СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
14
– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық
уәжін ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті
қалыптастыру.
Осыған байланысты мыналар қажет:
– сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру
және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша
құзыреттерді дамыту;
– Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл
ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік
тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;
– құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрмет-
темеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе);
– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамта-
масыз ету.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-
ті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға
ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау,
жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою
жөніндегі қызметі» ретінде ашылады. Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын
алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын
алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды
зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі» [1].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты әлеуметтік жүйенің
тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған, сондықтан оның
түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі – оның барлық
адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық,
экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерінде, байланыстары
мен көріністерінде болжай білу болып табылады.
Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемле-
кеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің,
рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік
біртектіліктің ерекше мәні бар.
Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де маңызды.
Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның
өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет,
оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін жоя отырып, оған қарсы
күресте жандандырған жөн.
Қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті
социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады,
қоғамның кез келген құрылымдық деңгейінде сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылыққа қарсы күрестің табыстылығын айқындайды.
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
15
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы,
құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да
маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды
конформистік сенімдерді үйлестіру – қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуат-
ты факторы.
Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас
жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты
екенін белгілеуге болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас
жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық
позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға
берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып
табылады.
Тірек сөздер:
сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу, адамгершілік мәдениет, сыбайлас
жемқорлық мінез-құлық себептері.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не?
2. Адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымындағы орны
қандай?
3. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» және «сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениет» ұғымдары
5. «Сыбайлас жемқорлық сана» және «сыбайлас жемқорлық мәдениет»
ұғымдарының теориялық мазмұны олардың күнделікті қолданылуына
сәйкес келе ме?
6. Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары.
7. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің жағдайын
талдаңыз.
Рефераттардың үлгілік тақырыбы
1. «Сыбайлас жемқорлық», «парақорлық», «қызметтік жағдайын асыра
пайдалану» ұғымдары: олардың айырмашылықтары мен ұқсастығы.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәждемесі.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және оның қазіргі жағдайлардағы
ерекшеліктері.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениеттің өзара байланысы.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
16
Әдебиет
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz
2. Алексеев С. В. Коррупция: социологический анализ / под ред.
О. В. Бондаренко. – Шахты: Изд-во ЮРГУЭС, 2008. – 270 с.
3. Антикоррупционная политика: учебное пособие / под ред. Г. А. Сатарова. –
М., 2004. – 368 с.
4. Дамаскин О. В. Коррупция: состояние, причины, противодействие. – М.,
2009. – 304 с.
5. Добреньков В. И., Исправников Н. Р. Коррупция: современные подходы
к исследованию. – М., 2009. – 207 с.
6. 6. Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка. – М.:
Изда-тельство «Азъ», 1992.
7. Мемлекеттік қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
23 шілдедегі № 453-І Заңы (2014 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша
өзгерістері және толықтыруларымен).
8. Назарбаев Н. А. Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол: Қазақстан
Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы.
2014 жылғы 11 қараша // adilet.zan.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |