1. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді даму институты және



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет18/44
Дата13.11.2018
өлшемі1,05 Mb.
#19260
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44

59 
 
10.  Орынбасарова Э.А. «Этика педагога». Алматы,2000. 
11.  Кенесарина 
З.У. 
«Социализация 
американских 
школьников». Алматы, 2000. 
12.  Нұсқабаев  Ж.  «Мектеп-жас  ұрпақты  әлеуметтендіру 
орталығы» Алматы,1995. 
13.  Халитова 
І.Р.  «Әлеуметтік  педагогика  мәселелері». 
Алматы,2005. 
14.  Энциклопедия  социальной  работы.  Пер.с  англ.  Т.З  – 
М.,1994. 
 
 


60 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
 БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
 
 
ZhEFMG 1202  ЖАСЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ 
ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ 
 
 
5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін – өзі тану  
 
 
2 кредит 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2016 


61 
 
1.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті 
ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН. 
 
2. ҚҰРАСТЫРҒАН: 
Ғ.С. Шубаева – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. 
 
3. ПІКІР ЖАЗҒАНДАР: 
А.Н.  Аутаева  –  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты. 
Х.Т.  Шеръязданова  –  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 
университетінің 
профессоры, 
психология 
ғылымдарының 
докторы.  
 
4.  Республикалық  оқу-әдістемелік  жоғары  және  жоғары  оқу 
орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы 
мәжілістің  №  2  хаттамасының  шешімімен  БЕКІТІЛДІ  ЖӘНЕ 
ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ. 
 
5.  Республикалық  оқу-әдістемелік  жоғары  және  жоғары  оқу 
орнынан  кейінгі  білім  беру  кеңесінің  2014  жылғы  22  қазандағы 
мәжіліс хаттамасының шешімімен бекітілген базалық және кәсіби 
пәндердің типтік оқу бағдарламалары ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН. 
 
6.  Типтік  оқу  бағдарламасы  Республикалық  оқу-әдістемелік 
жоғары  және  жоғары  оқу  орынан  кейінгі  білім  беру  кеңесінің 
2016  жылғы  30  маусымдағы  мәжілістің  №  2  хаттамасының 
шешімі  негізінде  бекітілген  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес 
әзірленген. 
 
 
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
рұқсатынсыз  осы  типтік  оқу  бағдарламасын  көбейтуге  және 
таратуға болмайды. 


62 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
Балалар  денсаулығын  сақтау  мен  нығайту,  олардың  жан-
жақты  және  үйлесімді  дамуы  көп  тарапта  болашақ  ұстаздарды 
даярлау  деңгейіне  байланысты.  Бұл  пән  организм  өсуі  мен 
дамуының  жалпы  заңдылықтарын,  жеке  мүшелер  мен 
жүйелердің құрылысы мен қызметінің балалық шақтағы әр жас 
кезеңіне 
сай 
ерекшеліктерін 
қарастырады. 
Әлеуметтік 
педагогика  саласындағы  маман  даярлауда  жоғарғы  жүйке 
әрекеті  үрдістерін,  адамның  жүріс-тұрысы  мен  тәртібінің 
нейрофизиологиялық  негіздерін  оқыту  ерекше  маңызды  болып 
табылады.  Болашақ  маман  балалармен  және  жасөспірімдермен 
кәсіби  қызметін  ұйымдастырып,  жүргізу  барысында  өсіп  келе 
жатқан  организмде  өтетін  физиологиялық  үрдістерді  ескеру 
қажет,  сонымен  қатар  гигиеналық  талаптар  және  санитарлық 
нормалар  жайлы  біліміне  сүйене  отырып,  бала  организмінің 
сыртқы  ортамен  қарым-қатынасына  қолайлы  жағдай  жасауы 
керек. 
«Жасерекшелік  физиологиясы  және  мектеп  гигиенасы» 
пәнінің мақсаты болашақ маманның балалардың анатомиялық-
физиологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  және  негізгі 
гигиеналық талаптарға сүйене отырып, өзінің кәсіптік қызметін 
тиімді  түрде  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  ғылыми-теориялық 
білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.  
«Жасерекшелік  физиологиясы  және  мектеп  гигиенасы» 
пәнінің міндеттері:  

 
Студенттерді  балалар  мен  жасөспірімдердің  жасқа  сай 
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. 

 
Студенттердің  адамның  жүріс-тұрысы  мен  тәртібінің 
нейрофизиологиялық негіздері жайлы түсінігін қалыптастыру. 

 
Студенттерге  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруға  және 
сыртқы орта жағдайына қойылатын басты гигиеналық талаптар 
туралы мәлімет беру.  
Курсты бітіргеннен кейін білуі және меңгеруі тиіс: 
Пәнді оқыту нәтижесінде студент:  

 
балалық  шақтың  жас  кезеңдерін  және  әр  кезеңде 
болатын физиологиялық өзгерістерді; 

 
бала  организмінің  өсу  мен  даму  заңдылықтарын, 
балалар мен жасөспірімдердің физикалық даму көрсеткіштерін; 


63 
 

 
жоғарғы  жүйке  әрекетінің  ерекшеліктерін  және 
олардың  баланың  тұлғалық  дамуы  мен  әлеуметтенуіндегі 
маңызын; 

 
баланың толыққанды өмір сүруі үшін қажет жағдайды 
қамтамасыз ететін санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес 
қоршаған ортаға қойылатын гигиеналық талаптарды 
білуі керек: 

 
балалардың  физикалық  даму  көрсеткіштеріне  (бойы, 
салмағы,  бас  және  кеуде  шеңберлері,  пульс,  артериялық  қан 
қысымы, тыныс жиілігі және т.с.с.) баға беруді; 

 
балалармен жұмыс істегенде белгілі бір жасқа тән ағза 
ерекшеліктерін және физикалық мүмкіндіктерін ескеруді; 

 
балалар  мен  жасөспірімдердің  сырқаттануын  азайтып, 
денсаулығын күшейту, сыртқы  ортаның зиянды ықпалдарының 
алдын алу мақсатымен санитарлық-ағарту жұмысын жүргізуді  
меңгеруі керек. 
Осы  пәнді  оқыту  студенттердің  келесі  құзіреттіліктерін 
қалыптастыруға ықпал етеді: 
-  ғылыми-дүниетанымдық  педагогикалық  позицияның, 
гуманистік  бағыттағы  ойлаудың,  мінез-құлық  пен  іс-әрекеттің 
қалыптасуы;  
-  адамның  өсуі  мен  дамуының  негізгі  теорияларын  білу 
және  түсіну,  ғылыми  теорияларды  іздеу  және  оларды  өз 
қызметіне енгізіп, пайдалану қабілеттілігі;  
- адам, оның дамуы жайлы ғылыми және практикалық білім 
кешенін меңгеріп, өз әрекеті мен қызметін көпшілікке танымал 
медициналық  теориялар  мен  әдістерге  сүйене  отырып  негіздей 
алу қабілеттілігі.  
-  ішкі  белсенділікті  және  жауапкершілікті  көрсете  білу, 
шешімдеріне  жауаптылық  таныту,  өзінше  білім  алуға,  өзін-өзі 
дамытуға қабілетті болу.  
Пән мазмұны 
«Жасерекшелік  физиологиясы  және  мектеп  гигиенасы» 
пәнінің болашақ әлеуметтік педагог мамандар даярлаудағы рөлі. 
Пәннің  мақсаты,  міндеттері  және  мазмұны.  Анатомия, 
физиология  және  гигиена  ғылым  салалары  ретінде.  Даму 
тарихы, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері. 
  


жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау