Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет253/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   420

512 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Исламдық банкингтегі қаржы құралдарының ерекшеліктері  

   

Каипжанова С.М. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: Saliman.kaipzhanova.93@mail.ru   

 

Исламдық  банктер  2000-шы  жылдары  өтімділік  мәселесін  шешуде  кейбір 



қиыншылықтарды  кездестірді.  Исламдық  қаржы  институттары  аталған  мәселеден  шығу 

жолы ретінде, исламдық банктердің активтерін басқаруды жеңілдетуге бағытталған жаңа 

құралдарды құрастырудан тапты.   

Қатарлас  ықпалдың  шеңберінде,  мұсылман  халқы  басым  мемлекеттер  жаңа 

заңнамалық  актілерді  құрастырып  және  оны  енгізді,  осылайша    жаңа  қаржылық 

құралдардың  дамуы  үшін  қажетті  құқықтық  базамен  қамтамасыз  етті.  Бұл  үдерісте  екі 

маңызды  жағдайды  ескеру  қажет.  Біріншісі  –  бұл  1983  жылғы  бірінші  исламдық  қаржы 

құралы  –  Малайзиядағы  исламдық  облигацияны  шығаруы,  оның  аты  Үкіметтің 

Инвестициялық  Сертификаты  (ҮИС)  деп  аталды.  Бұл  қаржылық  құралды  дамушы 

исламдық банк жүйесі үшін өтімділікті ұсыну мақсатында енгізілген еді. Құрал саудадан 

тыс  болды,  себебі  ол  кард  аль  хасан  (qard al khasan)  исламдық  қағидасының  негізіндегі 

пайызсыз  қарызға  негізделген  болатын.  Соңғы  уақыттары  bai'al-inah  тұжырымдамасына 

негізделген  анықтаманың  шеңбері  ұлғайды  және  ол  екінші  нарықта  сауда  жасауға 

мүмкіндік туғызды.  

 

Екінші маңызды оқиға бұл – Кувейттің Орталық банкімен меншікті қаржыландыру 



үшін  пайызсыз  облигацияларды  шығару  болып  табылады.  Бұл  тұжырымдамаға  Иран  да 

қызығушылық танытты, кейіннен mudaraba негізінде қатысатын бірнеше облигацияларды 

ұсынды. Бірақ та, исламдық банктік жүйенің дамуына қарай, бұл сұрақтар пайда болып 

келе  жатқан  қор  нарығының  өсуіне  септік  жасады.  Бүгінде  бұл  құралдар  дәстүрлі 

қаржыландырудың материалдық баламасын қамтамасыз етіп отыр.  

 

Заманауи  исламдық  қаржылық  құралдар  мен  қызметтері  әртүрлі  екі  тәсілдің 



көмегімен  құрастырылады.  Бірінші  тәсілде,  қолда  бар  дәстүрлі  тауарлар  мен  қаржылық 

қызметтерді  айшықтаса,  сонымен  қатар  шариғаттың  қағидаларына  сәйкес  келуі  үшін 

қандай-да    бір  тыйым  салынған  элементтерді  жою  кіреді.  Екінші  тәсілде  шариғаттың 

әртүрлі  қағидаларын,  өндірістің  үдерісіне  және  инновациялық  жаңа  өнімдер  мен 

қызметтерге көмектесу үшін қолдану болып келеді.  

 

Заманауи исламдық қаржы құралдары келесі түрде топтастырылған және келесідей 



келтірілген: 

 

1. Саудаға түсетін исламдық қаржы активтері: 



 

Мудараба сертификаттары 



 

Мушарака сертификаттары 



 

Мушарака жедел қаржылық сертификаттары 



 

Салам сертификаттары. 



 

Mudaraba 

сертификаттары  компаниядағы  немесе  жобадағы  тұрақты  меншікті 

білдіреді,  және  оның  иесі  басқаруды  жүзеге  асыра  алмайды  немесе  дауыс  беру  құқығы 

болмайды.  

 

Musharaka 

сертификаттары  mudaraba  сертификаттары  ретінде  анықталады,  бірақ 

әлеуетті  өзгерістері  бар  –  сертификат  иесі  басқарумен  айналысады  және  дауыс  беру 

құқығына ие болады.  

 

Musharaka 

жедел  қаржылық  сертификаттары  иесіне  жобаны  немесе  компанияны 

уақытша  басқаруға  құқық  беретін  сертификаттар  болып  табылады.  Сертификаттар 

басқарушылық бақылауды немесе дауыс құқығын қосуы немесе алып тастауы мүмкін.  



513 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



 

Сертификаттардың  басқа  екі  түрі  бар  –  ijara  (жал)  тұжырымдамасының  негізінде 

және  ұзақмерзімді  активтер  үшін  сертификаттар.  Бірақ  та,  бұл  сертификаттар  капитал 

нарығының құралдары түрінде қарастырылады.  



 

Салам сертификаттары Салам мәмілелерімен қамтамасыз етілген, және ол алдағы 

жеткізілетін тауарлар үшін алдын ала төлеуді талап етеді. Алдын ала төленген қаражатар, 

тауарлар  үшін  қарыздық  сертификаттарды  ұсына  алады.  Бірақ  та,  бұл  сертификаттар 

murabaha және  istisna'a сертификаттары секілді саудаланбайды.  

 

Басқа сертификаттар. 



 

Murabaha  және  Istisna’a  сертификаттары  –  istisna’a  немесе  murabaha  стандартты 

мәмілелерінен шығатын қарыздық бағалы қағаздар. Бұл сертификаттар бойынша қарызды 

бөліп  төлеу  кезінде,  облигация  мен  жалпы  қарыз  немесе  қандай  да  бір  бөлігі  бойынша 

негізгі соманың немесе номиналды пайыздық табыстың арасы ыдырамайды, сәйкесінше, 

шариғаттың  қарызбен  саудаласуға  тыйым  салынуына  сәйкес  саудаға  салынбайды.  Бұл 

сертификаттар  нөлдік  купондық  мөлшерлемесі  бар  бағалы  қағаздарға  ұқсас  келеді. 

Нәтижеде,  екінші  нарықтың  болмағандығына  байланысты  бұл  бағалы  қағаздардың 

тартымдылығы  шектеулі  болып  келеді.  Бұл  сертификаттармен  сауда  жасауға  қойылған 

шектеу  туралы  бірнеше  қарама-қайшы  ойлар  бар.  Малайзияда  murabaha  және  istisnaa 

сертификаттары өте танымал және ішкі облигациялар нарығында сатылады.  

 

2. «Сукуктың» құрылымдары:  

 



Иджара «сукук»; 



 

Қоспалы «сукук»; 



 

Ауыспалы мөлшерлеме «сукук»; 



 

нөлдік купондық саудаға түспейтін «сукук». 



Sukuk  материалдық  активтермен  қамтамасыз  етілген,  шариғатқа  сәйкес  келетін 

бағалы қағаздар болып табылады. Исламдық қаржы құралдарының аталған түрлерін,  оқу 

құралдың келесі тарауларында егжей-тегжей қарастыратын боламыз.  

3. Малайзиялық исламдық ақша нарығының (МИАН) қаржылық құралдары: 

 



Мудараба банкаралық инвестициялары; 



 

Банкаралық акцепт Вадиа (Wadia); 



 

Үкіметтік инвестициялық эмиссиялар (ҮИЭ); 



 

Орталық банктің айналым ноталары (Негара); 



 

Мудараба Кагамас облигациялары. 



 

Мудараба  банкаралық  инвестициялары  (МБИ)  дегеніміз  –  бұл  дифициті  бар 

исламдық  банкинг  мекемесінің  (банк-алушының)  mudaraba  негізінде  қаражаты  артық 

исламдық  банктен  инвестиция  алуына  рұқсат  беретін  механизм  болып  табылады.  

Инвестицияның мерзімі 1 күннен 12 ай аралығында болады, ал табыстылық мөлшерлемесі 

банк-алушының бір жылдағы инвестицияны бөлістірудің алдындағы жалпы табыстылық 

мөлшерлемесіне  негізделеді.  Табысқа  қатысу  коэффициенті  екі  жақтың  арасында 

талқыланады.  Келіссөз  кезінде  Банк  инвестор  табыстылық  деңгейіне  кепілдік  бермейді, 

себебі  ол  инвестицияның  соңғы  мерзімінде  мәлім  болады.  Салымның  негізгі  сомасы 

мерзімнің  соңына  қарай,  банк-алушының  қорды  пайдаланудан  шығатын  табыс  үлесімен 

бірге жабылады. МБИ – дәстүрлі банктік депозиттік сертификаттарға балама құрал болып 

табылады.  Бұл  бағалы  қағаздарды  исламдық  банктер  сатып  алу  арқылы,  біруақытта 

табысты  және  қажетті  өтімділікті  қамтамасыз  етіп  отыр.  Өз  кезегінде,  МБИ  бағалы 

қағаздарын уақытша ақша қаражаттары жеткіліксіз жағдайда шығарады.  



 

Банкаралық акцепт Вадиа (Wadia) – бұл Малайзиялық Орталық банк пен исламдық 

банктік  мекемелерінің  арасындағы  банкаралық  операция  болып  табылады.  Аталған 

қаржылық  құралдың  механизмі  бойынша  исламдық  банктік  мекемелер  артық  қорларды 

Орталық  банкке  сақтап  қояды.  Осы  тұжырымдамаға  сәйкес,  қаражаттарды  қабылдап 

алушы  нақты  қандай  да  бір  табысты  төлеу  міндеттемесіз  қаражаттарды  сақтайды. 

Сақтаушының  төлеп  отырған  кез  келген  дивидендтері  сый  (hiba)  ретінде  қабылданады. 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау