Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет317/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   420

642 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



келген ұйымның мақсатты қызметі ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен 

табыс оның, яғни ұйымның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан 

үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу 

кез  –  келген  ұйымның  қызмет  етуінің  мақсаты  болып  қалыптасты,  ал  нарықтық 

экономика ұйымның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. 

Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және ұйымның өндірістік – 

техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр ұйым өзінің ағымдағы және күрделі 

шығындарын  өзінің  меншікті  қаржы  көздерінен  жабатының  білдіреді.  Уақытша  қаржы 

тапшылығы  кезінде,  оларға  деген  қажеттілік,  егер  бұл  ағымдағы  шығындар  болса,  олар 

банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар 

капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін. 

Табыс есебінен, сондай –  ақ  ұйымның  бюджет  алдындағы,  банктер  мен  басқа 

кәсіпорындар,  ұйымдар  алдындағы  міндеттемелері  орындалады.    Сонымен,  табыс 

ұйымның  өндірістік  және  қаржылық  қызметін  бағалаудағы  негізгі  көрсеткіші  болып 

табылады. 

Ол  оның  іскерлік  белсенділігі  мен  қаржылық  тұрақтылығын  сипаттайды. Табыс 

бойынша  авансталған  қаржылардың  қайтарымдылық  деңгейі  мен  осы  ұйымның 

активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.  

Нарықтық  экономика  жағдайында  табыстың  ролі  ол  атқаратын  қызметтерімен 

анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде 

бірыңғай пікір жоқ. Біздің ойымызша ол тек екі қызмет атқарады: біріншіден мемлекеттік 

бюджет  табысының  көзі,  екінші  ұйым  мен  бірлестіктердің  өндірістік  және  әлеуметтік 

даму көзі. 

Функциялардың  және  олардың  өзара  шарттылығындағы  бірлігі,  табысты 

шаруашалық  жүргізуші  қоғамның,  ұйымның  және  әр  жұмысшының  экономикалық 

мүдделері  байланысатын  элементі  ретінде  көрсетеді.  Осыдан  табысты  құру  және  бөлу 

(тарату)  мәселелерінің  маңыздылығы  көрінеді,  оның  (тәжірибелік)  шешілуі 

шаруашылықты  жүргізуші  субъектінің  тиімділігінің  алынған  және  оның  иелігінде 

қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді. 

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет 

болады [2]: 

1.Жуықтаудың  белгілі–бір  дәрежесінде,  өнім  бағасы  еңбектің  қоғамдық  қажетті 

шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай–ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік 

құнының төмендеуін ескеруі қажет. 

2.Бұйымдарды  калькуляциялау  және  өнімнің  өзіндік  құнын  анықтау  жүйесі 

ғылыми негізделген болу керек. 

3.Табысты бөлу (таратау) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің 

дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.  

4.Табысты  тиімді  пайдалану  тек  қалған  барлық  қаржы  тұтқаларының  жүйесінде 

ғана мүмкін. 

Бірақ  табыстың  абсолютті  мөлшері  ұйымның  қаржы  –  шаруашылық  қызметінің 

тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. Алынатын табысты 

нақты бағалау үшін ұйым қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін 

көрсететін  рентабельділіктің  әртүрлі  көрсеткіштері  жататын  табыстылықтың 

салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады. 

Ұйымның  табыстылық  көрсеткіштерінің  өсуіне  шаруашылықты  жүргізуші 

субъектінің өзі де, мемлекет те мүдделі. Сондықтан әр ұйымда табыстылықтың абсолютті 

және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.  

Табыстылық көрсеткіштерін талдау  міндеттеріне мыналар жатады: 

-табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау; 

- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу; 



643 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



-табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу; 

-табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу; 

-табыстың өсу резервтерін анықтау; 

-ұйымның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде 

ұсыныстар жасау; 

-табыстылықтың әртүрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші 

факторларды зерттеу. 

Нарықтық экономика жағдайында ұйымның шаруашылық қызметінің негізгі және 

түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару 

керек. 


Табыстылықтың  бірінші  абсолютті  көрсеткіші  өнімді  өткізуден  алынатын  табыс 

болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша 

құн салығы, акциздер және тағы сол сияқты салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ 

қайтарылған  тауарлардың  құны,  сату  шегерімдері  және  баға  шегерімдері  алынып 

тасталып көрсетіледі. 

Қаржы  –  шаруашылық  қызметінің  нәтижесі  туралы  есептің  осы  бабы  бойынша 

негізгі қызметтен түсетін табыс көрстіледі. 

Табыс  құрылымында  ең  үлкен  үлес  салмақты  өнімдер  мен  тауарларды  өткізуден 

түсетін  табыс  алады,  оның  мөлшері  өнім  өндіру  деңгейімен,  оның  сапасы  мен  және 

төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады. 

Өнім  өткізуден  түсетін  табыс  сомасына  қоймадағы  өтпеген  бұйымдар 

қалдықтарының  және  сатып  алушының  жауапты  сақталуындағы  тиеліп  жіберілген 

тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы – материалдық құндылықтардың 

азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, 

екіншіден – азаюына әсер етеді. 

Ұйымда  өнімді  өткізуден  түскен  табыс  жоспарланған  тауар  өндірісінен  және 

бұйымдардың  өтпеген  бөлігінің  қалдықтарының  өзгерісінен  шығуы  керек.  Бірақ  өнімді 

өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі ауыспалы тауарлы – материалдық 

қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.  

Қаржы  есептілігін  дайындау  және  таныстыру  принциптерінде  акционерлердің 

салымдарымен  қатысы  жоқ  капиталдың  көбеюіне  әкеліп  соқтырған  есепті  кезеңінің 

ішінде  активтердің  көбеюі  немесе  азаюы  немесе  міндеттемелердің  азаюы  нысанында 

табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады. Табысқа  компанияның түсімі 

де,  басқа  түсімдер  де  кіреді.  Компанияның  түсімі  -  олар  қызметтің  әдеттегі  түрлерінен 

келіп  түскен  қаражаттың  түсуі,  олар  әр  түрлі  аталады,  оның  ішінде  сату,  сыйақы, 

пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер.  

Түсімді  есепке  алу  кезіндегі  басты  мәселе  оны  тану  кезеңін  анықтаудан  тұрады. 

Түсім  компанияның  сенімді  түрде  өлшенетін  болашақ  пайданы  алу  мүмкіндігі  болған 

жағдайда  танылады.  Ұйымның  негізгі  қызметтен  алынған  кірістеріне  мынадай 

операциялар және жағдайлардан пайда болатын кірісетрі жатады: 

- тауарларды сатудан; 

- қызметтерді көрсетулерден; 

- пайыз, лицензияланған төлемдер және дивидендтер әкелетін компания активтерін 

басқа жақтарымен пайдаланудан . 

Тауарларға  компанияның  сату  үшін  шығарған,  немесе  қайта  сату  үшін  сатып 

алынған  өнімі  кіреді,  оның  ішінде,  бөлшек  саудамен  айналысатын  саудагер  қайта  сату 

үшін сатып алынған тауарлар немесе жер және басқа да мүлік. 

Кіріске  тек  компаниямен  алынған  және  оның  өз  жеке  шотына  түсуі  міндетті 

экономикалық  түсімдердің  жалпы  түсімі.  Үшінші  тараптың  пайдасына  түскен  сатылым 

салығы, тауарлар және қызметтерден алынатын салық және қосымша құн салығы сияқты 

сомалар  компанияға  түсетін  экономикалық  пайда  болып  табылмайды, және жеке 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау