Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет255/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   420

516 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Ислам банкингінің эволюциялық дамуы 

   

Каипжанова С.М. 

Алматы экономика және статистика академиясы 

E-mail: Saliman.kaipzhanova.93@mail.ru   



 

Салыстырмалы түрде  исламдық банкинг жас болып келеді. Исламдық банкингтің 

тарихи дамуы, 1975 жылы құрылған Исламдық даму банкі мен Дубай исламдық банкіден 

бастау алады.  

Исламдық  банктердің  құрылуы  Малайзияда  басталды,  себебі  бұл  ел  аталған 

банкингтің түрі үшін үлкен қаржылық орталық болып табылады. Малайзиядағы исламдық 

банктер  үкіметтен  және  «исламдық  ережелер  бойынша»  серіктес  болуға  ниет  білдірген 

компаниялардан  қолдау  алды.  Нәтижесінде  исламдық  қаржы  мекемелері  өз  қызмет 

салаларында  айтарлықтай  жетістікке  және  ілгерілеуге  қол  жеткізді,  ал  бұл  өз  кезегінде 

Малайзияның экономикалық дамуына септік жасады.  

Кейінгі  жылдары  исламдық  банкинг  екпіндеп  дамыды.  Алғашқы  несие  ұйымы  – 

Mit Ghamr Bank – 

бар жоғы елу жыл алдын 1963ж. Мысырда құрылды, бірақтан исламдық 

банкинг  сол  90ж.ж.  өзінде  кең  тарала  бастады.  Мұндай  жағдай,  қара  алтынды  сатудан 

байып кеткен араб елдерінің инвестицияға деген қарапайым қажеттіліктерінен туындады. 

Шариғат  көптеген  дәстүрлі  бастыстың  қаржылық  құралдарына  тыйым  салғандықтан, 

осыдан инвесторлардың діни талаптарына жауап беретін банкті құру идеясы бастау алады. 

Дегенмен, «топтық банктер желісінің» қарапайым идеясы, үлкен исламдық банк жүйесіне 

дейін өсті, және бүгінде әлем бойынша мұндай банктердің саны мыңдаған болып келеді, 

және олар тек қана мұсылмандардың арасында ғана қолданылмайды.  

Қалалық деңгейдегі алғашқы исламдық банк 1971 жылы Насер Әлеуметтік банкінің 

қатысуымен Каирде пайда болды, кейін 1972 жылы өз қызметін бастады. Ол автономдық 

мәртебесі  бар  қоғамдық  банк  болды.  Оның  негізгі  мақсаты  –  табысқа  қатысу  арқылы 

үлкен емес жобаларға пайызсыз несиелерді ұсыну, кедейлер мен мұқтаж жандарға көмек 

беру,  университет  пен  басқа  да  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  қарыз  беру 

болған. Осындай әлеуметтік қызметтерді атқарған Насер Әлеуметтік Банкі, өз қызметінің 

алғашқы кезеңдерінде 1957 жылғы банктік және несиелік құқық негіздерін қадағалаудан 

босатылған  еді.  Банк  алғашқы  уақытта  қаржы  Министрлігінің  аясында  қызмет  еткен 

болса,  ал  қазір  әлеуметтік  іс  пен  сақтандыру  Министрлігінде  қызмет  етеді.  Банктің 

капиталы  –  Президенттік  және  бюджеттен  тыс  қорлардан  бөлінген,  мемлекеттік 

қаржыландырулар  мен  вакф  істері  бойынша  Министрліктің  жарналарынан  бөлінген 

қаражаттардан қалыптастырылады.  

Насер  әлеуметтік  Банктен  кейін  келесі  1975  жылы  Dubai  Islamic  Bank  құрылды. 

Dubai Islamic Bank – 

басқару орталығы Дубай қаласында орналасқан акционерлік қоғам 

болып  табылады  және  оның  капиталы  50  миллион  дирхамға  тең.  Дубай  мен  Кувейт 

Үкіметтері, сәйкесінше банк капиталының 20% мен 10% көлеміне қатысқан. 1975 жылдан 

бастап бірнеше мұсылман елдерінде, сонымен қатар дүние жүзінің басқа да бөліктерінде 

исламдық банктер құрылды және қазіргі уақытқа дейін жақсы қызмет атқарып келеді [1, 

35 


б.]. 

Ірі халықаралық исламдық холдингтік компания, яғни АИ-Маl әл-Ислами  «(DMI) 

Сенім және бақылау» мен әл-Барака тобы бірнеше исламдық банктерді бақылап отырды. 

DMI  холдингтік  компания  болып  табылады  және  ол  Багама  аралдарының  заңнамасына 

сәйкес тіркелген. Ол 1981 жылы 10 млн. акция құндылығына тең келетін 1 млрд. АҚШ 

долл. тең жарғылық капиталымен құрылған. Бүгінде, DMI бірнеше ислам елдерінде ислам 

қаржы  институттарының  желісімен,  яғни  исламдық  инвестициялық  компаниялар, 

исламдық банктер мен исламдық сақтандыру компаниялары арқылы халықаралық қаржы 

орталықтарымен жұмыс атқарып келеді.    



517 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Әл-Барака  тобы  1982  жылы  құрылды  және  оның  12  бөлімшесі  мен  қаржы 

саласымен  байланысты  еншілес  мекемелері  бар.  Парсы  шығанағаның  аймағында  белгілі 

бір исламдық банктер бар, мысалы Dubai Islamic Bank, Кувейт қаржы үйі мен Катар Ислам 

банкі  –  бұл  банктер  жоғарыда  аталған  холдингтердің  ешқайсысына  кірмейді.  Сонымен 

қатар,  кейбір  ислам  елдерінде,  яғни  Малайзия  мен  Бангладеш  мемлекеттерінде  үкімет 

жағынан  белсенді  қолдағанның  арқасында  құрылған  исламдық  банктер  бар.  Бірнеше 

исламдық банктер мұсылман емес елдерде де қызмет атқарып келеді, олар – Филиппиндік 

Аманах  банкі,  Даниядағы  Ұлтаралық  Ислам  банкі  және  Люксембургтегі  ислам  қаржы 

Үйінің Жалпылама Холдингі. 

Сонымен  бірге,  бірнеше  қарапайым  мекемелерде  «исламдық  терезелер»  қызмет 

етеді, онда олар өз клиенттеріне әртүрлі исламдық әдістерді қолдануға болатын белгілі бір 

қызмет  түрлерін  ұсына  алады.  Оның  ішінде,  ерекше  атап  өтуді  талап  ететін,  Сауд 

Аравиясының Ұлттық коммерциялық банкі мен Мысырдың Миср Банкі бар.  

 

Батыс  әлеміндегі коммерциялық банктердің пайда болуы мен даму  тарихы 



ұзақ  емес.  Батыстағы  коммерциялық  банктердің  қызметі  соңғы  жылдардағы 

индустриялдық  өркениеттің  пайда  болуымен  біркелкі  болып  келген.  Өнеркәсіп 

төңкерісінің  басталуымен  саудагерлердің,  өнеркәсіптердің,  өндірістердің  және  басқа  да 

кәсіпкерлердің  тым  қатты  өсімі  пайда  болды,  олар  өз  кәсіптерін  кеңейтіп,  меншіктік 

фирмалар құруды қалады, бірақ қаржы ресурстары жеткілікті емес еді. Сол себепті, басқа 

кәсіпкерлердің қаржысына қолжетімділік алу үшін жаңа әдіс табу керек болды.  

 

Салыстырмалы  Еуропада  исламдық  банктер  жақында  пайда  болды,  онда 



шариғаттың  заңдарына  қорқынышпен  қарайтын  тұрғындар  үлесі  айтарлықтай  үлкен. 

Жаңа  клиенттерді  тарту  мақсатында,  бірнеше  ірі  дәстүрлі  еуропа  банктері  ерекше 

исламдық  қаржылық  өнімдерді  ұсынып  отыр.  Олардың  ішінде,  мысалы,  франциялық 

Societe  Generale.  Маннхайме  (Mannheim)  деген  неміс  қаласынан,  жақын  арада 

Германияның  аумағынан  алғаш  рет  мұсылман  банкі  ашылмақ,  ол  Құранның  әдептер 

нормаларымен  сәйкес  қызмет  ететін  болады.  Kuveyt  Tuerk  Beteiligungs  bank  банкі 

ашылды,  оның  бас  офисі  2010  жылы  Кувейт  пен  Түркияда  орналасқан  болатын.  Неміс 

филиалдарының саны бірте-бірте 10-ға дейін өсуі мүмкін.  

HSBC мәліметтері бойынша әлемде 300-дей исламдық қаржы институттары бар  [2, 

49 


б.]. 

Алғашқы кезеңде еуропалық континентте бір ғана исламдық банк мекемесі қызмет 

атқарды. Алайда, исламдық саладағы қаржылық операциялардың ұлғаюы мен исламдық 

банкингтің  дамуының  арқасында,  көптеген  елдердің  орталық  банктері,  оның  ішінде 

Ұлыбритания мен АҚШ-та исламдық қаржы мекемелеріне есіктерін ашып берді.  

Көптеген  еуропа  елдері  исламдық  банкингтің  құралдарын  белсенді  қолданып 

келеді.  Сонымен,  неміс  Deutsche  Bank  мұсылмандық  инвестициялық  қорды 

ұйымдастырды,  Ұлыбританияда  Исламдық  банк  құрылды,  Италияда  шариғат  бойынша 

«әдептер» инвестициясының нағыз серпілісі болды, ал Лондон қор биржасы (LSE) кейбір 

араб  елдеріндегі  исламдық  облигациялар  (сукук)  айналымының  ауқымы  бойынша  алға 

шықты.  

Еуропадағы  мұндай  қаржылық  құралдардың  танымал  болуы,  Түркиядан 

(Германияға)  және  Сенегалдан  (Францияға)  келген  мигранттардың  өсуімен  байланысты, 

себебі олар материалдық жағдайы жақсарғаннан кейін инвестициялауға бет бұра бастады. 

Басқа  қырынан  қарайтын  болсақ,  соңғы  жылдары  Еуропада  «әдептілік»  салымдар 

танымал  болуда,  ал  оның  қатарына  исламдық  қаржыландыру  құралдары  да  кіреді. 

Мысалы,  Дания  мен  Норвегияда  діни  инвестицияға  балама  ретінде,  экологиялық 

инвестицияны  дамытуда  және  ол  халықтың  жинақтарын  әртараптандыру  үшін  кең 

қолданылады. Алайда, «исламдық» инвестициялауға жаппай ауысуды ұзақ күтудің қажеті 

жоқ, себебі исламдық пен дәстүрлі банкингтің арасындағы табыс бойынша айырмашылық, 

батыс әлемі үшін аса үлкен емес, тіпті нөлге жуық болып тұр.  



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау