Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет62/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

 
бояуларын  (көгілдір,  күлгін  және  сары)  түсірген  кезде  автоматты  түрде 
бедерлемеде  алынуы  тис.  Олар  «сұр  түс  бойынша»  балансқа  сәйкес, 
белгілі  мөлшерде  және  басу  барысында  бояу  берудің  максималды 
нормасында алынуы тиіс. Алайда, іс жүзінде қағазда қою қоңыр түсі  
алынады,  сондықтан  триадаға  қара  түс  қосылған  болатын.  «Артық» 
түстің  пайда  болуы  оның  шығарылу  заңдылықтарын  және    оның  болуы 
тиіс реңктерді анықтауға мәжбүрледі. Төрт түсті түс бөліну әдістеріндегі 
айырмашылық қара түсті бояуға арналған суретті түзу (құру) әдістерімен 
байланысты.  
Қазіргі уақытта үш түс бөліну технологиялары белгілі: 
1)  қара  түсті  бояудың  скелетік  градиациясымен  дәстүрлі  түс  бөліну 
технлогиясы; 
2)  UCR (Under Color Removal) технологиясы; 
3) ICR немесе GCR (Gray Component Replacement) технологисы.  
Қара  скелеттік  градиациямен  дәстүрлі  түс  бөліну  технологиясы.
 
Бұл  технологияда  қара  түс  ең  қараңғы  аймақтарда  үш  триадалық  түстің 
үстінен  түсіріледі.  Бұл  технологияның  ең  басты  қолайсыздығы 
бедерлеменің  ең  қараңғы  аймақтарында  максимал  бояу  деңгейі  400%-ға 
жетуі  –  әрқайсысына  100%  келеді.  Басу  кезінде  бұл  әрбір  қағаз  бетін 
мұқият  кептіруді немесе  кірленуге,  яғни бояудың  келесі  қағаз  бетінде  із 
қалдыруын  болдырмауға  арналған  кірленуге  қарсы  ұнтақтар  мен 
сұйықтарды  пайдалануды қажет етеді.  
UCR  технологиясы.  UCR  технологиясы  ресейлік  техникалық 
әдебиеттерде  «қара  түске  қарай  есептеу»  технологиясы  деп  белгілі. 
Технологиясының  мәні  –  түс  бөлінген  фотопішіндерді  (баспа  пшіндері) 
дайындау  кезінде  түсті  түпнұсқаның  бір  элементінде  бар  триаданың  үш 
түсті  бояуларын  оның  түс  бөлінген  фотопішінде  (баспа  пішіндері)  қара 
түсті бояудың эквивалентті мөлшерімен ауыстыру.    
Әсіресе,  түсті  қараңғы  суреттерді  басу  кезінде  көбінесе  суреттің  ең 
қараңғы  жерлерінде  қиындықтар  туындайды,  сондықтан,    қара  бояу 
түсірілетін  жерлерге  триадалық  бояулардың  (CMY)  мөлшерін  азайтқан 
жөн,  бұл  олардың  жалпы  мөлшерін  азайтады.  Осы  себеппен,  бұл  әдіс 
ресейлік  техникалық  әдебиетте  «қара  түске  қарай  есептеу»  атауына  ие 
болды.  Оны  қолдану  кезінде  триадалық  бояулардың  бірдей  мөлшерінен 
тұратын  барлық  реңктер  («бейтарап»,  ахроматикалық  реңктер)  сұр  түс 
бойынша  балансқа  өте  сезімтал  болып  шығады  және  басу  кезінде  оның 
сақталуын мұқият бақылау қажет.  
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  түс  бөлінуі  кезінде  UCR 
технологиясын  қалған  реңктерге  әсер  етпестен,  негізінен,  қараңғы 
түстерге қатысты қолданады.  
ICR  технологиясы.  Аса  жылдам  көп  бояулы  беттік  және  орамалық 
баспа  тарқату  және  кептіру  мәселелерінің  бетін  ашты.  Түсті  суреттерді 
қалпына  келтіру  кезінде  осы  мәселені  шешудің  мақсатқа  сай  және 
экономикалық тиімді шешімі – түсті баспа бояуларын минимизациялау  
 
 
 
 
163 


(ТБМ технологиясы) технологиясын қолдану және суреттің   түс реңкі 
түсті  бояулардың  үш  рет  түсірілуі  есебінен  құрылатын  жерлернде  қара 
түсті бояумен эквивалентті алмастыру.  
 Бедерлемеде  түсті  дәстүрлі  синтездеуде    барлық  түсті  реңктерді, 
сондай-ақ, сұр және қара реңкетірін бедерлемеде үш түсті бояуларға (70% 
дейін)  қара  түсті  қосу  (скелеттік  қара)  арқылы  алынады.  Әрбір  түс  қара 
және  тек  бір  немесе  максималды  екі  түсті  баспа  бояуларын  қосып 
алынған  бедерлемеде  түсті  суретті  берілген  синтездеуді  ағылшын 
әдебиетінде  ICR немесе GCR (Gray Component Replacement) терминімен 
анықталады, ал барлық үш бояу мөлшерін минимал қолдану UCА (Under 
Color  Addition)  терминімен  беріледі.  (Түсті  бояуларды  минимизациялау  
«ТБМ  технологиясы»  терминін    ресейлік  техникалық  әдебиетке  1986 
жылы Н. А. Аваткова енгізді).     
ICR  технологиясының  мәні  –  қара  түсті  құраушы  тек  қараңғы 
бейтарап реңкетрде ғана емес, түсті суреттің барлық реңктерінде болады 
(таза  түстерді  ескермегенде).  ICR  жүйесінде  реңктер  үш  немесе  одан  аз 
бояулардан алынады, олардың бірі – әр уақытта қара түсті. Түс бөлінудің 
мұндай әдісінде бояудың максимал деңгейі 300% жоғары болмайды.  
Іс  жүзінде  толық  немесе  максимал  ICR-әдісі  әдетте  қолданылмайды. 
Екі  түсті және  қара  түсті  үш  түске  аз  мөлшерде  төртінші  түс қосылады. 
Алайда  бұл  жоғары  сапалы  суретті  алу  үшін  жеткілікті.  Бұл  әдіс  көп 
қолданылмайды,  әдетте,  қараңғы  реңктерде  және  қара  түсте 
қанықтылықты  қажет  ететін  суреттерде  қолданылады.    Әдістің  мұндай 
түрленуі UCR (Under Color Removal) деп аталады.  
Қазіргі  компьютерлік  баспа  жүйелерінің  бағдарламалық  құралдары 
ұсынылатын  нұсқалардың  ішінде  ICR  технологиясының  әртүрлі 
нұсқаларын таңдауға және жеке қара түс бөлу қисығын құруға  мүмкіндік 
береді.  
Ресей  әдебиетінде  ICR  технологиясы  қара  түстің  есебінен  түсті 
бояуларды  минимизациялау  технологиясы  (ТБМ,  ахроматикалық 
синтездеу)  ретінде  белгілі.  Түсті  бояуларды  минимизациялау,  ICR 
технологиясы сияқты баспа бедерлемесінде басу барысында түсті суретті 
синтездеу  технологиясы, мұнда  ахроматикалық  (сұр)  түс  құраушысынан 
(ақ  түстен  қара  түске дейін)  тұратын барлық  реңктер  қара  түске  бір, екі 
немесе үш түсті триадалық бояуларды (сары, кұлгін, көгілдір) барынша аз 
мөлшерде қосып синтезделеді.  
Түсті реңктерде сұр құраушыны 100% қара түске алмастыру процессі 
көптеген себептермен іске асырылмайды.  
ТБМ  технологиясын  барлық  түпнұсқалар  үшін  бірдей  қолдануға 
болмайтынын  есте  сақтау  қажет.  Технологияны  қолданудың  негізгі 
мақсаты  –  баспа  процесін  жеңілдету,  әсіресе,  төрт-  және  бес  бояулы 
беттік және орамалық баспа машиналарында, яғни, «шикідей», бедерлеме 
сапасын  қатты  нашарлататын  және    баспа  жылдамдығын  мәжбүрлі 
төмендетуден, соның салдарынан машинаның өндіргіштігінің  
 
 
 
 
    164 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау