш  (жіңішке, 
қосарлы, сыздықты, нақышталған).  
Колонтитул  —  басылым  туралы  кейбір  ақпараттық  мәліметтерден 
тұратын  басылым  құрылымының  элементі.  Мысалы,  әрбір  беттің 
мәтінінен  жоғары  автор  аты-жөні,  кітап  (журнал,  мақала)  атауы,  бөліма 
атауы, сөздіктердегі бастапқы әріптер немесе мақала атауларын жазу.  
Бағандық сан  — басылым бетінің немесе бағанның рет саны.  
Қаріп  қанықтылығы  —  негізгі  және  байланыстырушы  штрих 
қалыңдықтарының  арақатынасын  білдіретін  қаріп  сипаттамасы.  Қаріп 
қанық  емес,  қанық  және  аса  қанық  болуы  мүмкін.  Қанықтылық  – 
гарнитура белгілерінің бірі.  
Контртитул  –  негізгі  титулмен  бір  жақта  орналасатын  титул  беті. 
Аударылған  басылымдарда  контртитулда  титул  бетінде  келтірілген 
ақпарат  түпнұсқа тілінде беріледі.  
Жинақ  сызғышы  –  қалыңдығы  әртүрлі  сызықтар  мен  суретте 
бейнелеуге арналған жиынтықтың графикалық элементі.  
 
   168 


 
Литера  (лат.  lit(t)  era  —  әріп)  —  бүйір  жақтарының  бірінде  дөңес 
белгі  суреті  бар  типографиялық  қорытпадан,  пластмассадан,  ағаштан 
жасалған кесек.    
Логотип — 1) ең көп қолданылатын сөздері бар литералар. Жалпы бір 
тіректе өзінің негізгі пішінің өзгертпейтін бірнеше литералар; 2) газеттің 
тақырыбы,  журнал,  телебағдарлама,  фирма  немесе  өнім  атауын  қоса 
алғанда,  көркемдік  немесе  өнделген  енгізу  қаріпі  қолданылатын  кез 
келген фирмалық жазу.   
Беттеудің  модульдік  жүйесі  –  көлденең  және  вертикаль  бойынша 
берілген қадамы (модулі) бірдей немесе әртүрлі модульдік тор жолақтар 
мен соңғы беттердің композиция негізі болатын беттеу жүйесі.  
Қаріп  қанықтылығы  –  қаріп  сипаттамасы,  негізгі  штрих 
қалыңдығының  тік  белгінің  биіктігіне  қатынасы.  Бұл  қатынасты  өзгерту 
аса ақшыл,  ақшыл,  қалыпты,  жартылай қалың, қалың,  аса қалың қаріпті 
береді.  
Қаріп кескіні – бір гарнитуралы енгізу қаріпінің бейнелену нұсқасы. 
Қаріп  кескіні  келесідей  классификацияланады:  тығыздығы  бойынша  – 
тар,  қалыпты,  кең;  қанықтылығы  бойынша  –  ақшыл,  жартылай  қалың, 
қалың; еңкеюі бойынша – тік, курсив, еңкейтілген.  
Желбіршек  –  негізгі  мәтінмен  толтырылмаған  жолақ  макетіндегі 
аймақ.    Желбіршектер  тікбұрышты,  көпбұрышты  немесе  қисықсызықта 
болуы мүмкін.  
Суреттің  мәтінмен  айналуы  –  графикалық  және  мәтіндік 
редакторларда мәтін және объектті түсіру режимі, бұл кезде мәтін объект 
шекарасынан «бастырылып шығарылады». 
Түпнұсқа (лат. originalis — бастапқы, алғашқы) – редакция-баспалық 
өндеуден  өткен  және  полиграфиялық  құралдарды  бейнелеуге  арналған 
иллюстрациялық немесе мәтіндік материал.  
Жолақ – мәтін (иллюстрация) енгізілетін кез келген басылым бетінің 
баспаланған ауданы. 
Келтіру  —  баспа  өндірісінде  түсі  бөлінген  суреттерді  басу  кезінде  
бедерлемеде  беткі  және  артқы  бет  жолдарының  сәйкес  келуі.  Келтіруді 
тест-объекттер  және  бақылау  белгілерін  қолдану  арқылы  немесе  сурет 
бойынша  жүргізеді.  Брошюралық-түптеу  өндірісінде  –  бедерлеу  кезінде 
қалыптың (штамп) дұрыс орналасуы.  
Бас  әріптер  –  кіші  әріптерден  биіктігімен  (бас  әріптер  биік),  кей 
жағдайда  пішінімен  өзгешеленетін  әріптер.  Бас  әріппен  сөйлемнің 
бірінші  сөзін  бастайды,  жалқы  есімдер  және  таңдалған  тілдің 
орфографиясына сәйкес басқа да сөздер басталады. 
 
169 


Пункт – типометриялық бірлік, ағылшын типографиялық пункті 0,353 
мм тең.  
Жиектеме  –  мәтін  немесе  иллюстрацияны  тұйықтайтын  және 
жиектейтін  сызғыштардан  немесе  оюлардан    тұратын  тікбұрышты 
графикалық сурет.  
Сольвенттік  бояулар  –  пигменттің  еріткіштегі коллоидты ерітіндісі, 
нәтижесігде  эмульсия  түзіледі.  Еріткіш  ретінде  мұнады  қайта  өндеу 
өнімдері қолданылады.  
Түсіру  –  басылымның  бастапқы  жолағының  жоғарғы  жағындағы бос 
орын, негізгі мәтін жолақтың жоғарғы бөлігінен басталмай, қандай да бір 
өлшемге  түсілгендіктен,  пайда  болады.  Бедерлеменің  техникалық 
ережелері  бойынша    түсіру  өлшемі  басылымның  барлық  жерлерінде 
бірдей болуы тиіс.  
Кіші  әріп  –  өлшемі  бойынша  бас  әріптен  кіші  және  кейбір  кездері 
одан  кескіні  бойынша  ерекшеленетін  (мысалы,  шығарынды  элементтері 
бар) әріп.  
Супер  қаптама  –  түптемеге  немесе  негізгі  қабыққа  кигізелетін 
клапандары (қайырма жақтары) бар қаптама.  
Типографика  —  баспа  бетінің  немесе  баспа  басылымы  кеңістігінде 
қаріп және басқа да енгізу құраушыларын орналастыру өнері.  
Титул,  титулдық  бет  –  басылым  туралы  ақпарат  жинақталған 
басылымның  алғашқы  беті.  Титулдық  бетке  контртитул  және  авантитул 
жатады.  
Тауар  белгісі  –  заңды  тұлғалар  немесе  жеке  кәсіпкерлердің 
тауарларын  жекешелендіруге  арналған  белгілеу  (сөзбен,  суретпен, 
кешенді  және  т.б.).  заң  бойынша  тауар  белгісіне  ерекше  құқығы 
мойындалады, ол тауар белгісіне куәлікпен куәландырылады.  
  Трекинг  —  әріптердің  (белгілердің)  арасындағы  қашықтықты 
өзгерту есебінен мәтінді сиректету немесе қысу опреациясы.  
Треппинг  —  кішігірім  айқастыру  үшін  басылатын  аймақ  шекарасын 
кеңейту,  әртүрлі  түсті  объекттер  шекарасында  түстерді  араластыратын 
тар  жолақты  қою  арқылы  келтіру  (түстердің  сәйкес  келуі) 
дәлсіздіктерінің  орнын толтырады.  
Бекітілген  түс  палитрасы  —  компьютерлік  файлға  түс  жазу  әдісі, 
мұнда  әрбір  түс  екі  байтпен  кодталған  (High  Color),  экранда  65000  түс 
келтірілуі  мүмін.  Түс  16-разрядты  кодталатын  кез  келген  графикалық 
файлда бір код бір түсті білдіреді.  
 
 
       170  


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау