Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет138/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   192

      5) осы Кодекстiң 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші 
бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593 (сегізінші бөлігінде), 594 
(төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597 (бесінші 
және алтыншы бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші 
бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 606 
(бірінші бөлігінде), 609 (екінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы 
бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші 
бөлігінде), 617, 619, 630, 631, 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар 
үшiн – iшкi iстер органдарының әкімшілік полициясы комитетiнiң төрағасы және 
басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң, жергілікті полиция қызметінің бастықтары 
мен олардың орынбасарлары;
 
      6) осы Кодекстiң 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші 
бөліктерінде), 386, 408, 505-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – 
iшкi iстер органдарының табиғат қорғау полициясы бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың 
орынбасарлары;
 
      7) осы Кодекстiң 440 (екінші және үшінші бөліктерінде), 442 (бірінші және екінші 
бөліктерінде), 443, 444 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық 
бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 
бөлiмшелерiнiң қызметкерлері;
 
      8) осы Кодекстiң 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 395(бірінші 
бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар 
үшiн – ішкі істер органдары полициясының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы 
күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
 
      9) осы Кодекстiң 492, 495 (бірінші бөлігінде), 517 (бірінші және үшінші 
бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында 
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы 
басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары 
құқылы.
 
      
Ескерту. 685-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 
№ 378-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015
 № 388-V 
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі); 22.01.2016 
№ 446-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 
№ 479-V
 (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
      686-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган
 
      1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
 
      1) осы Кодекстiң 336, 359, 367, 410, 411, 438 (бірінші және екінші 
бөліктерінде), 589-баптарында көзделген өрт қауiпсiздiгi саласындағы;
 
       2) 
алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі);
 
      3) осы Кодекстiң 412 және 643-баптарында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан iстердi қарауға және 
азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
 
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық 
маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау 
жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң он беске 
дейiнгi, лауазымды адамдарға отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
 
      2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау 
жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 


өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы 
мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, 
лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес 
ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
 
      3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау 
жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық 
есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бес жүзге дейiнгi, 
кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде 
айыппұл салуға құқылы.
 
       3. 
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі).
 
      4. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның 
атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
 
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық 
маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау 
жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке 
дейiнгi, лауазымды адамдарға – онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
 
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау 
жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 
азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы 
мен оның орынбасары – жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң 
қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
 
      3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау 
жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке, лауазымды және заңды 
тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
 
      
Ескерту. 686-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      687-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi
 
                уәкiлеттi орган
 
      1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140 
(бірінші бөлігінде), 344, 345, 346, 348, 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші 
бөлігінде), 391, 392 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393, 394, 395 (бірінші 
бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға:
 
      1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттік пен 
аумақтық мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі 
мөлшерінде айыппұл салуға;
 
      2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi 
мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас 
мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге 
дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
 
      3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аға 
мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас 
мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде 
айыппұл салуға;
 
      4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi бас 
мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға 
дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау