Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет37/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   192

кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда
 
                объектілеріне әкелуді шектеу
 
      1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату 
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілерінің тауарлар беру туралы 
шарт жасасудан негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:
 
      1) сауда қызметі субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда 
қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да 
сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
 
      2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осыған ұқсас 
қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасалатын шарттары 
туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, 
тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі –
 
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол
 
                берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын
 
                мөлшерінен асыру
 
      1. Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу 
туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін 
шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы –
 
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
 
      1. Осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара 
кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел 
туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер 
не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын 
құжаттарсыз сатуы –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір 
жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
 
      1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау –
 
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн
 
                қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес
 
                төлемдердi және негізгі капиталды сатудан
 
                түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы
 
                төлемеу
 
      Ескерту. 205-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық 
емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) 
уақтылы төлемеу –
 
      жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 205-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 
№ 432-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын
 
                қабылдаудан бас тарту
 
      1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, осы бапқа ескертпеде 
көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта 
банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын 
ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және осы бапқа 
ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға 
жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және 
айырбастаудан бас тартуы –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары 
мынадай жағдайларда:
 
      1) егер қолдан жасаудың (жалған екенінің) анық белгілері болса;
 
      2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен 
монеталар (пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген 
жері, бояуларының араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы 
және басқа);
 
      3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;
 
      4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN», «ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы 
болып табылмайды.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау