түсінігі сурет реңктері арасындағы сандық айырмашылығын білдіреді.
«Сұр түс градациясы» және «түс реңкінің градациясы» терминдері де
кездеседі.
Сұр түс градациясы – сұр түстің әртүрлі сатылары: ақ түстен қанық
қара түске дейін (немесе керісінше).
Түс реңкінің градациясы – бір түс реңкінің әртүрлі сатылары: ақ түстен
максимал қанық түске дейін.
Градациялық қисық – түрлендіруге дейінгі және кейінгі сурет
градациясыныңөзара
байланысының
графикалық
сипаттамасы
(геометриялық бейне).
Ол баспалық көшірмелеу кезінде сурет түпнұсқасының түрленуін
сипаттайды және түпнұсқа және бедерлеме оптикалық тығыздық
шамаларының өзара байланысын анықтайды. Ақ-қара түсті суретке
арналған градациялық қисық (Adobe PhotoShop редакторында) 8.1-
суретте келтірілген.
8.1-сурет. Adobe PhotoShop редакторында ақ-қара түсті суретке арналған
градациялық қисық
Көру қабілеті реңкетрдің бейнелену қателіктеріне түстің бейнелену
қателіктеріне қарағанда сыни қарайды. Басқаша айтқанда, ми жалпы
қабылданған түсініктерге негізделе отырып, түсті түзете алады, бірақ
бедерлемеде болмаса жеке түс реңктері арасында қанықтылығын
ажырата алмайды. Көбінесе бедерлемедегі көлеңкелер «толтырылып
158
кеткен», ал беті – жайпақтылық, көлеңкелік қанықтылықтың аз болуы
салдарынан сурет бөлшектерінің болмауы. Фон реңкі мен түсі қанық
болған сайын, осы фонда бөлшектерді ажырату үшін қанықтылығы
жоғары болуы тиіс.
Бедерлемеде бейнелеу үшін түсті суретті түрлендірудің оңтайлы
қисығы деп түпнұсқаның түспен қамтылуын «баспа бояулары – баспа
қағазы – баспа процессі» жүйесінің түспен қамту шамасына дейін
қысатын қисық саналады. Бір түсті ақ-қара суреттер үшін түрлендіру
градациялық қисығы жалғыз болады. Түсті суреттер үшін градациялық
сипаттамалардың саны суретті басу кезінде қолданылатын бояулар
санына тең. Қазіргі аппараттық және бағдарламалық құралдар суретті
элементтік өндеу жүйесімен бірге түпнұсқаның түспен қамтылуын
бірқатар факторларды ескере отырып, қысуға болады. Мысалы, қағаздың,
бояудың физика-технологиялық ерекшеліктері, басу әдісі, жалпы
суреттің визуалдық қабылдануы ескеріледі. Элементтік өндеу жүйесінің
икемділігінің кең болғаны соншалық, ол суреттердің кейбіра аймақтары
негативті болатындай түрлендіре алады, яғни градациялық қисық ойыс
және дөңес («өркешті») болуы мүмкін. Негізінен, Adobe PhotoShop сұр
және түсті суреттердің градациялық түрлендіруін автоматты түрде
орындайды. Егер таратып алу қисықтары немесе жақсы ІСС-профиль
қолданылатын болса, PhotoShop автоматты түрде реңк диапозонының
ақырғы нүктелеріне минимал және максимал баспа нүктелерінің өлшемін
автоматты тағайындайды. Көп жағдайда автоматты түзету жеткілікті
болады.
Баспа ісі суреттің түспен қамтылуының жеті әртүрлі реңктік аралық
аймақтарын ажыратады. Олар түстер немесе сұр реңктердің таралуын
талдау үшін пайдалы және полиграфиялық қалпына келтіру үшін
түрлендіру кезінде сурет параметрлерін ең жақсы түрде қалай реттеуге
болатынын анықтауға көмектеседі.
Ақ нүктесі – бедерлемеде басқа көрінетін элементтерсіз таза ақ болуы
тиіс сурет аймағы, тіпті бұл аймақ түпнұсқада басқа түспен боялған болса
да. Алайда барлық суреттерде ақ түсті аймақтар бола бермейді. Ақ
нүктесі бедерлеменің ең ашық аймақтарында, яғни диффузиялық
түстерде орналасады.
Диффузиялық жарықтар – суреттің ең айқын аймақтары.
Бедерлеменің растралық элементтері үшін ең айқын аймақтардың типтік
мәні басу әдісі және қағаз сапасына байланысты 2-10% аралығында
болады.
Жарықтар – сұр және түсті реңктердің мәні 18-30% болатын аймақ,
орташа мәні – бедерлеменің растралық элементтерінің максимал мәні
25% шамасында.
Орташа реңктер немесе жартылай реңктер – сұр және түсті реңкі
35-65% аралығында, яғни, орташа есеппен максимал мүмкін мәннен 50%
параметрлерлі сурет аймақтары.
Көлеңке – сұр түске немесе сұр реңк деңгейі шамамаен 65-80%
аралығы, яғни орташа мәні шамамен 75%.
159
Терең көлеңке – сурет бөлшектері әлі де бар ең қараңғы аймақтары;
растралық элементтердің берілген баспа технологиясын қамтамасыз ете
алатын ең үлкен шамасына сәйкес келеді. Суреттің қараңғы бөліктері
қосылып кетеді және біртұтас қаратүс болып басылады. Диффузиялық
жарық аймақтары жағдайындай, көлеңкенің ұсынылатын мәні
қолданыдатын баспа әдісі мен қағаз сапасы кешенінен тәуелді.
Көлеңкенің мәндері 75% басталып (газеттік орама баспа машинасымен
жұмыс жасау кезінде қатты сіңіруші газет қағазы үшін), парақты баспа
машинасында басу кезінде ең жоғары сапалы жылтыр қағаз үшін 98%
дейін жетеді.
Қара нүкте – қара түспен басылуы тиіс сурет аймағы, басқаша
айтқанда, бұл көлеңкемен салыстырғанда қараңғы аймақ.
Осылайша, бедерлемедегі түпнұсқа суретін бейнелеу градациялық
қисықтары
сюжеттік
ерекшеліктермен,
технологиялық
процесс
ерекшеліктерімен, қолданылатын жабдықтар мен материалдармен,
сондай-ақ, қалыптасқан дәтүрлермен анықталады.
Арнайы жабдықтар көмегімен түзету. Түс түзету үшін әртүрлі
арнайы жабдық түрлері қолданылады. Ең алдымен, бұл түс өлшеуге
арналған құралдар – колориметрлер және спектрофотометрлер.
Аспаптардың бұл екі түрі объект бетінен шағылысқан (түссіз емес
үлгілер үшін), объекттен өткен (түссіз үлгілер үшін) немесе объекттің
шығаратын (өздігінен жарықтанатын үлгілер үшін) жарық сәулесінің
ағынын өлшейді.
Колориметрлер
сәулеленудің
спектрін
анықтамастан,
түс
координаталарын тікелей өлшейді. Бұл үшін өлшенетін жарық ағыны
арнайы түс фильтрлері жүйесінен өтеді, олардан жасыл және көк
спектрлік құраушылар (RGB түс координаталарын есептеу үшін)
бөлінеді, немесе арнайы спектрлік пішіндерден өтеді. Олар сәулеленудің
спектрлік таралуын пішіні бойынша стандартты калориметрлік
бақылаушыны қосу қисықтарына әкеледі (XYZ координаталарын
анықтау үшін). Мұндай құрылымды қолдану спектрофотометрмен
салыстырғагда калориметр құнын айтарлықтай төмендетеді, алайда аспап
дәлділігін төмендетуге әкеледі және оны қолдану диапазоны күрт
шектейді. Колориметр үлгі координаттарын үш жарық ағынының
интенсивтілігі бойынша анықтайтын болғандықтан, өлшеу нәтижесінде
сәулеленудің спектрлік таралуы әртүрлі және физикалық тұрғыда бір-
біріне тең емес екі жарық үлгілерін калориметр бір-бірінен
ерекшеленбейтіндей анықтауы мүмкін. Түстерді осылайша қабылдау
адам көру мүшесіне сай келеді, сондықтан баса ісінде калориметрлер
бедерлемелер мен түпнұсқа түстерін өлшеуге, сондай ақ, мониторларды
калибрлеу үшін қолданылады.
Спектрофотометрлер түс өлшеуге арналған ең дәл құралдар болып
табылады.
Олар
үлгінің
спектрлік
шағылысу
және
өткізу
коэффициенттерін анықтады, сонымен қатар өздігінен жарықтанатын
заттардың сәулелену спектрлерін өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін
маонохроматор немесе интерференционды фильтрлер көмегімен
160
Достарыңызбен бөлісу: |