СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
116
туралы, тікелей қолданыстағы заңдардың мәнін, мазмұнын және
қолданылуын анықтайтын конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс
[7].
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды
міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілік-
құқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып
табылады. Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде,
Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық
бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және
қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады.
Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық
бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік
санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік
құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында,
мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің,
(бұдан әрі – ӘҚБТК) «Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік
жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол
үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы,
кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi
немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк
құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар
өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа
әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды (2-тармақ).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінде бірқатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін
әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар.
Бірақ айта өту керек, жауапкершіліктің басталмауы осы нормаларды
бұзу белгіленген қағидалар мен тыйым салуларды толықтай елемеуге
әкеледі. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жатады: белгілі бір
мемлекеттік қызметші үшін моральдық-этикалық түсінік бойынша мүмкін
емес нәрсе, егер ол өзінің әріптестері үнемі солай әрекет етсе, мүмкін
болып табылады.
Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке
тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған)
әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi
не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады [8, 1-б. 25-бап].
Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтардан айырмашылығы сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық әрқашан қасақана әрекет түрінде
жасалады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әкімшілік
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамын ескере отырып,
әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деп мемлекеттік
функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның немесе оған теңестірілген
тұлғаның қоғамға әдейі қауіпті әрекеті, өзінің өкілеттігіне кіретін іс-әрекет
(әрекетсіздік) үшін сол тұлғаның пайдасына материалдық игіліктерді
жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз алудан көрінуі, сондай-ақ
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
117
егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері
болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері
түсіндіріледі.
Бұл ұғым сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың материалдық
мазмұнын, заңдық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашады және сол
арқылы қоғамдық қауіптілік, құқыққа қайшылық, жазалану, кінәлілік
пен қол сұғушылық объектісі ретіндегі оның белгілерін айқындайды
[6, 47-52-б.].
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің
34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген:
– жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап);
– мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған
теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап);
– заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап);
– мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы
(679-бап);
– мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап);
– бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың
жұмысқа қабылдануы (681-бап).
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы.
Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және
өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті
жағы және субъективті жағы.
Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген
белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам [8, 26,
28, 30-34 баптар].
Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъек-
тінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның
және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) мәслихаттардың депутаттары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы
заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының
Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен
мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар,
сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының
мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша
жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы
мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның
ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы
Достарыңызбен бөлісу: |