Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет63/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

 
төмендеуінен  баспа  машиналарын  тиімді  қолдануды  қиындататын 
тарқату алғышарттары пайда болғанда қолданылады.  
ТБМ  технологиясында  сұр  түс  бойынша  баланс  рөлі.  ТБМ 
технологиясы  бойынша  түсі  бөлінген  растралық  фотопішіндерді  жасау 
кезінде түсті бояу мөлшерінің баланс бағдарламасы ерекше орын алады.  
Сұр, қара және қараланған түс реңктерінде үш түсті бояу мөлшері сұр 
реңктер  балансына  сәйкес  азаяды.  Сәйкесінше,  дұрыс  емес  балансы 
бедерлемеде  суреттің  түс  өзгерісіне  әкелуі  мүмкін.  Бұл  бүліну  пейзаж 
және  көрініс  сюжеттерін  қалпына  келтіру  кезінде,  сондай-ақ,  көркемдік 
суреттерді  қалпына  келтіру  (бейнелеу  түпнұсқалары)  кезінде  аса  анық 
байқалады.  
Түс  бөлінуі  бойынша  бағдарламаларда  растралық  элементтің 
салыстырмалы  аудандарының  шамалары  және  еуропалық  триада 
бояуларын  қолданумен  басуға  арналған  түстері  бөлінген    растралық 
диапозитивтердің  «сұр  түс  бойынша»  баланс  сияқты  параметрлер 
қолданылады.  
Растралық  элементтер  шамаларының  арақатынасы  сынамалық  және 
тираждық  түсті  триадалық  баспаны  бақылауға  арналған  үш  бояулы 
шкалалар  өрісінде  де  салынған.  Бедерлемеде  бұл  шкала  өрісі  сұр  түсті 
болуы  тиіс.  Бұл  баспа  кезінде  бояулардың  дұрыс  балансын, 
фотопішіндерді  дұрыс  жазған  жағдайда,  түпнұсқа  және  қалпына 
келтірілген суреттерде түстердің сәйкес келуіне кепіл болады.  
Алты  бояуға  түс  бөлінуі.  Триадалық  бояулармен  басудың  негізгі 
кемшілігі – салыстырмалы түрде кіші түспен қамту, әсіресе, қанық қызыл 
және жасыл түстері нашар бейнеленеді. Бұл кемшіліктің орнын толтыру 
үшін  1940-1950  жылдардан  бастап  алты  стандартты  түске  түс  бөліну 
бойынша  тәжірбиелер  басталды.  Түсті  төрт  бояулы  синтездеумен 
салыстырғанда,  алты бояулы  синтездеу  офсеттік  қалпына  келтірудің  түс 
алуандығын  (қамтылуы)  кеңейтіп  қана  қоймай,  градацияның  реттелуін 
жеңілдетіп, басу процесін тұрақтандырады.  
 Нexachгome және Hi-Fi Соlor технологиялары 1950-жылдары отандық 
баспа  ісінде  қолданылды.  Түс  бөліну  және  көп  бояулы  суреттер  СМYК 
триадалық  бояулар  жүйесіне  бір,  екі  және  одан  да  көп  қосымша  бояу 
қолданумен  басылады.  Әдетте,  бұл  технологияда    RGB    аддитивті 
жүйенің  бір,  екі  немесе  барлық  үш  бояу  қолданылады,  алайда  басқа  да 
бояуларды қолдануға болады, мысалы, сарғылт немесе күлгін. Қосымша 
бояулардың  мөлшері  және  түс  реңкі  бейнеленетін  түпнұсқаның  басым 
түс мөлшерімен анықталады.  
CMYK  +  PANTONE  (қоспажәне  арнайы  бояулар,  лактар)  –  CMYK  
кәдімгі  бояулардан  бөлек,  қосымша  қоспа    немесе  арнайы  бояулар  мен 
лактар қолданылатын басу әдісі. Олар бедерлеме бейнелігін жақсартады, 
бедерлеменің жеке сурет бөліктерін бояумен бөлу немесе оларға арнайы 
қасиеттер беру үшін қолданылады.  
 
