Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/2
Дата10.12.2017
өлшемі0,57 Mb.
#3736
  1   2

Білім беру жүйесіндегі психологиялык қызметтің теориясы мен тәжірибесін талқылау сұрақтары психологтардың еңбектерінде қарастырылып келеді. Қазақстандагы психологиялык қызмет жайлы зерттеулер республикалық баспасөзде және жеке туындыларда жарияланғанымен, дәл психологиялык кеңес беруді кеңінен қарастыру, әрі оны оқытуға енгізу мәселесі қолға алынбай келеді.

Психолог ғалымдар Г.С.Абрамова, Ю.Е Алешина, А.А.Бодалев, Г.В.Бурменская, И.В.Дубровина, В.Н.Карандашев, А.Г.Лидерс, Е.И.Рогов, В.В.Столин кеңестік дәуірдегі жэне одан кейінгі уақыттағы психологиялык қызметтің, соның ішінде психологиялык кеңес берудің мазмұнын анықтап берді.

Жоғары оку орнында психологиялык қызметті қалай жүргізуге болатындыгы, студенттердің жеке басын қалыптастыруда психологиялык кеңес берудің маңыздылығы туралы зерттеулерді О.М.Анисимова, Н.М.Владимирова, М.Д.Дворяшина, М.В.Зюзько, Н.С.Копеина, Б.Б.Коссов, Н.Н.Обозовтардың еңбектерінен кездестіре аламыз. Қазақстанда осы мэселемен айналысып жүрген Т.А.Абдрашитова (психологиялык кеңес беруді психологиялык белсенді заттарға тәуелді адамдарға қолдану), А.Р.Ерментаева (психологиялык тәжірибенің студенттің субъект-бағдарлы дамуына ықпалы), Е.Г. Ким (оқытуда эриксондық гипнозды қолдану) және т.б. бірқатар зерттеушілерді атап өтуге болады.

Психологиялык кеңес беру туралы гылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе, психологиялык тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдагы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқалармен қарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялык кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындагы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан псхологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында түрады.

Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі.

 

Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері

Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық контакт орнату, клиент пен кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы.  Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).

Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі  ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру. Кезеңдік (подэтап) нәтижесі  — консультативті болжамдарды қалыптастыру және раппортты орналастыру.

Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat.kz

Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.

Психологиялық  кеңес  және  оны  ұйымдастыру

Психологиялық  кеңес дегеніміз  рухани  жағынан  көмекке  мұқтаж  адамдарға  ақыл- кеңес беру, жол  көрсету. Психологиялық  кеңес  арнайы  жабдықталған  орында, бөгде  адамдардан  оңашаланған  жерде  өткізіледі, кеңесті  өткізуге  арнайы  уақыт  белгіленеді.



Психологтың  кеңес  алушымен  алғашқы  кездесу  кезіндегі  әңгімесі.

10 минуттан  2 сағатқа  дейін  созылуы  мүмкін. Кеңес алушы  адам  психологқа  өзі  туралы, өзін  мазалап  жүрген  мәселесі  туралы  толық  айтуы  керек. Психолог  зейін  қоя тыңдайды. Психологиялық  кеңес  адамдарға  психологиялық  көмек  берудің  ең  күрделі түрі. Кеңес  алушы  адамға  өз  проблемасын  психологтың  көмегінсіз  шеше  алатындай  болғанға  дейін  беріледі.



Психологиялық  кеңес:

1.Туындаған  мәселенің   күрделілігіне  байланысты 1-2 рет         немесе  оданда  да  көп  кеңес  берілуі  мүмкін.

2.Кеңес  алушының бір  ғана мәселесі  емес  жеке жеке  кеңесті  талап  ететін  бірнеше  мәселелері  болуы  мүмкін.

3.Мәселе  бірден  шешілуі  мүмкін. Тек  ғана  кеңес  алушыға  қосымша  қолдау, қолпаштау, ерік, жігер  қажет  болған  жағдайда  психологиялық  кеңес  қысқа  уақыт  мерзімді  қамтиды.



Психологиялық  кеңестің  мақсаты  мен  міндеттері

Кеңес  алушының  туындаған  мәселесін  тез  арада  шешуге  көмек  жасау.мәселен, бала  мәселесіне  байланысты ата ананың  ренжісіп  қалуы, екі  адамның  бір біріне  ренжуі т.б.

Бір  мәселе  қайталана  берсе, онда  кеңес алушыны  психопрофилактикаға  шақыру  қажет. Мұнда  шешімін  таба  алмай  жүрген  мәселелерді  өздері шешуге  талпынады.

Адамдардың  психологиялық  білімдерін  жетілдіру  үшін  пайдалы  психологиялық  кеңестер  беріп  отыру  керек.

Кеңес  алушы  бірден  табысқа  жетпеуі  мүмкін, бірнеше  рет  кеңес  алудың  нәтижесінде  қол  жеткізетіндігін  түсіндіру.

Кеңес  алушының  алғаш  келген  кездей  ойы мен  кеіес алғаннан  кейінгі  ойын  салыстыру. Кейбір  жағдайда  психологтың  ойы мен кеңес  алушының  ойы  бір  бірімен  сәйкес  келіп  жатады, ал  кей  кезде  мүлдем  алшақ  болуы  мүмкін.

Кеңес  алушының  туындаған  мәселесіне  жеңіл  қарамай, оған  шын  мән  беріп  шешу  керектігіне  көз  жеткіз.

Психологиялық кеңес жұмыстары

Психологиялық  қызметте  кеңес  беру  бағыты  бойынша  қызметкерлер  нақты  міндеттерді  шешеді:

1.Оқу-тәрбие  мекемелерінің  әкімшілігіне,  мұғалімдерге,  тәрбиешілерге,  ата-аналарға,  мастерлерге  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  және  бірлесіп  жұмыс  істеу  мәселесі  бойынша  кеңестер  береді.

2.Балаларға  оқу,  жетілу,  өмірлік  және  кәсіби  өз-өзін  анықтау,  ересектермен  және  құрбыларымен  өзара  қарым-қатынас,  өз-өзін  тәрбиелеу  және т.б.  мәселелері  бойынша  жеке  және  топтық  кеңес  беріледі.

3.Жеке  және  топтық  кеңес  беру  арқылы   педагогикалық кеңестерге,  әдістемелік  бірлестіктерге,  жалпы  мектептік  және  кластық  ата-аналар  жиналысына  қатысып,  дәріс  оқу  арқылы  педагогтардың,  ата-аналардың,  мастерлердің,  қоғамдық  өкілдердің  психологиялық  мәдениетінің  жоғары-лауына  септігін  тигізеді.

4. Бала  тағдырында  мүмкін  болатын  өзгерістерді  (арнайы  оқу-тәрбие  мекемелеріне  жіберу,  ата-ана  құқығынан  айыру,  бала  асырап  алу  ж.т.б.) анықтауға  байланысты сәйкес  инстанциялардан  дұрыс  шешім   шығару  мақсатында,  халықтық  соттың,  қамқорлық  көрсету  ұйымдарының  сұранысы  бойынша  баланың  психикалық  жағдайы,  психикалық  даму  ерекшеліктері  туралы  сұрақтар  бойынша  шешім  қабылдаған  кезде  кеңесші-сарапшы ретінде  кеңес  береді.

5.Өзін-өзі басқаруды  ұйымдастыру  сұрақтары  бойынша  нақты  балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас  ерекше-ліктеріне  сәйкестендіріп,  психологиялық  ерекшеліктерінің  негізінде  оқу-тәрбие  шараларын  жоспарлауға  кеңесші  ретінде  қатысады.

 

ӨШПЕНДІ НИЕТТІ  ЖӘНЕ АГРЕССИЯШЫЛ КЛИЕНТТЕРГЕ КЕҢЕС БЕРУ

Кеңес беру барысында кері ниетпен келген немесе өшпенді клиенттер (сирек кездеседі) көп қиыншылықтар туғызады. Олардың мінез-құлқына, әсіресе, Bird  нақты сипаттама берген (1973). Кеңес берушілер мұндай клиенттерге әртүрлі көзқараспен қарайды: кейбіреуі өшпенділікке ызақорлықпен немесе өшпенділікпен жауап қайтарады; басқалары клиентті өз пайдасына қарату және қаһарланудың орынсыз Клиентке оның қаһарлы және өшпенді көрінетіндегі жайлы айту қажет. Шын мәнінде, «қаһарлы» және «өшпенді» деген түсініктер сипаттауда өткір естілуі мүмкін, сондықтан ойды үзілді-кесілді білдіруге болмайды. Мысалы: «Сіздің бір нәрсеге көңіліңіз толмай отырған тәрізді», «Көңіліңіз қалды ма?», «Ештеңе айтқыңыз келмей ме?», «Бұл сіздің ашулы екендігіңізді білдіретін сияқты» және т.б. егер кеңес беруші клиенттің өшпенді ниетті екндігіне күдіктенген болса «Не болды?», «Мен бір нәрсені дұрыс айтпадым әлде істемедім бе?» деп сұрауы тиіс. Қандай да болмасын жағдайда, клиенттің өшпенділігімен бетпе-бет келе, өзіңді жер төңкерілгендей ұстау орынсыз. Әлбетте, клиентке мысқылмен немесе жек көрушілікпен қарауға болмайды – оның өшпенділігі әрқашан парасаттылықпен талқылануы тиіс, өйткені бұл терапевтикалық әрекеттестікке бөгет жасайды.

Клиенттің қанағаттанбау себебі қарапайым болуы мүмкін – кеңес берушінің түрі немесе сөзі, жастығы және т.б ұнамайды. Себептері болады. Клиенттің өшпенділігінің нақты себебін анықтау және оған тиімді қарсы тұра алу үшін, кеңес беруші бұл жағдайдың басты ерекшеліктерін түсіне білу керек.

Ең алдымен, ашу – паталогиялық немесе ерекше көрініс емес. Әр адам кейде ашуланады, нақтырақ айтқанда, ашулана алады. өмірде ашулық сезім, зұлым ой немесе әрекет туындамайтын жағдай болуы мүмкін емес. Өмірде жасалатын кейбір істер, аз да болса, зұлымдықты бастамаға алады. Өшпенділіктің мәні бар – ол өзін-өзі қорғау әдісі болып табылады және де ол қорқынышпен салыстырғанда әсерлірек болып келеді. Басқаша айтқанда, қаһарлық, қорқыныш пен үрей сияқты, қауіптілік жайында ескертетін белгі ғана емес, сонымен қатар, өзін-өзі қорғауға бағытталған сезім, ол агрессияны туындатады.

Кеңес беруші өшпенділіктің туындау себебін білуі тиіс. Әрбір клиенттің өшпенділігінің мәні оның өміріндегі мәселелерде жасырынып жатыр. Қаһарлық – «тарихты», яғни оның өткені бар және әрбір адамда әр түрлі. өмір жолында, әсіресе балалық шақта, не себепті және қалай ашулануына байланысты әрбір адамда жеке «өшпенділік стилі» қалыптасады. Кейбір клиенттер кеңес беруші бұйырып сөйлегенге, басқалары – не істеу қажеттігін түсінікті және нақты айтпағанда, үшіншілері – тым әуесқойлық ретінде түсінгендіктен, жеке басына байланысты көп сұрақтар қойған жағдайда ашуланады. Ұқсас мән-жайлар кейбір клиенттерді ызаландырса, енді біреулері ашуланбауы мүмкін. Негізінен, бұл айырмашылықтар өмір тәжірибесінің мазмұнына байланысты. Клиенттің ашулануының жеке мазмұнына бақылау жүргізу кеңес берушіге оңай емес, бірақ, зұлымдықтың кеңес беру үрдісіне сырттан келетінін және әдетте кеңес беруші екендігін түсіну ең бастысы болып табылады. Кей-кезде нақты жағдайларда кеңес беруші клиенттің өткен өмірінің белгілі бір жағдайын немесе белгілі бір адамын алмастырады. Клиент, әсіресе кеңес берудің бас кезінде өте өшпенді ниетті, күдікті, зұлым болып келген жағдайда кеңес беруші бұл мінез-құлықтардың себебі клиенттің ішкі дүниесінде екендігін білуі қажет. Көп жағдайларда кеңес берушілер барлық кінәні өздерінен іздей бастайды. Өйткені, олардың ойларынша, клиенттер жақсы кеңес берушілерді құрметтеп, оларға ренжімеулері тиіс деп түсінеді. Ол қате тұжырым, өйткені зұлымдық әмбебап сезім болып табылады, және оның жақсы кеңес беру кезінде жоқ болатындығына жалған арман тұтуға болады. Ол әрдайым пайда болады. Егер клиент кеңес берушіге өзінің зұлым сезімдерін немесе қанағаттандырылмаған ашық білдіре алмаса, ол кеңес беруші жаман кеңес беруші екендігін білген жоқ.

Кеңес беру кезінде кейбір кездерде зұлымдық артында уайым жасырын тұрғанын ескеру қажет. Мұндай жағдайларда клиенттің шынайы сезімдерін талқылауға жәрдемдесу керек. Міне, осылай клиенттің өшпенді ниетін ауыстыруға болады.

Әрине,  кеңес берушіге клиенттің өшпенді ниетімен кездескенде және өзі туралы әртүрлі оғаш сөздерді естіп, өз-өзін ұстау оңайға соқпайды. Бірақ оның клиентке дәл солай өшпенділікпен жауап қайтаруы – клиентті одан да сорақы өшпенділікке итермелейтіндігі туралы ұмытпау керек.

Мұндай жағдайларда кеңес беруші өз сезімдерін түсініп, қанағат тұтпағандығын тануы қажет. Сонда ғана ол клиенттің өшпенділігін жеңуге нәтижелі көмек бере алды. Егер де біз клиенттің өшпенділігі теріс ниетпен бермесек, ақыр аяғында клиентпен арамызда өзара түсінушілік нығайтып, ортақ мақсаттарға қол жеткізуде бірлестігіміз ұлғаяды. Кеңес беру кезінде туындайтын клиенттің өшпенділігі мен кеңес берушіге бағытталған тура тіл тигізу арасында үлкен айырмашылық бар. Кеңес беруші ешбір жағдайда клиенттің мән бермей қоймауы керек, өйткені ол клиенттің өзіне зиянын тидіреді. Әдетте кеңес берушіге бағытталған агрессия жанама түрде байқалады. Мұндай мінез-құлықтың бір нұсқасы – клиенттің бұрын соңды кездескен өзге кеңес берушілерді еске алуы. Кей кезде клиенттердің келіспеушілігі орынды болып келеді, өйткені психологтар мен психотерапевтердің барлығы да қанағаттанарлық емес. Бірақ көптеген жағдайларда толықтай жалған немесе өте қиғаш ақпарат беріледі. Сондықтан клиент кеңес берушіні өзімен немесе пікір-таласқа итермелейді. Мұндай жағдайда екі бағыт та дұрыс емес. Кеңес беруші өзін ыңғайсыз сезініп, ал клиент жауап талап етіп отырады. Мұндай жағдайларда өзіңнің  ұстанымдарыңды ұстанып алмай , тек қана клиентке өзінің қиыншылықтарымен бөлісуге мүмкіндік беру керек. Енді бақылауға жатпайтын кеңес берушіге деген келетін болсақ психикалық ауруларға кеңес берудің ерекше қауіпі туралы кең тараған аңызды еске түсірейік. Шын мәнісінде нағыз қауіпті мұндай аурулардың тек бір ғана бөлігі (параноялы шизофрения, мания және психиканың органикалық бұзылуларымен ауыратындар) төндіреді. Сонда да олардың көп түрі өздерінің өтпенділігін бақылай алады. Алайда қауіпті жағдай туған кезде кеңес беруші орынсыз ердік көрсетпеуі керек. Кеңес беруші өз-өзін тыныш қалыпта сақтап және клиентке қатер тигізбей, өшпенді мінез-құлық көрсетуге болмайтындығын және қажеттілік туған кезде тәртіп шаралары қолданатындығы туралы ескертуі керек. Ақыл айту кезінде өшпенділік болмауы қажет. Әдетте клиенттер шектеулермен келіседі, өйткені өздерінің мінез-құлықтарының салдарына мазасызданады. Кеңес беру кезінде жасырын өшпенділік жиірек кездеседі. Әдетте кеңес беруші оны сезіп отырады. Ашық өшпенділікке қарағанда жасырын өшпенділікпен күресу қиынға түседі. Клиенттердің көпшілігі жасырын өшпенділікке ашық көрсетуге дайын болмайды және де кеңес беруші де жасырын өшпенділікті ашық өшпенділікке айналдыру қаупсіз емес болып табылады. Сонда да егер клиентпен сөйлесу біз әлдебір қауіпті сезінсек, клиентке өзінің уайымдары туралы ашық айтуға мүмкіндік беру керек. Өйткені барлық көрсетілмеген, әсіресе теріс эмоциялары ойлау қабілеті мен мінез-құлқын бұзады, психоматикалық симптомдардың пайда болуына әкеп соғады және кеңес беру үрдісін қиындатады. Біз жасырын өшпенділік мәселесіне психосоматикалық шағымдары бар клиенттерге кеңес берудің ерекшеліктері туралы тарауда әлі де тоқталамыз.



екендігін түсіндіру үшін ықылас пен ілтипат танытуға тырысса, енді біреулері клиенттердің мінез-құлқына назар аудармай, өздерін ештеңе болмағандай ұстайды. Мүмкін, кейбір жағдайларда клиенттерге ашулану орынды болар, бірақ олардың осы жағдайының себебін түсінуге тырысу маңыздырақ.


Біз әркімнің ар-намысы, абыройы мен беделі қадірленетін, 
мәртебелі мораль, этикалық негіздері мен рухани құндылықтар 
ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз. 

Н.Назарбаев 
К І Р І С П Е 
Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды. 
Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников. 
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Рмисая т.б. ғалымдар жасады. 
Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жұр. Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың үлгі моделін жасағанда М.Р.Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар И.В.дубровина мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мән-мағынасын ашып алуға мүмкіндік туады. Осы әдістемелік құралдар орыс тілінде ғана жарық көріп жүр, әлі қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан мектеп психологтары түп нұсқадан бастап барлық әдістемелерді толық өздері анықтап шығуға тура келіп тұр. 
Тек соңғы кезде С.Х.Бектенғалиева, Н.Қ.Ядгарова «Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру», жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л.К.Көмекбаеваның «Психологиялық қызметті ұйымдастыру», Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология», Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал ретінде кітабы осы оқулықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр. 
3 

Қазіргі таңда практикалық психология белсенді даму үстінде: психологиялық қызметтің небір салалары бар. Психология күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстардың мәнін ұғынуды, бала тәрбиесі, психикалық тұрғыдан денсаулық туралы, тұлғалық даму туралы ойланатын, түсінгісі келетін әр адамның ең жақын қолдаушысына айналуы тиіс. 
Ұлдардың, қыздардың жүріс-тұрысы, киім киінуі, құрбы-құрдастарымен, айналысымен қарым-қатынасы, бәрі де арнайы білім алумен бірге тәрбиеге тығыз байланысты. Біз, ата-ана, мұғалімдер және психологтар – оларға көрсеқызарлық, жеңіл мінезділік, жат қылықтардан гөрі татулық, адамгершілік қасиеттерді көбірек айтып, бойларына сіңіре отырып, тәрбие өзегіне айналдырамыз. 
Психологтың барлық міндеттерін, этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлігін арттырып, мен өз қызметімнің алға басуына күшімді саламын. Себебі, мен өз мамандығымды қызығушылықпен орындап, басқалары қызыға қарайтындай деңгейге жеткізгім келеді. 
Мектеп психологиялық қызметінің жұмысына қажетті әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі мәселелері болғандықтан баяндаманың тақырыбын: «Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары мен іс-құжаттарының түрлері» деп алдым. 
Мақсаты: мектеп психологі жұмысының негізгі бағыттар мен іс–құжаттарын жүйеге келтіру. 

Зерттеу базасы: І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі Созақ ауданы 
Ұсынылып тұрған баяндамада: педагог-психологтың лауазымдық міндеттері, ұйымдастыру жұмыстары, негізгі бағыттары, жылдық, айлық, апталық жоспары, циклограмма, өткізілетін сабақтардың бағдарламасы мен іс-шаралары, оқушылардың даму, педагогикалық-психологиялық, жеке карталары,жылдық есеп пен номенклатура құжаттары, журналдары және тағы басқа педагог – психологқа қажетті іс-құжаттары жазу үлгілері берілген. 
Бұл баяндама жұмысы психология ғылымындағы әр түрлі елдердің зерттеулеріне, интернеттегі ақпараттарға, Рессейлік әріптестерімнің жұмыстарына, бірнеше қаланың педагог-психологтардың (Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология», Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құралына,) жұмыстарының тәжірибелеріне, әрі бірнеше бағытта оқытылған психологтардың оқуына қатысып, өзімнің бес жыл бойы жинақталған, құрастырылған іс-тәжірибемнің құжаттарыма сүйене отырып жазылған жұмысымды ұсынамын. 

4 

1.1 Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру 
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге мұғалімдердің өздеріне өте қиын. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр. 
Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс –құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық. 
Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала. 
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру. 
Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады: 
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады. 
2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады. 
3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады. 
Міндеттері: 
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау; 
- мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру; 
- І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп директорымен бекітілген педагог – психолог С.Браташтың лауазымдық міндеттері; 
Өз жұмысына педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады. 
5 
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы Психологтың ұстаным әдебі туындайды: 
1. Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан! 
2. Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа! 
3. Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс. 
4. Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады. 
5. Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла. 
6. Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама! 
7. Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба! 
8. Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады. 
9. Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет. 
10. Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер. 
11. Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін. 
12. Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта. 
13. Ө¬зіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте! Ескер! 14. Психологтың негізгі қасиеті – тыңдай білу... 

Теңіз жағасында күнбе-күн бір қарт адам жағаға шығып қалған теңіз жұлдызшаларын еңкейіп алып теңізге кері лақтырып жүреді. Оны байқап жүрген бір бала: «Ата, мұндай жұлдызшалар мың-мыңдап толып жүр ғой теңізде. Несіне әуре боласыз? Сіздің кері лақтырғаныңыздың қандай пайдасы, мәні бар» депті. Сонда қарт кезекті жұлдызшаны көтеріпті де: «Оның мына жұлдызша үшін мәні бар» деп жұлдызшаны суға жіберіпті. 
Әрбір адам – бір жұлдыз. Біздің міндетіміз әрбір адамның жарқырауына көмектесу!! 

«Менің ойымша қазақтардың қайталанбас этикалық-психикалық әлемі - әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» 
Н.Ә. Назарбаев 

1.1 Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері 
және оны жүзеге асыру формалары 
1. Психологиялық диагностика - оқушының, ата – ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті – педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет. 
2. Психологиялық ағарту (профилактика) – мұғалім, ата анасы, оқушыны психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты – тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру. Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу. Психологиялық алдын алу – мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары. Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты. 
3. Психотүзету (психокоррекция) және дамыту - түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс – шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді. 
4. Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу – диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді. 
5. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар: 
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу; 
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру; 
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу. 
Аналитикалық іс-әрекеттің мақсаты: туындаған проблемалық 
себептердің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру, педагогикалық процеске қатысушыларға кешенді ұсыныстар жасау. 
Психологиялық білімді көтеру – мақсаты: педагогикалық үрдістерге 
қатысушыларды психологиялық мәдениетін көтеру. 

Балалармен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері: Оқушы 
Баланы әлеуметтендіру, яғни білім беру мекемесі мен өз тобына, сыныбына, жаңа ережеге және қарым-қатынасқа бейімдеу; 
• Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету; 
• Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру; 
• Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету; 
• Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру; 
• Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету; 
• Балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру; 
• Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу. 
Мектептегі қосымша міндеттер: 
• Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру; 
• Ішімдік пен есірткіге психологиялық, химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну мен олардың манипуляция жасауының алдын алу; 
Психологиялық – педагогикалық консилиум – белгілі бір баланың, сыныптың немесе тұтас білім мекемесінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын шешудің тәсілдерін анықтайтын психологтың педагогпен, білім мекемесінің әкімшілігімен бірлескен жұмысы. 
Психологиялық жұмыстың бағыттары: 
• Балаларды диагностикалау; 
• Балалардың дамуын түзету; 
• Балалардың ауытқуын алдын алу; 
• Балалармен дамыту жұмыстары; 
• Балаларға кеңес беру; 
• Балаларға ағарту жұмысын жасау. 
Жұмыстың оңтайлы формалары: 
• Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар - диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер. 
• Топпен және кіші топпен жұмыстар – психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар. 
• Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы. 
Отбасымен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері: 
• Бала мен ата-ана қатынасын оңтайландыру; 
• Баланы дамыту мен оқытудың жеке стратегиясын анықтау; 
• Баланың жағымды эмоциялық күйін және жетістікке жетуін қамтамасыз ету; 
• Баланың психологиялық ауытқуын және бұзылуын алдын алу. 

Психологиялық жұмыстың бағыттары: Ата-ана 
• Ата-аналарды диагностикалау; 
• Ата-аналармен дамыту жұмыстарын жүргізу; 
• Ата-аналарға кеңес беру; 
• Ата-аналарға ағарту жүргізу. 
Жұмыстың оңтайлы формалары: 
• Ата-аналармен жеке жұмыстар - диагностикалау, кеңес беру. 
• Топтық жұмыстар - психологиялық тренингтер, семинарлар, ата-аналар клубы, ата-аналар жиналысы. 
• Ата-аналар мен баланың бірлескен жұмысы. 
Педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері: 
• Педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету; 
• Педагог пен бала қарым-қатынасындағы педагогикалық стильді оңтайландыру; 
• Баланың тұлғалық өсуіндегі дара ерекшелікті анықтау. 
Психологиялық жұмыстың бағыттары: 
• Педагогикалық ұжымды диагностикалау; 
• Педагогикалық ұжыммен дамыту жұмыстарын жасау; 
• Педагогикалық ұжымға кеңес беру; 
• Педагогикалық ұжымға ағарту жұмыстарын жүргізу. 
Жұмыстың оңтайлы формалары: 
• Педагогтармен жеке жұмыс – диагностикалау, кеңес беру, сабақтарға қатысу және оны талдау. 
• Топтық жұмыс – психологиялық тренингтер, семинарлар. 
• Педагогпен және әкімшілікпен бірлескен жұмыс. 
• Білім мекемесі жағдайында жасалатын психологиялық жұмыстың екі формасын жүргізу, яғни психологиялық – педагогикалық консилиум ұйымдастыру және педагогикалық кеңеске мәселені қою. 

10 

1.3 Педагог – психологтың негізгі құжаттарының түрлері 
және оның жүргізілу тәсілдері 

Мектептердегі психологиялық қызметтін қалай ұйымдастырылуы, мектеп психологтарының негізгі құжаттарының қалай болуы, қалай жүзеге асырылуы женінде әдістемелік құралдардың аздығы, болса көбісінің орысша басылып, оны аударуға уақыттың көп кетуі, қазақша психологиялық сөздіктің жоқтығы деген сияқты мәселелер мектеп психологтары үшін қиындыктар тудырады. 
Педагог - психологтың негізгі құжаттарының түрлері 
I. Нормалы (қағидалы) құжаттар 
Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұның мемлекеттік стандартқа сай болуы. 
1. Бала құкығы туралы халықаралық конвенция 
2. «Білім туралы» ҚР заңы 
3. «Білім» мемлекеттік бағдарлама 
4. Психологиялық қызмет ережесінің жобасы 
5. Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы 
6. ҚР білімінің даму концепциясы 
7. Психологтың этикалық кодексі 
II. Концептуалды құжаттар 
Мақсаты: Психологтың жұмысын ұйымдастыру 
1. Психологиялық қызметтің тұжырымдамасы 
2. Психологиялық қызметтің моделі (құрылымы) 
3. Мектептің басқа жұмысындағы мақсатты бағдарламасы 
III. Қызметтік және есептік кұжаттар 
Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы 
1. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспары 
2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жұмыс жоспары 
3. Күндік, апталық, айлық жоспар 
4. Циклограмма 
5. Жылдық есеп 
6. Жеке іс – шаралар: 
- Дарын 
- Девианттық 
- Аутоагрессия 
- ҰБТ 
- ОЖСБ 
- Кәсіптік бағдар 
- Мүмкіндігі шектеулі 
- Үлгерімі төмен 
- Бейімделу 5,10 сынып 
- Ата – аналармен 
- Мұғалімдер 
- ЖҚТБ,есірткі 
11 
Есептік құжаттар 
Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі (жабық құжат) 
1. Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есеп 
2. Статистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер) 
3. Педагогикалық - психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары 
4. Психологиялық кеңес беру бағытының журналы 
5. Жеке түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы 
6. Топтық түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы 
7. Сұранысты тіркеу журналы 
8. Психологиялық сұраныстар журналы 
9. Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы 
10. Психодиагностикалар (акт, карта, психологиялық портреттер, зерттеудің хаттамалары, қорытулар, салыстырмалы кестелер, кеңестер) 
11. Әкімшілікпен жұмыс жоспары 
12. Кәсіптік өзін-өзі жетілдіру жоспары. Мектеп психологында психологиялық-педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы болу керек. Онда: білімді жетілдіру курстарын бітіргенін растайтын сертификатгар, жетістіктер, грамоталар, мақтау қағаздары болады. 
13. ЖБІБ және мектеп ішілік тіркеуде тұрған оқушылардың картотекасы; 
14. Ішкі қолданыс үшін қамқорлыққа алынған балалардың медико-психолого-педагогикалық мінездемесі; 
15. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары 
Қосымша психологқа арналған құжаттар 
1. Бапкердің сөмкесі (психологиялық ойындар мен жаттығулар) 
2. Бейімделу процесін психологиялық қамтамасыз ету 
3. Танымдық процесстерді дамыту тақырыбы бойынша материал папка 
4. Тақтаға ілетін материал. 
5. Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік экспериментік жұмыстың бағдарламасы ТЭЖ (2-3жылға) 
6. Психологиялық – педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы (білімді жетілдіру курстары, сертификаттар грамота мақтау кағазы 
7. Психологиялық ағарту бағыты (педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар жинағы, семинар практикумдар, тақырыптық көрмелер, жадынамалар). 
8. Психологиялық алдын –алу бағыты (жас кезеңі ескерілген дамыту бағдарламалары) материалдары папка 
9. Өткізілетін сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы 
10. Кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі 
11. Диагностикалық материалдар картотекасы (әдістемелердің авт.) 
12. Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары 
13. ҰБТ алдындағы лайындық материалдар жинағы папка 
14. ОЖСБ - ға дайындық материалдары папка 
15. ЖҚТБ,есірткі жайлы материалдар жинағы папка 
16. Аутодеструктивтік (суицид) жайлы материалдар жинағы папка 12 
17. МПМК (үйде оқытылатын оқушыларға) материалдар жинағы папка 
18. Девиантты балалармен жұмыс материалдары папка 
19. Кәсіби бағдар бойынша жұмыс материалдары папка 
20. 12 жылдық білім беру материалдары 

Түрлі балалар құрамымен жұмыс: 
а) Дарынды оқушымен жұмыс (оқушы жайлы мәлімет, жеке ерекшелігіне арнаған картотекасы, арнайы жұмыстар) 
б) Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс (сабақ кестесі, жылдық жоспар, даму динамикасы, мінездемесі, пән мұғалімдерімен жұмыс анықтама, құжаттарын қадағалау) 
в) Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс (оқушы жайлы мәлімет, жеке ерекшелігіне арнаған картотекасы, арнайы жұмыстар) 
г) Девианттық мінез-құлқы бар балалармен жұмыс (мәліметтер алу, жеке, топтық жұмыс, қызығушылығына қарай үйірмелерге тарту, сынып жетекшіге педагогикалық – психологиялық көмек көрсету, ата-аналарына кеңес беру, психологиялық-педагогикалық консилиум өткізу, ДТІЖО, КТІЖБ-мен бірлесіп профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру, жеке картотека арнау, ағарту жұмыстары девианттық мінез-құлықтың алдын алу іс шаралары) 
д) Қамқорлықтағы балалар және жетім балалармен жұмыс (мәлімет алу, жеке бағалауда қадағалау, жеке топтық жұмыста ерекше көніл бөлу, жеке картотека арнау) Әлеуметтік педагог пен байланыс 
е) Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылармен жұмыс (мәлімет алу, жеке бағалауда қадағалау, жеке топтық жұмыста ерекше көніл бөлу, жеке картотека арнау) Әлеуметтік педагог пен байланыс 
ж) Аутоагрессияға бейімділігі бар, ерекше назар аударатын оқушымен жұмыс (мәлімет алу, жеке бағалауда қадағалау, жеке топтық жұмыста ерекше көніл бөлу, жеке картотека арнау, мониторинг) Сынып жетекші мен пән мұғалімдермен байланыс 
Оқушылардың жеке психологиялық мінездемесі, оқушылардың жеке картотекасы (өткізілген жұмыстардың нәтижесі, ескерту, даму динамикасы бәрі жүйелі түрде сыныптан сыныпқа, тұлға туралы жан –жақты ақпарат жиналып, жас ерекшелігне сай жыл бойы толтырылады). 
Оқушыларға арналған құжаттар (ашық құжаттар) 
1. Іс – шара, сабақтардың бағдарламасы ата – аналарға 
2. Әдістемелік нұсқаулар, жадынамалар оқушыларға арналған материалдар: мақала, кеңестер жинақтар папкасы 
3. Оқушыларға арналған сауалнама, әдістемелер жинағының папкасы 
4. Өткізілетін тренинг - сабақтары, (слайд) баяндама, кеңестер жинақтар 
5. Мектеп үшін өзекті тақырыптар бойынша тәжірибелі эксперимент жұмыстарының (ТЭЖ) бағдарламасы 
6. ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға психологиялық сүйемелдеу жұмысы 
7. Дарынды балалармен психологиялық сүйемелдеу жұмыстарының папкасы 
Оқушыларға арналған құжаттар (жабық құжаттар) 13 
8. Педагогикалық-психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау дәптері (әр сыныпқа) 
9. Психодиагностикалық нәтижесі бойынша оқушының жеке даму картотекасы 
10. Мектептің 5-11 - сыныптарындағы психодиагностикалық зерттеулердің қорытынды аналитикалық анықтамасы әр сыныпқа 
11. Зерттеу жұмыстарының мониторингі, хаттамалары, мәлімет. 
Ата – аналарға арналған құжаттар (ашық құжаттар) 
Іс – шара, сабақтардың бағдарламасы ата – аналарға 
Әдістемелік нұсқаулар, жадынамалар ата анаға арналған материалдар: мақала, кеңестер жинақтар папкасы 
Ата аналарға арналған сауалнама, әдістемелер жинағының папкасы 
Ата аналарға өткізілетін тренинг - сабақтары, (слайд) баяндама, кеңестер жинақтар папкасы 
Ата – аналарға арналған құжаттар (жабық құжаттар) 
Ата аналарға өткізілген жұмыстарға мәлімет, сараптама мониторинг жүргізілген жеке жұмыстардың аналитикалық анықтамалары т.б. 
Сұраныс бойынша жұмыс дәптері 
Ата – анамен жеке, топтық жұмыстың дәптері 
Ата анаға өткізілген жұмыстарды тіркеу дәптері 
Ата анамен байланыс дәптері 
Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, ескерту, сараптама ұсыныс есебі 
Мұғалімдерге арналған құжат (ашық құжаттар) 
• Іс – шара, сабақтардың бағдарламасы 
• Мұғалімдерге, жас мамандарға арналған материалдар папкасы 
• Мұғалімдерге өткізілетін тренинг - сабақтары, баяндама, кеңестер папкасы 
• Мұғалімдерге арналған сауалнама, әдістемелер папкасы 
• Жас мамандармен, сынып жетекшілермен байланыс жұмыс папкасы 
• Мұғалімдерге арналған құжат (жабық құжаттар) 
• Мұғалімдерге өткізілген жиналысқа хаттама: сауалнамаға аналитикалық анықтама, жалпы өткізілген семинар жұмыстарға мәлімет папкасы 
• Сұраныс бойынша жұмыс дәптері 
• Жеке, топтық жұмыстың дәптері 
• Сынып жетекшілермен байланыс дәптері 
• Өткізілген жұмыстарды тіркеу, сараптама, байланыс дәптері, 
• Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, хаттама, ескерту, ұсыныс есебі папкасы 
Педагогикалық зерттеу журналы; (мұғалімдердің жеке картотекасы, психологиялық – педагогикалық мінездеме) 
Әр папка ішінде бар құжаттар тізбесі болу керек. Әр сыныпқа жас ерекшелігіне сай папка бастауға ұсыныс жасауға болады, онда жиналған керек мәліметтер жиынтығы яғни, диагностикалық тексеріс мәліметі, суреттер, және т.б. туралы мәліметтерді сақтау үшін мұрағат болу керек. Мұндай құжаттар оқуды аяқтағанша сақталу қажет. 14 

«Мектебімізде таза, берік, хәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» дейді М.Жұмабаев. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

Бұл жерде мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт. Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып, баланаң даму деңгейін белгілейді; түрлі психологиялық ауытқушыларды дер кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тығыйындайды; болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады. Мектеп ұжымына кездесіп қалатын психологиялық мәселелерге өтініштің түсуіне байланысты психологиялық (топтық және жеке) кеңестер береді, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстармын өткізеді. Клиенттің тұлғалық қасиеттерін анықтау нәтижесінде психолог оның мүмкіндігі туралы құнды деректер алады. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет. 
Психологтың жылдық жоспары психологиялық климатына анализ жасауға, іс-шараларды бірегей өткізуге, ата-анамен қарым-қатынасына, балалар мәселесі, әкімшілік және ата-аналар сұранысына әсер етеді. Психологтың басқа мамандармен өзара қарым-қатынасы жүйелі түрде болғаны қажет. Мұғалімдерге, психологтарға арналған психологиялық семинарлар, лекциялар тәжірибе алмасу жұмыстары өткізілуі тиіс. 
Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналармен психологиялық жақсы қарым-қатынаста болу керек. Пед.советтерге қатысамын, сұраныстар бойынша мәліметтер жинап дайындаламын. Оқушыларымен, ата-аналармен, ұжыммен тест жұмыстарын, тренинг жаттығуларын өткіздім. Мен әлі де жас маманмын, осы уақыт бойы атқарылған жұмыстарым көп, әлі де ойымда, болашақта көптеген жоспарланған жұмыстарым көп. Бүкіл жоспарланған ойымды жетілдіруге тырысамын деп үміттенемін. 
Қазақстанда Өзіміздің Ұлттық психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлесімізді қосуға дайынмын деп айтсам да болады. 

15 


Пайдаланылған әдебиеттер: 

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы / Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана, 1 наурыз 2006. 
2 Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңы. /ҚМ., 23 шілде, 1997 
3. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 Бұйрығы. 
4. Т.Р.Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология» IIII - бөлім 
5.Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал 
6. О.Н.Истратова,Т.В.Эксакусто Большая книга подросткового психолога 
7. Е.И.Рогов Настольная книга практического психолога 
8. С.Нұржанова Жалпы және балалар психологиясы 
9. А.Панова Әлеуметтік педагог қызметі: ұйымдастыру және жоспарлау 
10. Мектептегі Психология в школе журналдары 
11. Большая энциклопедия психологических тестов М Эксмо, 2007г 
12. М.М.Байбекова, П.М.Ибраева «Әлеуметтік психологиялық тренингтер, әдістемелер мен жаттығулар» Шымкент 2012ж 

жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау