1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
121
сот қолданады;
– әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатына, оның
жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке тұлғасына сәйкес, әділ
болуы тиіс;
– жеке тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
жасаған адамның сипатын, айыпталушының жеке басын, ескере отырып,
оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-
құлқын, мүліктік жағдайын, мән-жайларын ескере отырып, жеңілдететін
және ауырлататын жауапкершілік жүктеледі;
– заңды тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
сипатын ескере отырып, ұйымдық-құқықтық нысанындағы жаза
қолданылады;
– бір тұлға екі немесе одан да көп әкімшілік сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылық жасаған жағдайда әрбір құқық бұзушылық үшін жеке-
жеке қолданылады;
– егер адам бір мезгілде бір судья қарастыратын бірнеше әкімшілік
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, Кодекстің 44-
бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік айыппұлдың үш мәрте мөлшерінен
аспауы тиіс;
– әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жеке
тұлға, егер оны жасау күнінен бастап бір жыл өтсе, ал заңды тұлға – егер
оны жасау күнінен бастап үш жыл өтсе, жауаптылыққа тартылмайды
[8, 62-баптың 2-бөлігі]. Қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, егер тұлға
әрекеттерінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері
болса, бұл тұлға қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан күннен
бастап үш айдан кешіктірмей, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы
мүмкін.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты ұзаққа
созылған немесе жалғасқан әкімшілік құқық бұзушылық үшін есептелетін
әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі қолданылмайды.
Егер бұрын жасалған әрекет үшін әкімшілік жаза қолданылған күннен
бастап бір жыл ішінде жаңа іс-әрекет жасалса, тұлға әкімшілік сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықты қайтадан жасаған болып саналады.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін
әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны судья шығарған күн
құқықтық мәннің қайталану белгісін білдіреді.
Осы адамды әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке
тарту туралы судьяның қаулысы толық орындалған күннен бастап бір
жыл ішінде тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты
жасаған болып саналады. Қаулы әкімшілік жауапкершілікке тартылған
тұлғаның ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен орындалуы мүмкін,
ол жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалу жолымен немесе
жеке, үлестік немесе бірлескен меншік құқығындағы құқық бұзушыға
тиесілі мүлікті өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР ӘҚБтК-де қосымша әкімшілік жаза ретінде әкімшілік құқық
бұзушылықты жасау құралы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық
бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу қарастырылған,