18
бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекелеген пәндер бойынша
қиындықтар да кездесті. Атап айтсам, ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінен
кезекші сӛздерін қолдануда қалыптастырушы ортаның жоқтығынан
оқушыларда тілге тӛселу баяулық танытуда. Әйтсе де пән мұғалімдерінің
шеберлігімен оқушыларға жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларды алға
жылжыту үшін саралау жұмыстары атқарылуда.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы ӛзінің мектеп қабырғасында алған білімін
ӛмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл
бағдарламаның негізі — «Ӛмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Пилоттық
жоба ретінде таңдалған мектептегі бірінші сынып оқушыларын жалпы
мектептің ортасына бейімдеу жүргізіліп, оқытуда әріп тануға, оқу мен жазуға
үйрету, ана тілі , орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен айтылым–тыңдалым
дағдыларын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Критериалды бағалау формативті,ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық
бағалау арқылы іске асырылады. Формативтік бағалау-бұл оқытудың қандай
сатыда екенін,оқушының нәтижесі жоғары болу үшін не істеу керектігін,
тоқсан бойы оқыту мен оқу үрдісінде үздіксіз кері байланысты қамтамасыз ету
үшін оны қалай істеу керектігін белгілеу мақсатында оқыушы мен оқытушы
қолданылатын дәлелдерді іздестіру және кӛрсету.Оқушылардың формативтік
бағалау нәтижелері «жетті»(оқыту мақсаттары) немесе «талпынды»
айқындамалары түрінде тіркеледі. Ішкі жиынтық бағалау-тоқсан ішіндегі оқыту
ақпараты блогын зерделеуді аяқтаған кезде білімді,икемділікті және
дағдыларды қолдану деңгейін айқындау және тоқсандағы,оқу жылындағы
жиынтық бағаны айқындау үшін қолданылады. Оқушылардың жасаған
жұмыстары ата-аналарға кері байланысқа қысқаша түсінікпен кӛрсетіліп
таныстырылады.
Кері
байланыс-мұғалімге
оқытудың
қалай
жүріп
жатқанын,оқушы жетістігі мен қиындығы туралы хабардар етіп,оны шешуге
кӛмектесетін құрал.
Жаңа форматта жүргізілген сабақ үлгісін мұғалімдерге ұсынып,сабақта
қолданылған бағалау түрлерімен таныстыру, тәжірибемен бӛлісу қазіргі
күннің басты талаптарының бірі. Ӛзіміздің ӛткізіп жатқан сабақтарымызды,
ата-аналар
жиналыстарымызды
барынша
жаңа
үлгіде
кӛрсетуге
тырысудамыз. Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай
жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге
үйретіледі. Ұстаздар ӛз кезегінде олардың оқу процесіне деген
қызығушылығын арттыруға дағдыландырады.
Қорыта келе, мынаны атап ӛткім келеді: мектептегі білім беру мазмұнын
жаңарту жағдайында оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыруға жаңа кӛзқарас
мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен
жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған, кӛкейтесті
тақырып деп есептеймін. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының
жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу ретін әр мұғалім ӛзінің алдында отырған
19
оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отыра, ӛзінің кәсіптік шеберлігіне сай
таңдауы тиіс деп санаймын. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес.
Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс
жасалуы керек.Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең
ӛзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес
келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз.
Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді
дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі
мектеп құру - педагог- ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен
жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім
келеді .
Бастауыш сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың
әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту
мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне,оқу-тәрбие үрдісінің
небір қиын мәселелеріне тап болып,оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін
дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ. Міндет ауыр,
мақсат айқын. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы
қатарлы идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылы-
ғымызды арттыру үшін сыни тұрғыда ойлай алатын оқушылар қатарын кӛбейт-
сек, жақсы нәтижеге жететініміз сӛзсіз.
Әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
2.
Әдістемелік нұсқау хат. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы
3.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы
4.
Ақпарат кӛздері.
ОҚУШЫНЫҢ САНАЛЫ БІЛІМ АЛУЫНА ӚЗІН-ӚЗІ
РЕТТЕУДІҢ ӘСЕРІ
Анесий Азамат
Шортанды №3 қазақ орта мектебі
Шортанды ауданы, Қазақстан
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының мақсаттарына сай,
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасыбілім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен
және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне
кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-