өлшенетін сәулелену ағыны жеке спектрлік құраушыларға ыдырайды,
толқын ұзындығының ақырғы интервалында олардың интенсивтілігі
бағаланады.
Осылайша, жалпы сәулелену спектрі болып табылатын аса тар спектр
жолақтарында өлшенген жарық сәулеленуінің интенсивтік мәндер
жиынтығы алынады.
Спектрофотометрлер тек сәулелену спектрін өлшейді. Барлық басқа
сәулелену сипаттамалары спектрлік мәліметтер бойынша есептеледі.
Түстен бөлек, суреттің оптикалық тығыздығы да өзгертіледі. Бұл
мақсатта денситометрлер ( лат. densitas — тығыздық және грек. metreo
— өлшеймін) — жарықтың шағылысуы (түпнұсқаларда, бедерлемеде
және суреттерде) және жарық өтуі кезінде (слайдтарда, негативтерде
және диапозитивтерде оптикалық тығыздықтарды өлшеуге арналған
аспаптар қолданылады. Қазіргі денситометрлер оптикалық тығыздықпен
қатар бірқатар көрсеткіштерді өлшейді:
-
баспа кезінде бояудан бояуға өту (бояу треппингі) ;
-
басылатын элемент өлшемдері;
-
қолданылатын бояу тазалығы;
-
растралық оптикалық тығыздықтар және т.б.
Сонымен қатар, спектроденситометрлер деп аталатын құралдар бар,
олар қарапайым дентисометрлермен салыстырғанда спектрлік өлшеу
модульдерімен
жабдықталған.
Қазіргі
спектроденситометрлер
компьютерлерге USБ-порты арқылы қосылады және өлшеу нәтижелерін
монитордан көруге мүмкіндік береді. Осылайша, бедерлеменің бастапқы
үлгіге және де стандартты шкалаларға сәйкестігін көруге болады.
Түс берілуін бақылау үшін сондай-ақ, түс үлгілері дайындалады. Екі
түрлі түс сынамалары болады – сандық және аналогты.
Сандық түс сынамалары принтерден алынған тираждық немесе
арнайы қағазға түсірілген сурет болып табылады. Түс сынамасын
приндерде алу процессі салыстырмалы түрде қымбат емес, бүріккіш
немесе түсті лазерлік принтерлердің кәсіби модельдері қолданылады.
Растрды еліктету үшін RIP құрылғылары (растеризаторлар)
қолданылады. Әдетте, сандық түс сынамалары баспаға дейінгі дайындық
процесінде түпнұсқа-макетті түзетуге арналған, олар тиражды басу
кезінде сапаны бақылау үшін қолданылуы мүмкін емес.
Аналогты түс сынамасы сандық түс сынамасынан түбегейлі
ерекшеленеді аналогты түс сынамасында сурет түспен бөлінген растрлық
фотопішіндерінен алады және түстің берілуі түсті бедерлемелердің
түстеріне ұқсас болады. Егер түс сынамасы арнайы қағаз-негізде алынса,
баспа эталонына максимал жақындату үшін ақтық негіздері қолданылады
(яғни, қолданылатын тираждық қағаз түсіне сәйкес келетін реңк
таңдалынады). Аналогты түс сынамалары тиражды басу барысында
негізінен түс берілу сапасын бақылауға арналған.
Түсті «көз өлшемімен» түзеу. Кейбір жағдайда қымбат жабдықтарды
қолданбаса да болады.
161
Біріншіден, кейбур кезде түстер атласы деп аталатын дайын түс
кестелерін қолдануға болады. Мұдай кестеден алынған түстерді көбінесе
эталондық немесе стандартты түстер деп атайды. Заттың түсі мен
реңкін ба,алау атластан оған жақын үлгі түсін таңдау болып табылады.
Түстер атласы түс түзетуде және бірінші бет, форзац, жарнама
басылымын баспаға дайындау кезінде қоспалық баспа бояуларын таңдау
кезінде қолданылады. Баспа ісінде Pantone фирмасының жүйесі көбіне
пайдаланылады.
Екіншіден, белгілі «тірек түстері» болады, мысалы адам терісі
жартылай реңкте, апельсиндер түсі, лимондар түсі. Түс түзеуге арналған
кейбір бағдарламалар тірек түстерінен құралған кітапхана құруға
мүмкіндігі бар және түз түзетуді тіпті жақсы монитор және дұрыс сыртқы
жарықтанусыз жүргізе алады, мысалы, түс түзеу нәтижесі тірек түсімен
анықталатындықтан, түс түзеуді ноутбукте-ақ орындай алайды; сонымен
қатар, бұл әдіс репортаждық түс түзеуде қолданылады, өйткені бұл әдіс
тез уақыт ішінде көп суретті өндеу мүмкіндігі бар.
8.3
Түс бөлінуі
Толық түсті сурет бірнеше (әдетте төрт) бояумен басу кезінде
алынатыны белгілі. Әр бояудың баспа пішінін дайындау үшін бастапқы
суретті қажетті бояу санына бөлу керек. Бұл процесс түс бөліну деп
атайды.
Сонымен, түс бөліну – түпнұсқа түсті суреттің жеке біртүсті бірдей
масштабты суреттерге бөлу.
Түсті түпнұсқаны жасау кезінде суретті жеке түстерге бөлуді суретші
жүргізуі мүмкін (әдетте, штрихты суреттер немесе трафареттік баспаға
арнап түстер бойынша тарату). Түс бөліну әртүрлі параметрлерге
негізделген, мысалы температуралар айырмашылығы, ылғалдылық, су
деңгейінен биіктігі, су қоймаларының тереңдігі (географиялық.
Медициналық немесе геологиялық карталарды жасау кезінде) есептуіш
техникасын қолданумен арнайы бағдарламалармен жүргізілуі мүмкін.
Түс бөлінудің жеке жағдайы – түсті суреттің CMYK құраушы
бояларына сәйкес төрт бір бояулы суретке бөлінуі, бұл бояулар басу
кезінде бір біріне түсіріліп, полиграфиялық бедерлемеде көптүсті суретті
қалыптастырады.
Түс бөлінген бір бояулы баспа пішіндерін белгілі дәлдікпен басу
барысында түпнұсқаның түсті суреті бейнеленеді.
Түсі бөлінген сурет – бұл баспа жүйесінің монитор экранында немесе
қатты тасымалдағышта (лавсанды үлдірде, фотоүлдірде немесе пішімдік
материалда) түс бөліну процесінде көптүсті түпнұсқа суретін жеке
түстерге бөлуден кейін алынған бір түсті сурет.
Толық түсті баспада түс бөлінумен байланысты негізгі мәселелер
«артық», яғни қара түстің пайда болуымен байланысты. Шындығында да,
түсті суреттерді басу кезінде қара түс қажет емес. Ол үш триадалық баспа
162
Достарыңызбен бөлісу: |