2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел
азаматтығын алу фактісін хабарламау –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге
асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық
функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші
және екінші бөліктерінде
көзделген іс-әрекеттер
–
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 496-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін
бұзу
1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық
деректерді ұсыну –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді
белгіленген мерзімде ұсынбау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға
әкеп соғады.
Ескерту. 497-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015
№ 432-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
498-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы
ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да
бұрмалаушылықтар
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметтi жүзеге
асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы
есепке алу деректерiн
ұсынудан бас тарту, ұсынбау, оларды белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну, құқықтық
статистика және арнайы есепке алу деректерiн жасыру, қосып жазу, басқа да қасақана
бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты
және арнайы есепке алу
мәлiметтерiн алуға қандай да бiр нысанда кедергi келтіру
–
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Денсаулық сақтау саласында жасалған дәл сол іс-әрекеттер
–
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
499-бап. Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға анық емес
әкімшілік деректерді ұсынуы -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Әкімшілік көздің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік
деректерді ұсынбауы -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған
іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескертпе:
Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік көздің әкімшілік деректерді ұсынуына,
сондай-ақ олардың анықтығына жауапты болатын әкімшілік көз басшыларын немесе олардың
міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.»;
Ескерту.
499-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
500-бап. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жүргiзуден
бас тарту
Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi
мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақтылы орындамауы
–
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
501-бап. Лауазымды адамның бастапқы статистикалық
деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе)
дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге
де заңсыз жария етуі
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік статистика
саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық
бағыныстағы ұйымы лауазымды
адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бастапқы статистикалық
деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорларды жоғалтуы, сатуы, беруі
немесе
өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет
белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 501-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
502-бап. Бастапқы статистикалық деректерді бекітілмеген
статистикалық нысан бойынша жинау
Бастапқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 502-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015
№ 376-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
503-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша
жинау
Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.