Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет40/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   192

      2. Микроқаржы ұйымының шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат 
құралдарында ол жарияланған күнi таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекеттерде 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан 
Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етiлетiн ақпаратты 
бермеуi, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да 
көп рет) уақтылы бермеуi не микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берiлуi 
талап етiлетiн мәлiметтердi қамтымайтын ақпаратты беруi не анық емес ақпаратты беруi –
 
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 
пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен 
лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) 
бұзуы –
 
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Микроқаржы ұйымдарының клиенттермен жасасқан микрокредит беру туралы 
шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген 
сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, сол сияқты микроқаржы 
ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде 
айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы –
 
      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      6. Микроқаржы ұйымдарының клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың
 
                қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну
 
                мерзiмдерiн бұзуы
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 
№ 422-V
 Заңымен (16.12.2020 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық 
актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген 
мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) 
ұсынбауы –
 
      заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік 
құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті 
белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан 
да көп рет) ұсынбауы –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Банк холдингтерінiң, сақтандыру холдингтерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті 
белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан 
да көп рет) ұсынбауы –
 
      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 


      213-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 
№ 422-V
 Заңымен (16.12.2020 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      213-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасының
 
                талаптарын бұзу
 
      1. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес 
тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi 
белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге 
асыратын ұйымдардың мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол 
сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) 
уақтылы бермеуі –
 
      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес 
тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi 
белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге 
асыратын ұйымдардың анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе 
өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –
 
      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бiрiншi, екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
 
      заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және 
(немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан 
күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
 
      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      5. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi 
резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі 
және одан да көп) бұзуы –
 
      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      6. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге 
асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не 
Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзып, сол сияқты олардың құқықтық қабiлетiнің 
шегiнен шығатын операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –
 
      заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік 
көрсеткіштің кемінде екі жүз және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң 
кемінде төрт жүз және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың 
есептіліктегі көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған 
пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен 
лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы  –
 
      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау