14
жақсы құрал бола алады, мысалы, мұғалімге балалармен бірге жұмыс істей
отырып, ӛзара әрекеттесе және түсіндіре алатын қызықты, мультимедиялық
ресурстардың жақсы құрылымдалған топтамасын жасауға мүмкіндік береді.
Ӛзінің топтық жұмысы үшін интерактивті тақтаны пайдаланған балалар
сыныптағы барлық жұмысқа жоғары деңгейде қатысады. Бірақ олардың
интерактивті тақтаны тиімді пайдалануы мұғалімдердің оларды топтарда қалай
жұмыс істеуіне дайындағанына байланысты болады, мысалы, олармен қалай
сӛйлеу мен бірге жұмыс істеудің «негізгі ережелері» бойынша келісуде.
Жалпы айта кетсем, интерактивті әдістердің тиімділігін тӛмендегідей
нәтиже кӛрсетті:
- ойындар оқушыларды инновациялық іс-әрекетке кіргізеді, ӛзін-ӛзі
тануына түрткі жасады;
-
жеке
тұлғалық
қасиеттерін
дамытты
(дарыны,
қабілеті);
- ӛзін-ӛзі басқара білуі, ӛз бетімен алдындағы мақсатқа жетуін ұйымдастырды;
- алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық, жинақтық қасиеттерін дамытты;
- білімді тереңдетті, толықтырды;
- сӛздік қорлары байып, ауызекі сӛйлеу тілдерін жетілдірді.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Ӛз ойларын
ашық , нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа
деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы кӛтерілді.Егер де жаңа
технология элементтерің сабақта ӛз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, ӛз
нәтижесін береді деп ойлаймын. Бастауыш сынып оқушыларына лайықты
мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас
арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес
екендігіне, оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып, оны
шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана
жұмысымыз нәтижелі болмақ.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы .
2.Құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырма// 12 жылдық
білім беру, 3-2008. -20-21б.
3. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология.- Алматы: Алматы,
2004.
4. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару.
Алматы-2014.
5. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші
базалық деңгей ІІІ басылым «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,2012.
6.Б.Тұрғынбаева. "Дамыта оқыту технологиялары" Оқу-әдістемелік
құрал.– Алматы,2000.
15
ПИЛОТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҦНЫН
АПРОБАЦИЯЛАУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҦМЫСТАРЫ
Акылбекова С.М.
Степногорск қаласы С.Сейфуллин атындағы №5 кӛпсалалы мектеп-лицейі
saule.akylbekova771@mail.ru
Жаңартылған білім беру бағдарламаның мәні баланың функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы ӛзінің мектеп қабырғасында алған
білімін ӛмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі — «Ӛмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Пилоттық
жоба ретінде таңдалған мектептегі бірінші сынып оқушыларын жалпы
мектептің ортасына бейімдеу жүргізіліп, оқытуда әріп тануға, оқу мен
жазуға үйрету, ана тілі , орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен айтылым–
тыңдалым дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Критериалды бағалау формативті,ішкі жиынтық және сыртқы
жиынтық бағалау арқылы іске асырылады. Формативтік бағалау-бұл
оқытудың қандай сатыда екенін, оқушының нәтижесі жоғары болу үшін не
істеу керектігін, тоқсан бойы оқыту мен оқу үрдісінде үздіксіз кері
байланысты қамтамасыз ету үшін оны қалай істеу керектігін белгілеу
мақсатында оқыушы мен оқытушы қолданылатын дәлелдерді іздестіру және
кӛрсету. Оқушылардың формативтік бағалау нәтижелері «жетті» (оқыту
мақсаттары) немесе «талпынды» айқындамалары түрінде тіркеледі.
«Бұған дейін жасалғандардың бәрін
одан да жақсырақ етіп жасауға болады».
Генри Форд
Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында білім сапалы біліммен
қамтамасыз ету. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мҥдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт Кӛшбасшысы
Н.А. Назарбаев білім беру саласының басты міндеттерін айқын белгіледі:
Біріншіден, барлық дамыған елдердегідей сапалы бірегей білім беру
жүйесін қалыптастыру. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын
жақсарту.Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.Мектеп
түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білу. Тілдерді оқыту
нәтижесі бойынша оқушылар сындарлы ойлау, ӛзіндік ізденіс пен ақпаратты
терең талдау машығын игерулері қажет, - деп кӛрсеткен болатын.
Білім беру жүйесін жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру
ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясымен бірлесіп
мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын» дайындады.
Жаңартылған орта білім мазмұның енгізу арнайы бекітілген кесте