Ескерту. 691-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
692-бап. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы
уәкiлеттi орган
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464
(бiрiншi бөлiгiнде), 636 (бiрiншi бөлiгiнде), 637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші,
бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде), 638 (бiрiншi
бөлiгiнде), 639, 640, 641-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның
орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық
органдарының басшылары құқылы.
Ескерту. 692-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган
1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші,
бесінші, жетінші,
сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)-бабында көзделген
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпарат саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға
құқылы.
Ескерту. 36-тарау 692-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыратын органдар
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң
83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),
86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi
бөлiктерiнде), 87, 88, 89, 90, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған
құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші,
бесінші және
алтыншы бөлiктерiнде), 520-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарайды.
2.
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі).
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
2)
алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Ескерту. 693-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
694-бап. Әдiлет органдары
1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды
жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 460, 468, 670, 671 және 672-баптарында
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу
саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi
органның басшысы
мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет
органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 694-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды
тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін
мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу
саласындағы уәкiлеттi орган
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн
мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы
Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн
мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы
уәкiлеттi органның, оның
аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 695-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
696-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар
1. Көшi-қон жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 520-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстердi (өз құзыретi шегiнде) қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық,
Астана және Алматы қалаларының көші-қон жөніндегі органының және көшi-қон жөнiндегi оған
теңестiрiлген органының бастығы құқылы.
697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті
орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi
бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде),
230 (шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiн жүзеге
асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 297 (бiрiншi
бөлiгiнде), 324, 325, 326 (бiрiншi және
екінші
бөлiктерiнде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші
бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екiншi
бөлiгiнде), 358, 374, 377, 379, 391, 392 (бiрiншi бөлігінде), 393 (бiрiншi
бөлiгiнде), 394, 395 (бiрiншi бөлiгiнде), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 397 (бiрiншi, екінші
және үшінші бөліктерінде), 399 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк
экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке
тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге
дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;