1. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді даму институты және



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет7/44
Дата13.11.2018
өлшемі1,05 Mb.
#19260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44

22 
 
Курстың мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісін 
ұйымдастыру  бойынша  студенттерді  білімдермен  және 
практикалық  дайындығымен  қамтамасыз  ету,  болашақ  педагог 
тұлғасының рухани-адамгершілік өзгеруіне ықпалын тигізу.  
Курстың міндеттері: 
1.  «Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытудың  ғылыми-теориялық 
негіздерінің мазмұнын ашу. 
2.  «Өзін-өзі  тану»  сабағының  жоспарын  жасауға  және 
өтілген сабақты талдауға үйрету. 
3.  Біртұтас  педагогикалық  үдерісіне  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  интеграциялауға  студенттердің  практикалық 
дайындығын дамыту. 
4.  Жалпыадамзаттық  құндылықтарды  ұғынуға,  үздіксіз 
өзін-өзі  тануға  және  өзін-өзі  жетілдіруге  ұмтылысын  дамытуға 
ықпал ету. 
Мәңгілік  рухани-адамгершілік  құндылықтар  қазіргі 
заманның  білім  беру  мәселелерінің  өзегі  болғанда  ғана  өз 
шешімін  табады,  басқаша  айтқанда  бұл  құндылықтар  оқытып 
жатқандарымыздың барлығымен тұтастай бірлікті құрайды. Бұл 
жағдайда,  біз  тек  академиялық  жетістіктерге  ғана  қол  жеткізіп 
қоймай, сонымен қатар Адамның жан-жақты Үйлесімде Дамуын 
қамтамасыз 
етеміз 
немесе 
адамның 
кемел 
мінезді 
қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Сондықтан болашақ мұғалім 
алдымен  өзінің  жоғары  рухани  табиғатын  жете  түсінуге  және 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарды 
күнделікті 
өмірде 
қолданудың  үлгісі  болуы  тиіс.  Сонда  ғана  ол  әрбір  оқушыға 
рухани-адамгершілік білімді жеткізе алатын болады. Осылайша, 
пәннің негізгі міндеті әрбір студентке өзінің адами және кәсіби 
мұратын жаңаша түрде ұғынуына көмек беру болып табылады.  
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандартына сәйкес 
«Өзін-өзі  тануды  оқыту  әдістемесі»  пәнін  оқу  барысында 
студент төмендегідей білімдерді меңгеру керек: 
-  «Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытудың  аксиологиялық 
негіздерін; 
- «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістемесін; 
-  біртұтас  педагогикалық  үдерісіне  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды интеграциялаудың теориясы мен тәжірибесін. 
Сонымен қатар келесі біліктерді игеруі қажет


23 
 
-  «Өзін-өзі  тану»  сабағының  жоспарын  әдістемелік 
тұрғыдан сауатты құрастыру; 
-  «Өзін-өзі  тану»  пәнінде  қолданылатын  әдістемелік 
тәсілдерді сауатты пайдалану
-  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды 
біртұтас 
педагогикалық үдерісіне интеграциялау; 
-  жағымды ойлау, ой, сөз,  істің бірлігінде өмір сүру, ар-
ұждан дауысын есту. 
«Өзін-өзі  тануды  оқыту  әдістемесі»  курсы  болашақ 
педагогтың келесі құзыреттіліктерді игеруіне ықпал етеді: 
-  педагогикалық  тұрғыдағы  дүниетанымның,  ойлаудың 
ізгілік 
бағыттылығының, 
мінез-құлық 
пен 
іс-әрекеттің 
қалыптасуы; 
-  «Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқыту  әдістемесін  және  білім 
алушылардың  рухани-адамгершік  тәрбиесінің  мониторингі 
ерекшеліктерін меңгеру; 
-  қоғамдағы  мұғалім  рөлін  жете  түсінуі,  өзінің  рухани-
адамгершілік  дамуын  ұғынуы  мен  талдауды  білуі,  күнделікті 
өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды жүзеге асыруы; 
-  коммуникативтік  біліктер  мен  дағдыларды,  жоғары 
мәдени  деңгейдегі  кәсіби  –  педагогикалық  қарым-қатынасты 
қалыптастыру; 
-  өзінің  кәсіби  іс-әрекетінде  заманауи  компьютерлік, 
ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияларды 
қолдану қабілеттілігі. 
 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
1. 
«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытудың  аксиологиялық 
негіздері 
1.1 
Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде 
1.2 
Дұрыс  әрекет  жасаудың  тәжірибесі  адамгершіліктің 
алтын ережесі ретінде 
1.3 
Тыныштық адамның ішкі табиғаты ретінде  
1.4 
Сүйіспеншілік – әлем құрылымының негізі 
1.5 
Қиянат  жасамау  -  тұлғаның  үйлесімді  дамуының 
нәтижесі 
2. 
«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытудың  құрылымдық-
мазмұндық және әдістемелік аспектілері 


24 
 
2.1 
Өзін-өзі тану сабағын жоспарлау негіздері 
2.2 
Өзін-өзі тану сабағындағы жағымды көңіл-күй 
2.3 
Өзін-өзі тану сабақтарында дәйексөзді қолдану 
2.4 
Өзін-өзі тану сабақтарындағы ән айту және музыка 
2.5 
Өзін-өзі 
тану 
сабақтарындағы 
топтық 
және 
шығармашылық іс-әрекет 
2.6 
Әңгіме (өсиет-әңгіме) айтудың әдісі 
2.7 
Өзін-өзі тану сабақтарын талдау 
2.8 
Өзін-өзі танудағы мұғалімнің рөлі 
3. 
Өзін-өзі  тану  тараулары  мазмұнының  әдістемелік 
сипаттамасы 
3.1 
Пән мазмұнының логикалық құрылымы 
3.2 
Бастауыш  мектеп  үшін  тараулардың  әдістемелік 
сипаттамасы 
3.3 
Орта 
сыныптар 
үшін 
тараулардың 
әдістемелік 
сипаттамасы 
3.4 
Жоғары  сыныптар  үшін  тараулардың  әдістемелік 
сипаттамасы 
3.5 
Оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын бағалау мен 
сабақтардың мониторингі 
 
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ 
МОДУЛЬ 
1. 
Өзін-өзі 
тану 
пәнін 
оқытудың 
аксиологиялық негіздері 
1.1 Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты ретінде 
Барлық  болмыстың  бастапқы  табиғаты  туралы  білім  (А. 
Құнанбаев,  К.Д.  Ушинский,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  және 
т.б.). Шындықтың мәні туралы (П.П. Гаряев). Абсолюттік және 
салыстырмалы  ақиқат.  Нағыз  шындық  –бұл  ар-ұждан.  «Тап 
қазір» сәтінің күші. Ақиқатты анықтауға тән қасиеттер. 
1.2 
Дұрыс 
әрекет 
жасаудың 
тәжірибесі 
адамгершіліктің алтын ережесі ретінде 
Адамгершіліктің 
алтын 
ережесі. 
Дұрыс 
әрекетті 
оқытудағы  білім  беру  үдерісінің  мақсаттары.  Ұлы  ойшылдар 
дұрыс  әрекет  туралы.  Ар-ұждан  дұрыс  әрекет  өлшемі  ретінде. 
Дұрыс әрекетке тән қасиеттер.  


жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау