514
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Банкаралық акцепт Wadia, алынған қаражаттарды инвестициялау міндеттемесіз
дивидендтерді хабарландыруда, Орталық банкке икемділікті қамтамасыз ете отырып
өтімділікті басқаруды жеңілдетеді.
Өтімділікті басқару бойынша операциялар ретінде, Орталық банк «овернайт»
немесе бекітілген мерзімді wadia ақшаларын қабылдау жолымен Мудараба банкаралық
инвестициядан артық өтімділікті алып тастау үшін банкаралық акцепт Wadia қолданады.
Үкіметтік инвестициялық эмиссиялар (ҮИЭ). 1983 жылы Малайзиядағы алғашқы
исламдық банк операцияларын іске қосқан кезде, банк пайыз әкелетін Малайзияның
мемлекеттік бағалы қағаздарын, малайзиялық қазынашылық вексельдері мен басқа да
құралдарымен сатып алуды немесе сауда жасауды жүзеге асыра алмайтын еді. Бірақ та,
исламдық банктерде өтімділік және уақытша бос қаражаттарды орналастыру бойынша
міндетті талаптарды қанағаттандыру үшін өтімді бағалы қағаздарға иелік етудің маңызды
қажеттілігі туындады. Пайда болған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, Малайзиялық
парламент 1983 жылы үкіметтік инвестициялар туралы Актіні қабылдады, нәтижесінде
үкіметтік инвестициялық сертификаттар (ҮИС) деп аталатын пайызсыз сертификаттарды
шығаруға рұқсат етілді. Бұл сертификаттар сол кезден бастап кард аль хасан (qard al
hassan) тұжырымдамасы негізінде ҮИЭ (Үкіметтік инвесициялық сертификаттарға)
алмастырылған еді [1, 24б.].
Qard al hassan тұжырымдамасы ҮИЭ екінші нарықта сауда жасауға рұқсат етпейді.
Бұл кемшілікті жою үшін Малайзияның Орталық банкі нарық қатысушыларының бағалы
қағаздармен жасайтын сатып алу-сатуды жеңілдету үшін терезе ашты. Бағалы
қағаздардың бағасын жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін және ҮИЭ қозғалысын
бақылап отыратын Малайзияның Орталық банкімен бекітіледі.
2001 жылдың маусымында Малайзия bai’al-inah тұжырымдамасының шеңберінде
үшжылдық ҮИЭ шығарды. Бұл қадам bai’al-dayn (қарыздық міндеттемелермен сауда
жасау) тұжырымдамасы арқылы екінші нарықта ҮИЭ сауда жасауға рұқсат бере отырып,
исламдық банкаралық ақша нарығының тереңділігін күшейту үшін құрастырылды. 2012
жылдың соңында шығарылған ҮИЭ жалпы сомасы 4 миллиард долларға тең болды.
Орталық банктің айналым ноталары (Негара) bai’al-inah тұжырымдамасы бойынша
Малайзияның Орталық банкімен шығарылатын қысқамерзімді құралдар болып табылады.
Бұл ноталар 2000 жылдың қараша айында енгізілген еді және екінші нарықта сатылатын
болып табылады. Бағасы дисконттың негізінде анықталады және максималды мерзімге –
бір жылға шығарылады. Ноталар Орталық банктің өтімділікті басқару үшін қолданатын
тиімді құралы болып табылады. Бұл айналым ноталары дәстүрлі банкингте қазынашылық
вексельдердің рөлін ойнайды және олар үш себеп бойынша тартымды болып табылады:
олар дефольт тәуекелінен босатылған, терең екінші нарыққа қатысты өтімді болып келеді,
және олар номиналды құнынан таза дисконтпен сатылады. Осылайша, олардың сипаты
қазынашылық вексельдермен сәйкес келіп отыр, және исламдық банкинг жүйесінде
өтімділікті толықтыру немесе мүлдем жою немесе ашық нарықта операция жүргізу үшін
Орталық банктің таңдауы бойынша қаржылық құралды көрсетеді [2].
Мудараба Кагамас облигациялары. Олар 1994 жылдың наурыз айында, қоғамға
исламдық тұрғын үй құрылысын ұсынатын қаржылық мекемелерден исламдық тұрғын үй
құрылысы қарызын сатып алуды қаржыландыру үшін енгізілген еді. Mudaraba
облигациялары mudaraba тұжырымдамасының шеңберінде құрастырылған, мұнда Кагамас
облигацияларын ұстаушылар табысты алдын ала анықталған табысқа қатысу
коэффициенттеріне сәйкес бөледі.
4
. Исламдық акцептіленген вексель, пайызсыз акцептіленген вексель ретінде
танымал болып келеді, 1991 жылы саудагерлерді тартымды исламдық сауда-қаржылық
өніммен қамтамасыз ете отырып, исламдық және шетелдік сауданы ынталандыру
мақсатында енгізілді. Бұл механизм murabaha (кейінге қалдырылған бір жолғы сатылым
немесе «шығындар қосу бекітілген табыс) және bai'al-dayn (қарызбек сауда) исламдық
515
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
түсініктері бойынша құрастырылған. Исламдық акцептіленген вексельдер ақша
нырығының құралы ретіндегі, яғни негізінен сыртқы сауданы қаржыландыруға
қолданатын дәстүрлі банктік акцептіге балама болып келеді. Исламдық акцептіленген
вексель механизмі бойынша қаржыландырудың екі түрі бар: импорт пен жергілікті сатып
алулар, және экспорт пен жергілікті сатылымдар.
Импорт пен жергілікті сатып алулар – бұл murabaha айналым капиталын
қаржыландыратын механизміне сәйкес қаржыландырылатын мәмілелер болып табылады.
Осы тұжырымдамаға сәйкес коммерциялық банк клиентті банк үшін сатып алу бойынша
агент ретінде тағайындайды. Содан кейін клиент банктің атынан сатушыдан қажетті
тауарларды сатып алады, ал ол өз кезегінде сатушыға төлейді және клиентке табыс
маржасын қосып тауарды қайта сатады. Клиентке 200 күн мерзімге дейін бөліп төлеуге
рұқсат береді. Murabaha қаржыландыруды өтеп болғаннан кейін, клиент Банкке тауардың
құнын, сонымен қатар табыс маржасын төлейді.
Бөліп төлеу шартының негізіндегі банктің тауарларды сатуы міндеттемені
тудырады. Ол банкпен жазылған және бөліп төлеу мүмкіндігімен банктің сатылым
бағасының толық көлемінде тапсырыс берушімен қабылданған аудармалы вексель түрінде
секьюриттелген. Егер банк Исламдық акцептелген вексельді үшінші тұлғаға сатуды
жоспарласа, онда банк бағалы қағаздарды келісілген баға бойынша сатумен сәйкес келетін
bai'al-
dayn тұжырымдамасы қолданылады.
Экспорт пен жергілікті сатылымдар исламдық акцептелген вексель қызметінің
екінші түрі болып табылады. Мұндай операцияларды қолдап отыратын бұл вексельдер
bai'al-
dayn негізінде саудаға түседі. Исламдық акцептелген вексель операциясы үшін
бекітілген экспорттаушы, сату немесе аккредетив келісім шартының ережелеріне сәйкес
экспорттық құжатнаманы даярлайды. Экспорт бойынша құжаттар импорттаушының
банкіне бағытталады. Экспорттаушы коммерциялық банктен орнын басатын жаңа
аудармалы вексельді алады, яғни кейін исламдық акцептелген вексельге айналады. Банк
bai'al-
dayn тұжырымдамасын қолдана отырып, өзара келісілген баға бойынша бағалы
қағаздарды сатып алады және түсімдер экспорттаушының шотына түседі. Ішкі нарықтағы
сатылымдар ұқсас түрмен өңделеді [3].
5. Исламдық айналым құралдары екі бөлек нысанға ие болып келеді. Біріншіден,
Исламдық айналым депозиттер құралы (ИАДҚ). Бұл жағдайда mudaraba тұжырымдамасы
қолданылады. Ол исламдық банкке депозит ретінде салынған ақша сомасына қатысты
болып келеді және белгілі бір мерзім ішінде ИАДҚ номиналдық құны бойынша оған қосу
хабарланған дивидендпен бірге салымшыға қайтаратыны кіреді. Екінші исламдық
айналым құралдарына исламдық айналым қарыздық куәліктер (ИАҚК) жатады. Бұл
операцияға, банк активтерін клиентке қолма-қол ақшаға алдын ала келісілген бағасы
бойынша үйлесімді үлесін сату болып табылады. Содан кейін, банк қайтадан клиенттен
үйлесімді үлесін номиналдық құн қосу келісілген мерзімдегі табысы бойынша сатып
алады.
6. Жеке исламдық қарыздық бағалы қағаздар
1990 жылы бұл бағалы қағаздар Малайзияда енгізілген еді. Нарықтағы айналымда
жүрген бағалы қағаздар bai bi-thaman ajil, murabaha және mudaraba шариғат
тұжырымдамасымен сәйкес негізінде шығарылады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
4.
Бертаева К.Ж. Исламский банкинг: учебное пособие. – Алматы, 2014. – 136 с.
5. www.muslimeco.ru
6. www.alhialbank.kz