қатысуы арқылы олардың жарғылық капиталдарына салынатын бюджеттік инвестициялардың
қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген нәтижелеріне қол жеткізбеуі -
лауазымды адамдарға – бірінші басшыларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну
тәртібі мен мерзімдерін бұзуы
1. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті
уақтылы ұсынбауы –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша анық емес
есептілікті ұсынуы –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Валюталық бақылау агенттерінің клиенттердің операциялары бойынша есептілікті
ұсынбауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
218-бап. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс
көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел
валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті
жүзеге асыру мақсаттары үшін есептілікті ұсыну
тәртібі мен мерзімдерін бұзуы
1. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта
нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге
асыру мақсаттары
үшін есептілікті уақтылы ұсынбауы –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта
нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары
үшін анық емес есептілікті ұсынуы –
заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
5. Уәкілетті банктердің сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ ішкі валюта
нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсаттары
үшін есептілікті ұсынбауы –
заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
219-бап. Әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан
асыру
Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген
әкімшілік шығыстар бойынша заттай нормалардан асыруы –
бірінші басшыларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
220-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015
№ 422-V
Заңымен (16.12.2020
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
220-бап. Клиенттерге банк қызметін көрсетуге байланысты
талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
уақтылы акцепт жасамауы немесе акцепт жасаудан бас тартуы («Ақша төлемі мен аударымы
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында және Қазақстан Республикасы Салық
кодексінің 581-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен бастап үш
жұмыс күнінен кешіктіріп), ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды (егер,
мұндай нұсқаудың шарттарымен оны орындау мерзімі белгіленсе, алынған нұсқауды акцепт
жасау күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктіріп не нұсқауды орындау мерзімінен
кешіктіріп) уақтылы орындамауы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес
пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
нұсқауда қойылғаннан ерекшеленетін, бенефициардың пайдасына немесе нұсқауда қойылғаннан
ерекшеленетін сомаға жасалған ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқауды орындауы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөнiндегi нұсқаулар сомасының бес
пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
клиенттердің төлем құжаттарын жоғалтуы -
заңды тұлғаларға әрбір төлем құжаты үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
1) жөнелтуші ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз
еткен кезде;
2) егер төлем құжатында қолдан жасау белгілері болмаса;
3) егер жөнелтуші ақша аударымы туралы нұсқауды жасау және ұсыну тәртібіне
қойылатын талапты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе)
шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтаса;
4) егер нұсқауға акцепт жасаудан бас тарту «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларға қатысты болмаса, ақша төлемі
немесе аударымы жөніндегі нұсқауға акцепт жасаудан негізсіз бас тартуы –
заңды тұлғаларға ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомасының бес
пайызы, бірақ екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
5. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
клиенттің банк шотынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген ақшаны
алу кезектілігін бұзуы –