 
 
 
 
165 


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ  
 
1. 
Түс палитрасы дегеніміз не? Түс палитраларының қандай түрлері 
бар? 
2. 
 RGB режимі дегеніміз не? Оның негізгі ерекшеліктері қандай? 
3. 
 CMYK  режимі  қандай  жағдайларда  қолданылады?  Оның   
артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? 
4.      LAB режимі дегеніміз не? 
5. 
Түсті түзету дегеніміз не? Түс түзетудің қандай әдістері бар? 
6.     Түс түзетуге қандай арнайы жабдықтар қолданылады? 
7.     Түсті «көз өлшемімен» түзетудің мәні қандай?  
8.     Түс бөлінуі дегеніміз не? Оның технологиялары қандай? 
9.          ТБМ  технологиясында  сұр  түс  бойынша  баланс  қандай  рөл 
атқарады?   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    166 


 
ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ 
 
 
 
 
Авантитул (фр. avant — алдында және лат. titulus — жазу, тақырыбы) 
—  титулдық  беттің  алдындағы  кітаптың  бастапқы  беті.  Қосарлы  титул 
бетінің бірінші беті. Негізгі титулдық бетті жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
Авантитулда  әдетте  фронтиспис,  тақырып  алдындағы  мәліметтер 
орналасады,  кейбір  жағдайда  –  шықпалық  мәліметтер,  баспа  маркасы, 
автор  фамилиясы  мен  тақырыбы  орналастырылады.  Авантитулдың 
басқаша атауы – фортитул.  
Акциденттік  қаріптер  —  акциденттік    теруге  арналған,  сондай-ақ, 
қаріппен белгілеуге арналған және т.с.с. қаріптер (титулдық бет, таңбаша, 
афишалар,  плакаттар).  Бұл  теру  түрі  алуан  түрлі  және  күрделі,  қаріптік 
элементтермен  қатар,  көркемдік-безендіру,  белгілеу  элементтерінен 
тұрады.  
Альфа-канал  —  сурет  файлына  қосылуы  мүмкін  қосымша  канал. 
Альфа  түріне  байланысты  түссіздік  туралы  ақпараттан  тұрады,  әртүрлі 
түссіздік  деңгейлеріне  ие.  Жалпы,  альфа-канал  барлық  басқа 
каналдардың  түссіздігін  анықтайды.  Қолданылатын  түрі  бағдарламалық 
қамтамаға байланысты.  
Бастапқы әріп — бірнеше жолға түсетін және мәтінмен жиектелетін 
үлкен  бас  әріп.  Тарау  немесе  бөлім  басында  безендіру  ретінде 
қолданылады.  
Аспалы  жол  –  мәтіннің  алдыңғы  жолағы  немесе  бағаны  соңында 
қалған,  абзацтың  алғашқы  үзік  жолы  немесе  мәтіннің  келесі  жолағы 
немесе  бағанының  басына  түскен  абзатың  соңғы  жолы.  Типографикада 
қате деп саналады. 
Шығару  және  енгізу  —  абзацтардығ  соңғы жолдарын түзеу,  аспалы 
жолдарды  жою  үшін  қолданылады.  Енгізу  –  келесі  жолақтан  алдыңғы 
жолаққа бір немесес бірнеше әріптерді (жолдарды) ауыстыру. Шығару – 
бір немесе бірнеше әріпті (жолды) келесі жолаққа ауыстыру.  
Түзету  —  мәтінді  жолақтың  сол  және  (немесе)  оң  жақ  вертикаль 
шекаралары бойынша түзетілуі.  
Гарнитура — бір суреттің барлық өлшемді және кескінделуі әртүрлі 
белгілер жиынтығы.  
 
167 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау