518
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Мысалы ретінде Dow Jones Global Index қор индексі мен Dow Jones Islamic Market
World Index шариғат индекстерінің серпінін салыстыруға болады. Жалпы алғанда олар
бірдей саудаласады, бірақ екіншісінің нәтижесі жақсырақ. Яғни, егер 2011 жылы алғашқы
индекс 10% түссе, екіншісі – 7% түскен, ал 2012ж. біріншісі 11,89% өскен болса, екіншісі
–
12,81% өскен [3].
Осылайша, сарапшылардың айтуынша, исламдық банкинг өзін жиі батыстық
әлемге қарама-қайшы қойғанымен, оның биржасында сауда жасай отырып, ол әлемдік
экономикалық жүйенің біртұтас бөлігі болып табылады, сол себепті ол әлемдік
экономикадағы кез келген дағдарысқа тәуелді болып келеді.
Исламдық банктер несімен тартымды болып келеді? Біріншіден, қаржыға деген
басқа қатынас. Егер дәстүрлі бастыстық экономикалық үлгіде табыс алу өзіндік мақсат
болатын болса, ал исламдық банкинг үшін тек қана мақсат ғана емес, сонымен қатар
қаражаттар саны да маңызды болып келеді. Бұл жағдайда естен кетпес негізгі исламдық
қаржы қағидалары болып табылады, олар аталған оқу құралының алдыңғы бөлімдерінде
қарастырылып кетті: мейсирге (құмар ойындарына, анықталмаған шарттары бар
келісімдерге), гарарға (анықсыздықпен мәмілелер жасау, мысалы фьючерстермен сауда
жасау кезіндегі ойындарға) және рибаға (ақшаны пайызға беру, өсімқорлық) тыйым салу.
Негізгі шарт мынадай – кедейдің одан сайын кедей болуының есебінен байлар одан сайын
бай болуына тыйым салынады.
Мұсылман әлемі өркениетпен және капитализмнің басқа да ықпалымен
байланысқа түскен кезде, оған коммерциялық банк жүйесін қосыңыз, мұсылмандар екі
нұсқаның бірін таңдаулары керек болды:
1.
егер коммерциялық банктердің беріп жатқан пайыздарында исламмен тыйым
салынған риба элементтері болмағаны туралы бекітілген болса, онда коммерциялық
банктердің үлгілерін қабылдау. Осылайша, коммерциялық банктер мұсылмандар үшін
қолжетімді болуы мүмкін.
2.
коммерциялық банктердің беріп жатқан пайызы риба деп шешім қабылдау және
осыны есепке алып, исламдық шариғат қағидаларын бұзбайтын банктердің балама
жүйесін қабылдау.
Ескерту, бұл екі нұсқа бастапқыда, айтарлықтай қазіргідей анық болмаған
еді. Олардың арасындағы айырмашылықтарды өшіретіндей кейбір факторлар болған еді.
Біріншіден, көптеген мұсылман елдерінің экономикасы отаршылық биліктің
қол астында еді, сондықтан бұл елдердің халқы саяси және экономикалық сайлауға аз
қатысатын. Мұсылман елдерінде ғасырлар бойы болған мекемелер, мысалы, шариғат
соттары, олар тиімсіз болар еді және қажетсіздіктен олар жоғалар еді. Кейін олар басқа
жаңа мекемелермен алмастырылған болар еді. Осындай жағдайдағы мұсылмандар
солармен бірге жұмыс атқарудан басқа, ешқандай тәжірибе жүзінде шығатын жол
болмады, тіпті моральдік және этикалық тұрғыдан бас тартатындай себептер болғанның
өзінде. Бұл коммерциялық банктермен болған жағдайға да байланысты.
Дегенмен, мойындау керек он тоғызыншы ғасырдың ортасында кейбір мұсылман
елдеріндегі, яғни Мысыр, Үндістан мен Индонезиядағы кейбір дінтанушылары, сол кезде
болған коммерциялық банктер мен Исламда тыйым салынған рибаны қосуға талпынған
болатын. Сонымен қатар олар, Исламдағы тыйым салынған риба негізінен өсімқорлық
несиелерде ғана болатынын, ал коммерциялық банктердің операцияларына оның еш
қатысы жоқ екенін айтқан.
Бұл көзқарастың жақтаушылары, рибаға жатқызылатын негізгі сомамен
салыстырғандағы Құранда айтылған кез келген артық набытқа (артылып қалу) тікелей
тыйым салынған дәлелді кері қайтаруда және мынаны анықтап айтады, яғни несиегерлер
тек қана негізгі соманы алуға құқығы бар деп. Сонымен қатар, Ислам несиені тұтыну мен
өндірудің арасында ешқандай айырма қоймайтыны туралы естен шығарылды. Рибаға
қойылған тыйым, несиені беру мақсаттарға тәуелсіз болуы қажет.
519
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Дегенмен, бұл тарихи дәлел ғана, себебі жоғарыда атап өтілген көзқарастар,
мұсылман елдерінің аз бөлігінде айтылған. Бұл ұстанымдардың дұрыстығы мен банктік
несиенің ұйғарындылығы туралы терең ілімі бар көптеген мұсылман ғалымдары мен
діндарлары бұл пікірді қабылдамайды.
Көріп отырғаныңыздай, заманауи коммерциялық банктер батыс әлеміндегі, тіпті
кейбір азия елдеріндегідей, мұсылман елдерінде айтарлықтай прогреске жете алмай отыр.
Бұны мына деректермен дәлелдей түсеміз, яғни мұсылман әлеміндегі коммерциялық
банктер тек қана батыстық мәдениет пен өркениет терең сіңіп кеткен ірі қала
орталықтарында ғана орналасқан. Дегенмен осы қалалардағы кейбір адамдар діни және
моральдік себептерге байланысты коммерциялық банктерден өздерін алшақ ұстайды,
өйткені олар риба туралы Құранда айтылған шартты ұстанады. Олардың арасында кейбір
жағдайларға немесе Исламмен рұқсат етілген қандайда бір банктік институттардың
болмауына байланысты банктермен істес болып қалатындары да бар және бұны олар
иманды бұзуға алып келеді деп ойлайды. Олар пайызды меншік қаражаты ретінде
пайдаланбайды.
Басқа тәсіл – шариғат талаптарына сәйкес банк жүйесін құрастыру, қазір бұл соңғы
уақытта көкейтесті сұраққа айнала бастады, дегенмен пайызсыз банкті құру идеясы өткен
ғасырдың 40-шы жылдары ұсынылды. Бірақтан, ол кездері исламдық банкті құру
бойынша тәжірибелік шараларға жағдай болмаған, өйткені пайызсыз банктің нақты
қызмет етуі мен техникалық бөлшектер бойынша идея жоқ еді. Шындығына келсек,
пайызсыз банк ісінің теориясы мен ислам банкингінің идеясы ұзақ уақыт бойы жай ғана
арман болып қалуда, тіпті жоспарға да жатқызуға болмайды.
Қазіргі уақытта исламдық банктер, әлемдік қаржы ағымының 15% бақылап
отыр. Сонымен қатар исламдық банктердің қызметін, мұсылман елдерімен жұмыс
атқаратын кәсіпкерлер мен компаниялардың 35% қолданады.
Исламдық банкингтің дамуына әсер еткен негізгі факторлар, - бұлар
әлемдегі мұсылман халқының өсуі, Шығыс мемлекеттерінің мұнайдан түсетін
табыстарының қарқынды өсуі, батыс елдерінің жаңа қаржылық бағытты қабылдауы, оны
заңнамалық деңгейде қолдау.
Заманауи исламдық банкингтің әлемдік орталығына Малайзия жатады, ол нарық
пен кәсіпті шариғат бойынша дамытудың арқасында, экономикалық болашағы жоқ елден
«азия айдаһарына» айналды. Бұл нарық серпінді дамып отыр, сонымен қатар дәстүрлі
мұсылман елдері де артта қалмай келеді – Бахрейн, Катар, БАЭ және басқалары.
Қолданылған дереккөздер тізімі
7.
Бертаева К.Ж. Исламский банкинг: учебное пособие. – Алматы, 2014. – 136 с.
8.
Оналтаев Д.О. Исламские финансы: учебное пособие. – Алматы, 2015. – 282 с.
9. www.muslimeco.ru