Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет153/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   192

және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайда ғана 
қаралуы мүмкiн.
 
      
Ескерту. 759-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      760-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс
 
                жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету
 
                жөнiндегi өкiлеттiктерi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру 
нәтижелерi бойынша прокурор:
 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, органға (лауазымды 
адамға) наразылық келтiруге;
 
      2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру 
жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
 
      3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өздерiне ведомстволық 
бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
 
      4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi 
тоқтатуға;
 
      5) әкiмшiлiк шара туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
 
      6) әкiмшiлiк ұстап алуға заңсыз тартылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
 
      7) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi 
бұзылатын жағдайларда, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн 
орындауға байланысты қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген 
шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап келтіруге;
 
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қозғау туралы қаулы 
шығаруға құқылы.
 
      2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген 
актiлерi дереу орындалуға жатады. Прокурордың көрсетілген актiлерiнiң орындалуын 
кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.
 
      761-бап. Процестік мiндеттердi орындамағаны үшiн
 
                жауаптылық
 
      1. Куәнiң, маманның, сарапшының және аудармашының осы 
Кодекстiң 754, 756, 757, 758-баптарында көзделген процестік мiндеттердi орындамауы осы 
Кодекстiң 658, 659, 661-баптарында белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда, әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iстi, iс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау кезiнде 
iс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау хаттамаларында тиiстi жазба 
жүргiзiледi.
 
      762-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс
 
                жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болғызбайтын
 
                мән-жайлар
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қорғаушы және өкiл 
ретiнде қатысуға бұзылуы осы iстi қозғау үшiн негiз болған қағидалардың сақталуына 
қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi болып 
табылатын адамдар немесе олар бұрын осы іс бойынша iс жүргізуге өзге қатысушылар ретiнде 
әрекет етсе, жiберiлмейдi.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуға сарапшы мен 
аудармашы, егер: олардың бiлiксіз екенi анықталса; олар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып 
жатқан адаммен, жәбiрленушiмен, олардың өкiлдерiмен, қорғаушымен, өкiлмен, жүргiзуінде 
осы iс жатқан прокурормен, судьямен, лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса не 
егер олар бұрын осы іс бойынша iстi жүргiзуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, сол 


сияқты бұл адамдарды осы iске тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiздер 
болса, жiберiлмейдi.
 
      3. Адамның iске сарапшы ретiнде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргiзiлген 
сараптамадан кейiн сараптама қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргiзудi 
тапсыруды болғызбайтын мән-жай болып табылады.
 
      763-бап. Iс бойынша іс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн
 
                тұлғаларға қарсылық білдіру
 
      1. Қорғаушының, өкiлдiң, прокурордың, сарапшының және аудармашының әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болғызбайтын, осы 
Кодекстiң 762-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде аталған тұлғалар қарсылық 
білдіруге жатады.
 
      2. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз жүргізуінде әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) берiледi.
 
      3. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз берiлген күнiнен бастап 
үш тәулік ішінде қаралады.
 
      4. Судья, орган (лауазымды адам) өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру 
туралы арызды қарап, арызды қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы 
ұйғарым шығарады.
 
      764-бап. Жәбiрленушiге, куәға, сарапшыға, маманға,
 
                аудармашыға немесе куәгерге шығыстарды өтеу
 
      1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, сарапшының, маманның, аудармашының және куәгердің 
жүргiзуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) 
келуiне байланысты шеккен шығыстары, оның iшiнде аталған адамдардың тұрғылықты немесе 
жүрген жерінен іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жерге бару және керi қайту жолақысының 
құны, ал бұл басқа жерде болуына байланысты жағдайларда – тұрғын үй-жайды жалдау, 
сондай-ақ тәулiктiк шығын құны оларға азаматтық процестік заңнамада белгiленген 
тәртiппен өтеледі.
 
      2. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман, аудармашы және куәгер ретiнде шақырылатын 
адамның, жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға 
(лауазымды адамға) келуiне байланысты олар жұмыс орнында болмаған кезде орташа табысы 
белгiленген тәртiппен сақталады.
 
      3. Сарапшының, маман мен аудармашының еңбегiне заңнамада белгiленген тәртiппен ақы 
төленедi.
 
   39-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ 
      765-бап. Дәлелдемелер
 
      1. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның немесе органның 
(лауазымды адамның) осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
құрамының барлық белгілері бар іс-әрекеттің болғанын немесе болмағанын, өзіне қатысты 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның осы іс-
әрекетті жасағанын немесе жасамағанын, осы тұлғаның кiнәлiлiгiн не кінәсіздігін 
анықтауына негіз болатын заңды түрде алынған нақты деректер, сондай-ақ iстiң дұрыс 
шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мән-жайлар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша 
дәлелдемелер болып табылады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген нақты деректер: әкiмшiлiк жауаптылыққа 
тартылатын тұлғаның түсiнiктемелерiмен; жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарымен; 
сарапшының, маманның қорытындыларымен және айғақтарымен; заттай дәлелдемелермен; өзге де 
құжаттармен; осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалармен және 
процестік әрекеттердің хаттамаларымен анықталады.
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дәлелдемелер ретiнде қарау 
кезiнде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде алынған деректер пайдаланылуы 
мүмкiн.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау