1. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді даму институты және



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет1/44
Дата13.11.2018
өлшемі1,05 Mb.
#19260
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44



 
 
 
 
 
 
 



 
1.  «Бөбек»  Ұлттық  ғылыми-практикалық  білім  беру  және 
сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді даму институты және 
Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті 
ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН. 
2. ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: 
Мұқажанова  Р.Ә.  –  педагогика  ғылымдарының  кандидаты 
Омарова Г.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты 
Изгуттынова Р.О. – педагогика ғылымдарының кандидаты 
Карабутова А.А. – психология магистрі 
Салғараева  Г.И.  –  педагогика  және  психология  ғылымдарының 
магистрі 
3. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: 
Рысбаева  А.К  –  педагогика  ғылымдарының  докторы,  «Бөбек» 
Ұлттық  ғылыми-практикалық  білім  беру  және  сауықтыру 
орталығы, Адамның үйлесімді даму институтының профессоры. 
Аутаева  А.Н.  –  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты.  
 
4.  Республикалық  оқу-әдістемелік  жоғары  және  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  білім  беру  кеңесінің  2016  жылғы  30 
маусымдағы  мәжілістің  №  2  хаттамасының  шешімімен 
БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. 
 
5.  Республикалық  оқу-әдістемелік  жоғары  және  жоғары  оқу 
орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы 
мәжіліс  хаттамасының  шешімімен  бекітілген  базалық  және 
кәсіби  пәндердің  типтік  оқу  бағдарламалары  ОРНЫНА 
ЕНГІЗІЛГЕН. 
 
6.  Типтік  оқу  бағдарламасы  Республикалық  оқу-әдістемелік 
жоғары  және  жоғары  оқу  орынан  кейінгі  білім  беру  кеңесінің 
2016  жылғы  30  маусымдағы  мәжілістің  №  2  хаттамасының 
шешімі  негізінде  бекітілген  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес 
әзірленген. 
Қазақстан 
Республикасы 
Білім 
және 
ғылым 
министрлігінің  рұқсатынсыз  осы  типтік  оқу  бағдарламасын 
көбейтуге және таратуға болмайды. 



 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
Елбасының  сөйлеген  сөздерінде  қазақстандықтардың 
рухани-адамгершілік  дамуының  өзектілігі  күн  тәртібіндегі 
мәселе 
ретінде 
қойылды. 
Бұл 
бағдарлама 
Қазақстан 
Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 
жоспары,  Еліміздің  көшбасшысы,  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  –  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050 
Стратегиясы», «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ»,  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  - Қазақстан 
дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдаулары, сонымен 
қатар  барлық  білім  беру  мекемелеріндегі  оқыту  үдерісінің 
тәрбиелік  компонентін  күшейту  бойынша  кешенді  типтік 
жоспарды  жүзеге  асыру  аясында  әзірленді.  Жоғарыда  аталған 
нормативтік  құжаттарда  қазақстандық  қоғамның  негізгі  даму 
басымдықтарын  анықтайтын  білім  беру  саясатының  негізгі 
бағыты  болып,  педагогикалық  кадрларды  дайындау  жүйесін 
жетілдіру  және  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  рухани-
адамгершілік негіздерінің мәнін күшейту болып табылады. 
Елбасының  алға  қойған  міндеттерін  шешуге  С.А. 
Назарбаеваның  сан  ғасырлардың  ұлттық  педагогикасы  мен 
жалпыадамзаттық  құндылықтар  негіздегі  білім  берудің  әлемдік 
тәжірибесіне  негізделген  жобасы  арналған.  Әлемдік  кеңістікте 
теңдесі  жоқ  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру 
Бағдарламасы  отандық  білім  беру  жүйесіне  ендірілді.  Бұл 
оқушы жастардың  рухани-адамгершілік  өзгеруін білім  берудегі 
барлық 
деңгейлерінде 
үздіксіздік 
пен 
сабақтастығын 
қамтамасыз етеді. 
«Өзін-өзі  тану»  пәні  адамға  шынайы  бақытқа,  өмірді 
қанағаттанумен жан тыныштығына ие тұтас үйлесімде дамуына 
мүмкіндік  береді.  Жастарға  рухани-адамгершілік  білім  беру, 
қоғамдағы  жоғарғы  идеалдарды  бекітуге  және  адамгершілік 
қасиеттерді  иеленген  лайықты,  мінезі  байсалды,  беделді 
азаматтарды тәрбиелеуге, негіз болып табылады. 
Курстың мақсаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік 
білім  беру  Бағдарламасының  негіздерімен  таныстыру,  болашақ 
педагог  тұлғасының  рухани-адамгершілік  өзгеруіне,  ішкі 
әлеуетінің ашылуына ықпал ету. 



 
Курстың міндеттері: 
1. 
«Өзін-өзі 
тану» 
рухани-адамгершілік 
білім 
беру 
Бағдарламасының  ғылыми-теориялық  негіздерінің  мазмұнын 
ашу. 
2. 
«Өзін-өзі 
тану» 
рухани-адамгершілік 
білім 
беру 
Бағдарламасының  түйінді  идеяларына  сәйкес,  студенттердің 
біртұтас  педагогикалық  үдерісті  ұйымдастыруға  арналған 
практикалық дайындығын дамыту. 
3. 
Жалпыадамзаттық  құндылықтарды  жете  түсінуге,  өзін-өзі 
тану мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын дамытуға ықпал ету. 
4. 
Болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін, 
яғни  ізгілік,  ой,  сөз  және  істің  бірлігінде  өмір  сүруге  ұмтылу, 
балаларға  сүйіспеншілік,  мәңгілік  пен  уақытшаны,  ақиқат  пен 
жалғанды ажырату, жағымды ойлау қабілетіне тәрбиелеу. 
Мәңгілік 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
қазіргі 
қоғамдағы  білім  беру  мәселелерінің  өзегі  болғанда  ғана,  өз 
шешімін 
табады, 
басқаша 
айтқанда 
олар 
оқытып 
жатқандарымыздың  барлығын  тұтастай  бірлігін  құрайды. 
Сондықтан  болашақ  мұғалім  алдымен  өзінің  жоғары  рухани 
табиғатын жете түсінуі және жалпыадамзаттық құндылықтарды 
күнделікті өмірде қолданудың үлгісі болуы тиіс. Сонда ғана ол 
әрбір  оқушыға  рухани-адамгершілік  білімді  жеткізе  алатын 
болады. Осылайша пәннің негізгі міндеті әрбір студентке өзінің 
адами және кәсіби мұратын жаңаша түрде ұғынуына көмек беру 
болып табылады.  
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандартына сәйкес 
«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқу  барысында  студент  төмендегідей 
білімдерді меңгеру керек: 
-  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру 
Бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздерін; 
-  өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің жетекші идеясы 
ретінде  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру 
Бағдарламасының аксиологиялық негіздерін; 
-  біртұтас  педагогикалық  үдерісіне  «Өзін-өзі  тану» 
рухани-адамгершілік  білім  беру  Бағдарламасының  идеяларын 
интеграциялаудың теориясы мен тәжірибесін; 
Сонымен қатар келесі біліктерді игеру керек: 


жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау