Электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын орналастыруы бойынша нұсқаулық



жүктеу 66,83 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі66,83 Kb.
#12600


 

Электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс берушілердің бос жұмыс 

орындарын орналастыруы бойынша нұсқаулық  

1. Порталда тіркелу  

Порталда тіркелу үшін www.enbek.kz сілтемесі арқылы өтіп, бастапқы беттің жоғарғы оң 

жақ  бұрышында  орналасқан  «Кіру»  батырмасын  басу  қажет.  Ашылған  жаңа  терезеде, 

«Тіркелу»  батырмасын  таңдау  қажет.  Басқаннан  кейін  өрістерді  толтыруға  арналған  тіркеу 

нысаны ашылады  

 

Тіркелу нысанында: 



 

«Кім  болып  тіркелесіз:»  өрісінде  «Жұмыс  беруші»  нұсқасына  қарама-қарсы  белгіні 



таңдау және орнату қажет;  

 



қолданушының  атын  (логин)  енгізу  қажет,  ол  одан  әрі  Жеке  кабинетке  кіру  үшін 

пайдаланылатын болады;  

 

қолданыстағы e-mail адресі (электрондық пошта); 



 

құпия сөзді енгізу және оны тиісті өрісте қайталау;  



 

«Мен  қолданушылардың  келісім  шартымен  келісемін»  (пайдаланушылық  келісіммен 



танысу) тармақта қанатбелгі қою қажет;  

 



Тіркелуші робот емес екендігін растау: сұрауларға тиісті суреттерді таңдау;  

 



«Тіркелу» батырмасын басу. 

 

Осыдан  кейін  экранда  «Сіздің  e-mail-ге    профильді  іске  қосатын  сілтемесі  бар  хат 



жолданды» деген хабарлама пайда болады. 

 

Әрі қарай тіркелу барысында көрсетілген электрондық пошта жәшігін тексеру және хатта 



көрсетілген  сілтеме  арқылы  өту  қажет.  «Сіздің  профиліңіз  іске  қосылды!»  деген  хабармен 

келесі бет ашылады 




 

 

Порталға тіркелген есеп жазбасымен кіру қажет, ол үшін бастапқы беттің жоғары оң жақ 



бұрышындағы «Кіру» сілтемесін басасыз. Пайда болған терезеде логин мен құпия сөзді енгізіп, 

«Кіру» батырмасын басу қажет: 

 

Егер  жұмыс  берушінің  қандай  да  бір  әлеуметтік  желіде  Facebook,  Vkontakte,  OK, 



MailAgent тіркелген аккаунты бар болса, тіркеу рәсімінсіз, тиісті батырмалар арқылы порталға 

кіруге (авторизациялану) болады. 

Ол  үшін  әлеуметтік  желінің  қандай  да  бір  логотипін  басу  қажет.  Авторизациялану  үшін 

келесі терезе ашылады, яғни электрондық адрес пен әлеуметтік желі аккаунтының құпия сөзін 

(мысалы Facebook) енгізіп «Кіру» батырмасын басу қажет: 

 

Әрі қарай ашылған терезеде  «Жұмыс беруші» нұсқасына  қарама - қарсы белгіні таңдап, 



«Кіру» батырмасын басу қажет: 

 



 

2. Кәсіпорын (жұмыс беруші) туралы ақпарат қосу 

Кәсіпорын  (жұмыс  беруші)  туралы  ақпарат  қосу  үшін  Жеке  кабинеттегі  «Жұмыс 



берушінің деректері» қосымша «Кәсіпорынды қосу» батырмасын басу қажет. 

 

Басқаннан кейін толтыратын нысан ашылады. Бұл нысан бастапқыда толтырылады, және 



ондағы  деректер:  кәсіпорынның  атауы,  қызмет  түрі,  мекен-жайы,  байланыс  деректері  әрбір 

құрылған бос жұмыс орындарға автоматты түрде қосылады. 

Кәсіпорын жайлы қандай да бір ақпарат өзгерген болса, оны кез келген уақытта өзгертуге 

болады.  

Кәсіпорын  туралы  ақпараттарды  толтыру  үлгісі  төменгі  сүретте  көрсетілген.  Барлық 

ақпарат  нақты  және  дұрыс  болуы  қажет.  Кәсіпорынның  ақпараттары  толық  айқындалса, 

ізденуші үшін кәсіпорын туралы түсінік нақты қалыптасады.  

«Кәсіп  орынды  сақтау»  батырмасын  басқаннан  кейін  құрылған  кәсіпорын  Жеке 

кабинетте пайда болады. 

Нысанының барлық өрістері қолмен толтырылады. Айырықша болып табылатын өрістер: 

«Электрондық  цифрлы  қолтаңба  (кәсіпорындар  /  ұйымдар)»  -  кәсіпорынның  немесе 

ұйымның  сертификатын  таңдап,  орнату  қажет,  «Кызмет  түрі»,  «Меншік  формасы»,  «Елді 



мекен»  анықтамалықтан  таңдалады,  «Электрондық  пошта»  өрісінде  тіркелген  кезде 

көрсетілген e-mail автоматты түрде қойылады. 

 



 

 

 




 

 

3. Порталға бос жұмыс орынды қосу 

Құрылған  кәсіпорынның  деректерін  «Қолдану»  мәзірінен  «Кәсіпорынды  өзгерту» 

сілтемесін басу арқылы кез келген уақытта өзгертуге болады. Кәсіпорынды порталға қосқаннан 

кейін, ашылатын «Қолдану» мәзірінен «Бос жұмыс орнын қосу» сілтемесін басу арқылы осы 

кәсіпорынның бос жұмыс орындарын қосуға болады.  



 

Келесі нысана ашылады: 



«Лауазымның  аты»  -  лауазым  (мамандық)  Қазақстан  республикасының  ұлттық 

жіктеуішінен  таңдалады.  Бұл  өрісте  контексттік  іздеу  жұмыс  істейді  және  пернетақтадан 

енгізілген деректерге қарай анықтамалықтан шыққан мамандықтар тізімінен, қажеттісін тандап 

алу қажет. 



«Лауазымды  айқындау»  өрісінде,  мысалы,  мамандығын,  жұмыстың  қызмет  саласын, 

бөлімшенің/департаменттің  атауын,  жақша  және  басқа  да  бөлетін  белгілерді  пайдаланбай 

қосуға  болады.  «Айқындау»  өрісінде  бос  жұмыс  орындарды  қысқарту,  «дереу»,  «керек», 

«назар»,  «конкурстық  негізде»  сөздерін  пайдалану  немесе  лепті  (!!!),  сұраулы  (???), 

жұлдызшалар  (***)  және  басқа  да  белгілерді  пайдалануға  тыйым  салынады.  Біліктілігін, 

дағдыларын  және  тәжірибесін  көрсетуге  тыйым  салынады:  мысалы,  «Бухгалтер  дағдылармен 

қызметкер»,  «3-4  дәрежедегі  электрші»,  «тәжірибесі  бар  бухгалтер».  Аталған  деректерді 

нақтылау үшін нысанда сәйкес өрістер қарастырылған.  




 

 

 



 


 

 

 



 

 

 



 

«Қала немесе аудан» - аймақтардың анықтамалығынан бос жұмыс орынның орналасқан 

аймағын таңдау қажет. 

 



«Мекен-жайы»  -  жұмыс  орыны  көрсетіледі.  Таңдалған  аймақ  үшін  ауылдың  немесе 

басқа әкімшілік бөлінуінің атауын жазыңыз. 

 

«Жұмыс  тәртібі»  -  анықтамалықтан  осы  бос  жұмыс  орынның  жұмыс  тәртібін  таңдау: 



«толық жұмыс күні», «толық емес жұмыс күні», «толық емес жұмыс аптасы», «вахталық әдіс», 

«үй жұмысы», «ауысымды», «басқа спецификалық жұмыстар». 




 

 



«Жұмыстың  сипаты»  -  бос  жұмыс  орны  бойынша    анықтамалықтан  жұмыс  сипатын 

таңдау: «тұрақты», «уақытша», « маусымдық». 

 

«Еңбек  жағдайы»  -  бос  жұмыс  орынның  еңбек  жағдайын  анықтамалықтан  таңдау: 



«қалыпты», «ауыр және зиян», «аса ауыр және аса зиян». 

 



«Тағылымдамадан өту» - анықтамалықтан тағылымдаманы және тағылымдама шартын 

таңдау. 


 

«Еңбекақы төлемі (тенге)» - бос жұмыс орны бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін 

көрсету (Бастап және Дейін). Максималды еңбекақы мөлшерін (дейін) көрсету міндетті емес. 

 



«Бос  орынның  жалпы  саны»  -  бос  жұмыс  орны  үшін  қажетті  бос  орындар  саны 

көрсетіледі.  Егер  3  дәнекерлеуші  талап  етілсе,  әр  дәнекерлеуші  үшін  3  жазба  жазу  қажет 



емес - ашық бос орындардың саны көрсетілетін 1 жазба құралса жеткілікті.  

 



«Қосымша  қызметтер»  -  қосымша  шарттарды  таңдау  және  белгілеу:  баспанамен 

қамтамасыз ету, балабақша мен мектептің болуы. 

 



 



«Мамандығы  бойынша  жұмыс  өтілі»  -  тізімнен  мамандық  бойынша  талап  етілетін 

еңбек өтілін немесе жұмыс өтілінің қажет етілмейтінін көрсету қажет. 

 

«Білім  деңгейі»  -  анықтамалықтан  ізденушіге  талап  етілетін  білім  деңгейін  таңдау: 



«жалпы  орта»,  «ортадан  кейін»,  «техникалық  және  кәсіби»,  «жоғары»,  «жоғары  оқу  орнынан 

кейінгі». 

 

«Лауазымдық  міндеті»  -  ізденушінің  осы  бос  орнында  орындайтын  міндеттердің 



тізбесін көрсету қажет. 

 



«Біліктілік пен дағдыларға қойылатын талаптар» - ізденушілерге осы бос орын үшін 

қойылатын біліктілік пен дағдылардың талаптарын қосу. 

 

«Компьютерлік  дағдылар»  -  ізденушілерге  осы  бос  орын  үшін  қойылатын 



компьютерлік дағдыларды көрсету.  

 



«Жеке  дағдылар»  -  осы  бос  жұмыс  орны  үшін  талап  етілетін  ізденушінің  жеке 

дағдыларын көрсету. 

 

«Жүргізуші куәлігі» - тізімнің ішінен санатты таңдау.  



 

«Тілдерді меңгеру» - осы бос орын үшін ізденуші қандай тілді білуі тиіс екені және сол 

тілдің меңгеру деңгейін көрсету.  

 



  «Порталда  бос  жұмыс  орынды  жариялау  мерзімі»  -  бос  жұмыс  орнының  порталда 

сақталу  мерзімін  анықтамалықтан  таңдау:  «1  апта»,  «2  апта»,  «3  апта»,  «1  ай».  Бос  жұмыс 

орынның  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  ол  порталда  көрінбейді,  мұрағатқа  көшіріледі,  жұмыс 

беруші оны кез келген уақытта қалпына келтіре алады. 




 

Бос  жұмыс  орын  формасындағы  өрістерді  толтырып  болған  соң  «Сақтау» 

батырмасын  басу  қажет.  Толтырылған  бос  жұмыс  орын  жұмыс  берушінің  Жеке  кабинетінде 

және порталда пайда болады.   

Жеке кабинет: 

 

Порталда: 



 

 



 

 

Жұмыс беруші кәсіпорынның басқа да бос жұмыс орындарын жоғарыда аталғандай «Бос 



жұмыс орындар» қосымша бетінде «Қосу» батырмасын басу арқылы енгізе алады. 

4. Ізденушілерді іріктеу 

Бос  жұмыс  орындарын  қосқаннан  кейін  ізденушілерді  іріктеу  функциясын  пайдалануға 

болады. Ол үшін Жеке кабинетте «Бос жұмыс орындар» қосымша бетінде бос жұмыс орынды 

таңдап, «Қолдану» ашылмалы мәзірден «Ізденушілерді іріктеу» сілтемесін басу қажет.  

 

Осы бос жұмыс орын үшін портал автоматты түрде қажетті жұмыс іздеушілерді сұрыптап 



тізім құрастырады. 

 



 

5. Сұхбаттасуға шақыру  

Түйіндеменің  тізімін  қарап,  бос  жұмыс  орынға  сай  келетін  үміткерді  таңдап,  түйіндеме 

бетінің  соңғы  жағындағы  «Сұхбаттасуға  шақыру  жіберу»  батырмасы  арқылы  сұхбаттасуға 

шақыруды жолдауға болады.  

 

Әрі  қарай  үміткерді  шақыру  үшін,  тізімінен  бос  жұмыс  орынды  таңдап,  «Жіберу» 



батырмасын басу қажет. 

 

Пайда  болған  терезеде  порталда  автоматты  түрде  қалыптастырылған  шақырудың  мәтіні 



бейнеленеді. Бұл мәтінді қалаған жағдайда өзгертуге болады. Сұхбаттасудың нақты өтетін күні 

мен уақытын  «Сұхбаттасудың күні мен уақыты» өрісінде көрсету қажет. 

 



 

«Жіберу»  батырмасын  басқан  соң  шақырудың  жіберілгендігі  туралы  хабарлама  пайда 

болады. 


 

Барлық  жіберілген  шақыруларды  жеке  кабинеттегі  «Жіберілген  шақырулар»  қосымша 

бетінен көруге болады. Сонымен қатар осы қосымша бетте үміткерлердің барлық сұхбаттасуға 

берген келісімдері немесе бас тартқан жауаптары орналасады. 

 

6. Бос жұмыс орындарға келген үн қатулар 

Жеке  кабинеттегі  «Келген  түйіндемелер»  қосымша  бетінде  бос  жұмыс  орындарына 

ізденушілерден келген үн қатуларды көруге болады.  

Тізімде  ізденушілердің  портал  арқылы  бос  жұмыс  орындарына  жіберген  түйіндемелері 

болады.  

Тізімінің ішінен түйіндемені таңдап және оның тақырыбын басу арқылы ізденуші туралы 

толық ақпаратты көруге болады. 

 

Келген  түйіндемелерді  қарастырып,  «Қолдану»  ашылмалы  мәзірінен  «Шақыру» 



сілтемесін басу арқылы жұмыс іздеушіні сұхбаттасуға шақыруға болады 

 

 



Пайда болған терезеде порталда автоматты түрде қалыптастырылған шақырудың мәтіні 

бейнеленеді. Бұл мәтінді қалаған жағдайда өзгертуге болады. Сұхбаттасудың нақты өтетін күні 

мен уақытын  «Сұхбаттасудың күні мен уақыты» өрісінде көрсету қажет. 



 

 

  «Жіберу»  батырмасын  басқан  соң  шақырудың  жіберілгендігі  туралы  хабарлама  пайда 



болады. 

 

 



Жұмыс  іздеушіге  бас  тарту  үшін  «Қолдану»  ашылмалы  мәзірінен  «Бас  тарту» 

сілтемесін таңдау қажет. 

 

 

Пайда болған терезеде порталда автоматты түрде қалыптастырылған шақырудың мәтіні 



бейнеленеді. Бұл мәтінді қалаған жағдайда өзгертуге болады. 

 

 



«Жіберу» батырмасын басқан соң бас тарту жіберілгендігі жайлы хабарлама шығады. 

 

 



 

 

 




 

7. Жұмысқа орналастыру 

Егер  ізденуші  сұхбаттасудан  өткен  болса,  жұмыс  беруші  оған  жұмысқа  орналасқаны 

туралы  немесе  жұмысқа  орналасуға  бас  тарту  туралы  хабарламаны  портал  арқылы  жіберуіне 

болады, хабарлама ізденушінің Жеке кабинетіне, сондай-ақ электрондық поштасына келеді. 

Жұмысқа  орналасқаны  туралы  хабарлама  жіберу  үшін  Жеке  кабинеттегі  «Жіберілген 

шақырулар»/«Келген  түйіндемелер»  қосымша  бетінде,  шақыруға/үн  қатуға  қарама-қарсы 

орналасқан  «Қолдану»  ашылмалы  мәзірінен  «Жұмысқа  орналастыру»  сілтемесін  таңдау 

қажет. 

 

Ашылған терезеден – Жұмысқа қабылданды, жұмыс беруші немесе ізденуші бас тартқан 



туралы бір іс-әрекетті таңдау қажет.  

Таңдап  алынған  әрекетке  байланысты  порталда  автоматты  түрде  қалыптастырылған 

хабарлама мәтіні пайда болады. Осы мәтінді қалауы бойынша өзгертуге болады. 

 

«Жіберу» батырмасын басқаннан кейін іс-әрекеттің сәтті орындалғаны туралы хабарлама 

пайда болады. 

8. Бос жұмыс орнын мұрағатқа көшіру 

Қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдағаннан  кейін  және  барлық  хабарланған  бос  жұмыс 

орындар  қамтылған  болса,  бос  орындарды  мұрағатқа  көшіру  қажет.  Ол  үшін  «Бос  жұмыс 

орындары»  қосымша  бетіндегі  тізімнен  бос  жұмыс  орнын  таңдап  «Қолдану»  ашылмалы 

мәзірінен «Мұрағатқа көшіру» сілтемесін басу қажет. 

 



 

Бұдан  әрі,  «Сізге  портал  қызметкер  (-лерді)  табуға  көмектесті  ме?»  сұрағына  «Иә, 



көмектесті» немесе «Жоқ, көмектескен жоқ» батырмалары арқылы міндетті түрде жауап беру 

қажет.  


 

Сұраққа  жауап  берген  соң,  бос  жұмыс  орны  мұрағатқа  тасымалданады  және  әрекеттің 

сәтті аяқталғаны туралы хабар пайда болады 

 

9. Мұрағаттан бос жұмыс орнын қайта қалпына келтіру 

Егер,  мұрағатқа  көшірілген  бос  жұмыс  орнын  қалпына  келтіру  қажет  болса,  Жеке 

кабинеттегі  «Бос  жұмыс  орындар  мұрағаты»  қосымша  бетіне  көшіп,  қажетті  бос  жұмыс 

орынды таңдап алып, «Мұрағаттан қалпына келтіру»  батырмасын басу қажет. Мұрағаттағы 

бос жұмыс орындарды қайта қалпына келтірмей тұрып осы бос жұмыс орын жайлы ақпараттың 

өзектілігіне көз жеткізген жөн. Бос жұмыс орынды өзгертуге болатын нысан ашылады, онда кез 

келген  ақпаратты  өзгеруге  болады  да  «Сақтау»  батырмасын  басу  арқылы  қалпына  келтіруге 

болады. 

 

Бос жұмыс орны қалпына келтірілгеннен кейін «Бос жұмыс орны қалпына келтірілді» 



деген  хабарлама  пайда  болады  және  ол  порталда  және  жұмыс  берушінің  жеке  кабинетінде 

бейнеленеді. 



10. Мұрағаттағы бос орындарды жою 

Мұрағаттағы бір немесе бірнеше бос жұмыс орындарды жою үшін Жеке кабинеттегі «Бос 



жұмыс  орындар  мұрағаты»  қосымша  бетіне  көшу  қажет.  Жоятын  бос  орындарды  белгілеп 

алған соң «Белгіленгенді жою» батырмасын басу қажет. 



 

Әрі қарай бос жұмыс орны мұрағаттан жойылғандығы жайлы хабарлама пайда болады. 



 

жүктеу 66,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау