Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)


-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет139/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   192

      688-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
 
      1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, 
үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 356 (үшінші, төртінші, 
бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 
464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді 
қарайды.
 
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар 
қолдануға мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары 
мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
 
      
Ескерту. 688-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
      689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
 
                арттыру саласындағы мемлекеттік 
 
                бақылауды жүзеге асыратын орган
 
      1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 290, 291, 292, 293, 294 (үшінші және 
төртінші бөліктерінде), 296 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар 
қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік 
бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
 
      
Ескерту. 689-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау
 
                жөніндегі органдар
 
      1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы 
Кодекстiң 144 (бірінші бөлігінде (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық 
жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың 
жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы 
қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, 
орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық 
пайдалануды қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін 
(магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 300-1, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды 
және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 302, 303 (барлық 
қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін 
(магистральдық, орамішілік) қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың 
аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
 
      
Ескерту. 690-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 14.01.2015 
№ 279-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 
№ 479-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi
 
                орган
 
      1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екiншi 
бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған 
құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 
(бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 566 (бірінші 


бөлігінде), 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589, 625 (теңiз 
және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633, 634-баптарында көзделген 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға 
көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң 
басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
 
      2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 333 (бірінші бөлігінде), 441 (бірінші 
және екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 559, 560, 561, 562, 571, 572 
(бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583 (бірінші, үшінші 
бөліктерінде), 584, 585, 586, 587, 588, 589 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан 
басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және 
жетінші бөліктерінде), 609, 616, 621(бірінші, екінші, төртінші 
бөліктерінде), 623, 624, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан 
басқа), 627, 628, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстердi қарайды.
 
      Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға 
және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
 
      1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволығына жатқызылған барлық 
баптары бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық 
көліктік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
 
      2) осы Кодекстің 441 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші 
бөлігінде), 560, 561, 562, 571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 582, 583 
(бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 587, 588,  589 (әуе көлiгi кемелерiндегі 
бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, төртінші және бесінші 
бөліктерінде), 609, 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (әуе 
көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында 
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған 
уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.
 
      Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында аталған лауазымды адамдар салатын 
айыппұл мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
 
      3. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы 
Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық 
бұзушылықтар бөлiгiнде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде 
көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар 
ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 565, 566 
(бірінші бөлігінде), 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші 
бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар 
жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi 
қарайды.
 
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
 
      1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволығына 
жатқызылған барлық баптары бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның 
басшысы мен оның орынбасарлары;
 
      2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде 
көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар 
ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, 
алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-
баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация 
саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау