Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет3/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219

12 

 

қиындықтар  аз  кездескен  болатын,  ӛйткені  ол  кезде  сыныбым  4-сынып 



болатын. 

Қыркүйек  айында  алдымда  бірінші  сынып  оқушылары  отырғанда 

алдымда  кӛптеген  жұмыстар  мен  қиындықтар  тосып  тұрғанын  түсіндім. 

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, оқушылардың жас ерекшеліктерін 

ескере отырып, жаңа бағдарламамен жұмыс жасау міндеті қойылды. 

Осы жұмысты іске асыру мақсатында 25 оқушыны қабылдап алдым. Оқу 

жылының  бірінші  аптасында  ата-аналарды  жаңартылған  білім  беру  мазмұны 

мен мақсатымен таныстырып ӛттім. Бұрынғы оқу бағдарламасынан ерекшелігі 

әр  оқу  мақсаты  қалыптастырушы  бағалау  арқылы  («талпынды»  және  «жетті») 

деп бағаланады. 

Оқушыларды  алғашқы  күнненнен  бастап  жеке,  жұппен  және  топпен 

жұмыс  істеуге  дағдыландыра  бастадым.  Себебі  жаңартылған  білім  беру 

мазмұны бағдарламасында тӛрт тілдік дағдыға: тыңдалым, айтылым, жазылым, 

оқылым дағдыларын қалыптастыру бағытталған. 

Мен  ӛз  іс-тәжірибемде  түрлі    интерактивті  әдістерді  қолданып  келемін. 

Олар: Рольдік  ойындар,  миға  шабуыл,  дебат  әдісі,  дискуссия  әдісі,  тағы  сол 

сияқты  түрлі  ойындарды  қолданамын.  Бұл  әдістерді  қолдану  барысында, 

оқушылардың  ойлауы,  іскерлік  дағдысы  қалыптасып,  қабілеті,  дарыны  дамып 

сонымен бірге олар ӛз ойын тез жинақтай білуге, бір-бірімен пікір алмасып, ой 

қорыту  процесі  жылдам  жүріп,   сӛйлеу  дағдыларының    қалыптаса  бастағаны 

байқалды.  

Сауат  ашу  пәнінің  әліппе  кезеңінде  ойын  түрлерін  кӛбірек  қолданудың 

кӛмегімен  оқушылардың  әріптерді  танып  білуін  және  сӛздер  мен  сӛйлем 

құрауды  үйреттім.  Мысалы  мынадай  ойындар:  «Адасқан  әріптер»,  Қай 

дыбысты 

дыбыстадым?», «Әріп 

тастамақ», 

 «Қай 


буынды 

жоғалттым?», «Ұйқасын  тап»,  «Сӛзді  есіңе  сақта», «Сӛз  ойла,  кӛп 

ойла»,«Қайсысы  қалай  дауыстайды  ?»,«Жалғасын  тап», «Кім  тапқыр 

?», «Жасырын  сӛз»,«Жоғалған  сӛздер»,«Бӛтен  буынды  тап»,«Кім  шапшаң 

сӛйлем құрайды ?» т.с.с. 

Сонымен  қатар    жаңа  технологияға  сай  интерактивті  құралдарды 

қолданып отырамын.  Мысалы сауат ашу пәнінен жануарлардың тӛлдерін қалай 

шақырады  дыбыстарын  тыңдай  отырып,  естігендерін  жазды.  Байқағаным  әр 

оқушы әр түрлі естіп, дыбыстап жазды. Мысалы «Мәә - мәә», «мее - мее», «бӛӛ 

-  бӛӛ»,  «бее  -  бее»  осылайша  жануарлардың  тӛлдерінің  қалай  дыбыстайтынын 

тез  меңгеруді  үйреттім.  Ал  түрлі  суреттер  мен  видеокӛріністердің  кӛмегімен 

оқушылар   кӛре отырып,  есте  сақтау  қабілеттерін  арттыруда   тақта  беттерінің 

мүмкіншіліктерін  кеңінен  пайдалана  алды.  Ал  математика  пәнін  оқытуда 

интерактивті  тақтаның  қажеттілігі  шексіз  деп  ойлаймын.    Power  point 

презентациясы  мен  гиперссылканы  қолдана  отырып  түрлі  тапсырмалар  ойлап 

шығардым. Мысалы бір ертегі жүйесімен түрлі кейіпкерлердің тапсырмаларын 

даярлап  қызықты  етіп  сабақ  ӛткіздім.  Сауат  ашу  пәнінде  сол  ертегінің  желісі 

бойынша  оқушы  суретті  ертегі  құрастырып,  айтып  берді.  Интерактивті  тақта 

балалардың  топтық  қызметін  ұйымдастыру  үшін  жақсы  құрал  бола 



13 

 

алатындығына, мысалы, мұғалімге балалармен бірге жұмыс істей отырып, ӛзара 



әрекеттесе  және  түсіндіре  алатын  қызықты,  мультимедиялық  ресурстардың 

жақсы  құрылымдалған  топтамасын  жасауға  мүмкіндік  беретіндігіне  кӛзім 

жетті. Ӛзінің топтық жұмысы үшін интерактивті тақтаны пайдаланған балалар 

сыныптағы барлық жұмысқа жоғары деңгейде қатыса білді.  

Сонымен    интерактивті  тақтаны  орынды  қолдану  оқыту  сапасын 

арттыруға  кӛмектесетіндігіне  және    сабаққа  қатысушылардың  барлығының 

ойын  бір  ортаға  жинақтап,  қажет  ақпаратты  ӛңдеу  арқылы  жалпыланған 

ақпараттық 

біліктілікті 

қалыптастыратын 

тиімді 

құрал 


болып 

табылатындығына кӛзім жетті. 

Әрбір  оқушының  білім  деңгейін  талапқа  сай  кӛтеру  үшін  интерактивті 

технологияларды  тиімді  қолдану  қажет  деп  ойлаймын.  Осындай  жұмыстарды 

үнемі  жүргізіп  отырсақ,    оқушылар  шығармашылыққа    баулиды,  сын 

тұрғысынан  ойлауға,  шәкірт  бойындағы  қабілет  кӛзі  ашылады,  тілін  байлығы 

артып,  ӛз  бетінше  ізденуге  және  зерттеу  дағдылырының  қалыптасуына  зор 

әсерін тигізеді деп ойлаймын. 

Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша  ата-аналар  мен  оқушылар 

үшін  ӛте  қызықты  болып  жатқан  жаңа  пән  жаратылыстану  пәні.  Бұл  пәннің 

ерекшелігі  оқушыларды  ғылымға  бастама  жасауға,  зерттеушілік  қабілеттерін 

арттыруға  бағыттайды.  Жаратылыстану  пәнінің  физика,  химия,  астрономия 

пәніне кіріспе сабақ екендігі де оқушыларға мәлім.  

Біз  бұл  сабақта  әр  тақырыпқа  байланысты  түрлі  зерттеу  жұмыстарын 

жүргіземіз.  Мысалы  «Жарық»    тақырыбында  оқушылардың  алдарына  бос 

қорап,  фонарик,  айналар,  тақтайшаларды  қойып,  жарықтың  адам  ӛміріндегі 

маңызы  мен  пайда  болуы,  табиғи  жарық  пен  жасанды  жарық  түрлерін  танып 

білді  .  Оқушыларға  түрлі  сұрақтар  қою  арқылы  ӛздеріне  әр  түрлі  зерттеулер 

жүгізуді ұсындым. Мысалы: жабық қорап ішіндегі затты қалай кӛруге болады? 

Жарықты  неліктен  қолданамыз?,  Айналарды  қолдану  арқылы  тақтайшаның 

екінші жағына қалай жарық түсіруге болады?. Әрине зерттеу жұмысын жасауда 

ойланып,  қиналатын  оқушылар  да  жоқ  емес  әйтсе  де  балалардың  кӛпшілігі 

қызыға жұмыс атқарады. 

Ал  дүниетану  сабағында  оқушылар  кӛбіне  топпен  жұмыс  жасағанды 

ұнатады.  Мысалы:  «Табиғаттағы  құбылыстар»  тақырыбын  ӛткен  кезімізде  әр 

топ ӛз  жыл  мезгіліне  байланысты  табиғаттағы  құбылыстарды,суреттеп  жазып, 

топтастырып  постер  құрап,  жасаған  жұмыстарын  қорғап  айтып  берді.  Дұрыс 

тамақтану  –  денсаулық  кепілі  тақырыбын  ӛткен  кезімізде,  оқушылар  кафеде, 

асханада  болған  жағдайларды  рӛлге  еніп  сомдап,  бір-бірімен  диалогқа  түсе 

білді. Әр топ үйлерінен түрлі – түсті қима суреттер алып келіп «Ас – адамның 

арқауы»,  «Ас  атасы  -  нан»,  «Ас  иесімен  тәтті»  деген  тақырыптарға сутеттерді 

сәйкестендіріп  фотоколлаж  жасады  және  әр  топ  кезекпен  жасаған 

жұмыстарымен  таныстыру  жүргізді.  Ал  «Мектеп»  тақырыбын  ӛткенімізде, 

«Мектеп  –  біздің  ортақ  үйіміз»  атты  эссе  жазғыздым.  Оқушылардың    жазған 

эсселері шағын болғанымен тақырыпты аша білді.   

Интерактивті  тақта  балалардың  топтық  қызметін  ұйымдастыру  үшін 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау