520
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Сақтандыру маркетингі: ұйымдастыру ерекшеліктері мен қажеттілігі
Қалыбекқызы Ж.
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
Маркетинг сақтандыру компанияларының қызметінде және сақтандыру қызметін
нарықта зерттеу әдісі ретінде кейіннен қолданылып жүр. Ал батыс елдеріндегі
сақтандыру компаниялары оны 60-шы жылдардан бастап қолданып келеді.
Сақтандыру маркетингі – сақтандырушы мен сақтанушы арасында қаржы-
экономикалық жұмыстарды өзара түсінушілікпен тиімді қарым-қатынастар орнату
арқылы анықталатын әдістер мен түсініктердің жүйесі болып табылады. Сақтандыру
маркетингі – ол сақтандырушы мен сақтануышы арасындағы қажеттіліктері мен
қызығушылықтарын өзара есептейтін жүйелі байланыс, яғни сақтандыру маркетингінің
нәтижесінде сақтандырушы тұтынушының барлық қажеттілігін қамтамасыз елу арқылы
өзіне көп пайда түсіруге бағытталған іс-әрекет кешені [1].
Сақтандыру маркетингінің атқаратын функциялары жалпы маркетингтің
функцияларынан шығады, оған төмендегілер жатады:
-
нарықты және жеке сақтандырушы қоржынын (портфелін) зерттеу;
-
сақтандыру өнімдеріне қойылатын талаптарды анықтау;
-
сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару.
Нарықты зерттеу – сақтандырушы компанияға сақтандырушылар сақтанушылар
арқылы көп пайда түсіруге арналған потенциалды клиенттерді зерттеу. Сақтандыру
нарығын зерттеу кезінде оның сегменттері анықталады, толығырақ тоқталсақ, оған
төмендегілер жатады:
-
оның сақтандыру қажеттіліктері;
-
географиялық және әлеуметтік-экономикалық бөлімдері;
-
тұтынушылардың төлеу қабілеттілігі;
-
жарнамалау арқылы тұтынушылардың сақтандыру өніміне деген
қызығушылығын арттыру;
-
компанияға клиенттерді тарту;
- сақтандыру нарығындағы бәсекелестер және бәсекелестердің іс-әрекеті;
-
сақтандырушылардың әр түрлі типтеріне арналған сақтану жағдайындағы
тәуекел деңгейін бағалау;
-
потенциалды сақтанырушылардың әр түрлі топтарының сақтану
жағдайының орташа бағасын бағалау;
-
сақтану қажеттілігінің эволюциялық бағыты.
Сақтандыру қоржынын (портфелін) зерттеу – ол сақтандырушылардың әр түрлі
сипатына (географиялық жағдайы, кәсіпорын, қызмет түрлері, жынысы, жасы,
сақтандыруға алынған мүлік пен сақтандыру тәуекелдерінің сипаты және т.б.)
байланысты компанияның сақтандыру жағдайларының бағасы мен сақтану оқиғаларының
болып қалу ықтималдығын талдау болып табылады.
Қысқаша айтқанда, сақтандырудағы маркетинг туралы келесідей айтуға болады:
«Компанияға көп пайда әкелетін сақтанушыларды көбірек тарту керек. Бұл өнер
сақтандыру компаниясының басшысы мен оның клиенттерін қанағаттандырады».
Сондықтан сақтандырудағы маркетинг потенциалды және сақтандыру нарығына
негізделмесе, ол өзіне көп пайда келтірмейді, яғни сақтандыру маркетингі ол клиентура
мен нарық, оларды тарту және ұстау әдістерінің пайдасын алдын-ала сараптау болып
табылады. Жалпы алғанда төмендегі 3-суреттен маркетингтің сақтандырудағы орнын
көруге болады.
521
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Сурет 1. Маркетингтің сақтандырудағы орны.
Сақтандыру өнімдеріне қойылатын талаптарды дайындау – сақтанушылардың
талабын қанағаттандыру деңгейі және олардың сақтандыру өнімін ұйымдастыру
жоспарындағы тұтынушылардың талабына сәйкес болу қасиеттерін анықтауға
бағытталған процесс. Оған төмендегілер жатады:
-
сақтандыру объектілері;
-
сақтандыру тәуекелдері;
-
сақтандыру өнімінің бағасы;
-
шығынды қайтарудан басқа сақтандырушының көрсететін қосымша қызметі
(заң жүзінде қызмет көрсету, зардап шеккен мүлікті қалпына келтіру);
-
сақтандыру келісім шартқа отырғандағы тұтынушыға қызмет көрсету
сапасы.
Сақтандыру өнімдерін нарыққа шығару төмендегідей жүргізіледі:
-
әлуетті тұтынушыларға сақтандыру өнімі туралы, оның жақсы жақтары
туралы ақпарат беру;
-
сақтандыру компаниясының дәрежесін көтеру арқылы сақтандыру
өнімдерін өткізуді арттыру;
-
сақтандыру өнімін өндіру жүйесін құру;
-
сақтандырушыларға жеңілдік, сақтандыру қызметін ұсынатындарға
қосымша үстем ақы төлеу, байқаулар жариялау, лоторея ойнату, сату кезінде жарнама
жасау арқылы өндіруді арттыру.
Маркетинг сақтандыру компаниясының жоспарлау, баға жасау, жарнамалау,
сақтандыру қызметтеріне деген нақты және потенциалды сұраныс неізінде сақтандыру
полистерін өткізу желісін ұйымдастыру сияқты қызметтерін атқаратын бір бөлігі болып
табылады.
Концептуалды жоспар бойынша сақтандырушының іскерлік стратегиясы
сақтандыруға қызығушылық білдіру керек. Концепцияның негізі - ол сақтандырушы
Сақтанушылар
Әлеуметтік-экономикалық сегменттеу
Мінез-құлықтық сегменттеу
Техникалық сегменттеу
СҰРАНЫС
МАРКЕТИНГ
ҰСЫНЫС
Сақтандыру өнімдері және
қосымша қызмет көрсетулер
Сақтандыру өнімін өндіру жүйесі
Сату жүйесін ұйымдастыру
Өндіруді жетілдіру