Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет116/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   192

      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      562-бап. Ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарын және
 
                олардың iшкi жабдығын бүлдiру 
 
      Ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiржол көлiгiнде 
жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, 
автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдығын 
бүлдiру –
 
      жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      563-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін
 
                пайдалану тәртібін бұзу
 
      1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану, атап айтқанда әуе 
кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы, Қазақстан Республикасының әуе 
кеңiстiгiнде атыстың, зымырандар ұшырудың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жұмыстары және 
материалдық объектiлердiң қозғалуымен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн:
 
      1) ұшу жоспарын ұсынбай (бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде хабардар 
етпей) және (немесе) ұшуды орындауға рұқсатсыз және (немесе) әуе кемелерінің ұшу 
қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметті жүзеге асыруға рұқсатсыз қызметті жүзеге асыру;
 
      2) саны рұқсатта көрсетілгеннен артық әуе кемелері тобының ұшуы;
 
      3) әуе кемелерінің әуе кеңiстiгiн пайдалану режимдерін сақтамауы;
 
      4) мәжбүрлі түрде қону және қосалқы әуеайлаққа жіберу жағдайларынан басқа, әуе 
кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;
 
      5) әуе кемесінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатынсыз, тыйым 
салынған аймақ және шек қойылған аймақ аумағының үстінен ұшып өтуі;
 
      6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау 
жағдайларын қоспағанда, әуе кемелерінің тік, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды 
сақтамауы, әуе трассаларынан, жергілікті әуе желілерінен, маршрут осьтерінен белгіленген 
нормалардан артық қашықтыққа ауытқуы;
 
      7) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау 
жағдайларын қоспағанда, әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету 
немесе әуе қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы түрінде жасалған 
бұзушылық -
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
 
      құқық бұзушылық жасаудың құралы болған зат тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он 
бес, лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      564-бап. Ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
 
      1. Әуеайлақ ауданында әуеайлақтарды тану үшін қабылданған таңбалық белгілер мен 
құрылғыларға ұқсайтын қандай да бір белгілер мен құрылғыларды орналастыру немесе әуежай, 
әуеайлақ әкімшілігінің рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу немесе құстардың 
топталып жиналуына ықпал ететін, әуе кемелерінің ұшуы үшін қауіпті объектілер орнату –
 


      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнде және күндіз көрінетін таңбалық белгілерді 
немесе құрылғыларды орналастыру туралы қағидаларды орындамау –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Әуеайлақ жабдығын, әуеайлақ белгілерін, әуе кемелері мен олардың жабдығын 
бүлдіру –
 
      жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), әуеайлақтардың, ұшуды радиомен және 
жарықпен қамтамасыз ету объектілерінің аумағы бойынша тиісті рұқсатсыз жүріп өту немесе 
көлікпен өту –
 
      жеке тұлғаларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Жолаушының әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет 
ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай туындатса, –
 
      жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он 
бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      565-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі                 жоқ 
авиация персоналын жұмысқа жіберу
 
      Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа 
жіберу –
 
      лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      566-бап. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу
 
      1. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын әуе кемесіндегі адамның әуе кемесі 
командирінің немесе экипаждың басқа да мүшелерінің өкімдерін орындамауы түрінде жасаған 
бұзуы, егер осы адамның іс-әрекеті ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе, –
 
       үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
      2. Ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс 
қызметтерін, әуе кемесін жермен жүру, биіктікті алу, қонуға бет алу кезеңдерінде 
тұрмыстық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды 
пайдалану -
 
      ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      567-бап. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған
 
                немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш
 
                келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан
 
                рейс кідіртілген, орындалмаған кезде
 
                тасымалдаушының жолаушыға қызметтер көрсету
 
                жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше
 
                орындамауы
 
      1. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе 
кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, 
орындалмаған кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану 
және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жолаушыға 
қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы –
 
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау