1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ,
ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
109
Бұл ретте, халықаралық ұсыныстар мен стандарттарды енгізу кезең-
кезеңімен жүзеге асырылады, мемлекеттің оған деген дайындығының
дәрежесі, қолданыстағы ұлттық құқықтың ерекшеліктері мен оның
қолданылуының қалыптасқан практикасы ескеріледі, қолданыстағы
нормативтік құқықтық институттардың әлеуеті мен мүмкіндіктері
пайдаланылады.
Стратегияда көзделген іс-шараларды іске асыруға міндетті түрде
мониторинг жүргізу қажет, ол екі түрлі болады: ішкі, іс-шараларды тікелей
орындаушы өткізетін және сыртқы, арнайы құрылған мониторингтеу тобы
жүзеге асыратын, оған тиісті мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың
және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Іс-шаралардың
орындалуы туралы есеп қоғам назарына жеткізілетін болады [38].
Жазаның бұлтартпастығы қағидаты табысты іске асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған
лауазымдары мен дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы
бойынша жауап береді.
Қылмыстық-құқықтық саясат лауазымды тұлғалардың сыбайлас
жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қатаң жауапкершілікті
қамтамасыз етеді. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте
іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған
адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды, шартты түрде сотталуға тыйым
салу белгіленген, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына
өмір бойы тыйым салу енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен
табылған мүлікті тәркілеу жөніндегі [39], басшылардың дербес сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жеке жауапкершілігі жөніндегі
нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген
маңызды ұғым бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің
жауаптылығын күшейте отырып, олардың әлеуметтік кепілдіктері де
жетілдірілуде.
Кезең-кезеңімен, жүйелі түрде мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің
еңбекақысын арттыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік хал-
жағдайын көтеруге және адал әрі әділ негізде өз міндеттерін орындау
үшін оларға жағдай жасауға арналған.
Сот жүйесіне сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге баса назар аударылады.
Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін
жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру
бойынша іс-шаралар қабылданды.
Барлық жерде ақпаратқа қол жетімділік артты, бұған электрондық
үкіметті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік
және жеке құрылымдардың интернет-ресурстары ықпал етті.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы еш кедергісіз
уәкілетті органдарға хабарлауына, соның ішінде сенім телефондары мен
мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы хабарлауына жағдай
жасалды.
Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың