Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет48/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   192

      заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      243-бап. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама
 
                туралы куәліктер бойынша немесе валюталық
 
                мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен
 
                айырбастау операциялары бойынша есептілікті,
 
                сондай-ақ ұлттық валюта мен шетел валютасын
 
                репатриациялау мерзімдеріне және шарттарына
 
                әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын
 
                растайтын ақпарат пен құжаттарды беру тәртібін
 
                бұзу
 
      1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе 
валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары 
бойынша анық емес есептілікті ұсыну –
 
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының 
аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес – заңды тұлғалардың филиалдары 
мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе 
валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары 
бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау –
 
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының 
аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес – заңды тұлғалардың филиалдары 
мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе 
валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары 
бойынша есептілікті ұсынбау –
 
      жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан 
Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды 
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) 
шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды 
уақтылы бермеу –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      8. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) 
шарттарына әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды 
бермеу –
 


      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      244-бап. Валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы
 
                куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу
 
                куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу
 
      1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар жөнінде хабарлама 
туралы куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру 
мерзімін бұзуы –
 
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының
 
                бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
 
                заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге
 
                тапсырыс берушiлерден жасыруы
 
      Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының 
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит 
жүргiзуге тапсырыс берушiлерден жасыруы –
 
      «аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес
 
                аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық
 
                қорытынды жасауы
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      1. Осы Кодекстің 249-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және 
аудиторлық ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы –
 
      аудиторларға – сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын 
тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы –
 
      біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға – бір жүз он айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата 
тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан 
кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
 
      біліктілік куәлігінен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым 
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –
 
      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы – 
 
      аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, 
аудиторлық ұйымға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау