536
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Мемлекет жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан,
құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады. Ұлттық банк резервтік
және басқа қорлар құрады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар
мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер
амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі
жатады.[3]
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа да қорларды құрғаннан қалған бөлігі
республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық
салықтар мен төлемдерден босатылады.
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынандай
міндеттер жүктеледі.:
-
Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік
есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және
жүзеге асыру;
-
Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
-
Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің,
салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:
-
елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
-
өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
-
халық шаруашылығында несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық
нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің
есеп беруін ұйымдастыру;
-
банк ісін бақылау және қадағалау
-
елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау
Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары. Ұлттық банкінің басқару
құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері “Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы және “Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы” Ережесі негізінде анықталады.[4]
2.3Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес
мынандай қызметтер мен операциялар орындайды:
-
айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы
аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып
табылады;
-
кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
-
Қазақстан Республикасы аумағанда еншілес банк ашуға рұқсат береді;
-
Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
537
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
-
Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі
белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
-
Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады,
қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
-
Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық
нормативтер белгілейді;
-
Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік
пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
-
Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі
әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша
несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтарын береді;
-
ҚР-да есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды,
қазақстандық теңге мен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз
жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс ісеуін ұйымдастыруы тиіс;
-
ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және
валюталыұ операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
-
Банк ісі есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге,
валютаны сатып алу, сату және айырбастау операциялар жүзеге асыратын мекемелерге
және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен
қатар, олардың орындалуын бақылайды;
-
Егер
заңды
актілермен
басқалары
қарастырылмаса,
Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық
субъектілерімен жүзеге асыратын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік жәене басқа да
шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
-
Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
-
Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және
инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды
және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады.., банкноттар мен монеталардың
мемлекеттік резервтер құрады;
-
Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты
түрде жариялайды;
-
Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
-
Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолданжасалған
қүжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және
банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;
-
Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады;
Сирек
жағдайларда
мемлекеттік
бюджеттің
қаржаттары
арқылы
қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.[5]
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.
2.4 Ақша айналысын басқару. Ұлттық банк заңды төлем құралын, яғни
банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық
банкінің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент
алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып
табылады.