еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік
бақылауды
ұйымдастырады;
4) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
5) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа
мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің
өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін
белгілейді;
7) еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта
қарау тәртібін белгілейді;
8) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек
нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
9) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу
енгізілетін ұйымдар
қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және
келісу тәртібін белгілейді;
10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық
келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
11) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
12) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және
объективті жүргізілуін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
бақылауды жүзеге асырады;
13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары жөніндегі зерттеу
бағдарламаларын әзірлейді;
15) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-
профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім
және басқа да жеке қорғану
құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлеп, бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді
ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен
қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
16) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту
және
қолдану тәртібін айқындайды;
17) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары
мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарайды
және келіседі;
18) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек
жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді бекіту тәртібін
айқындайды;
19) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім
бойынша он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын
жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы
мен жылжытуының
шекті нормаларын айқындайды;
20) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім
бойынша әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін,
әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын
айқындайды;
21) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін,
ауыр жұмыстардың,
жұмыстардың тізбесін айқындайды;
22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті және
тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
23) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік
аттестаттау тәртібін белгілейді;
24) Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік
ережені бекітеді.
17-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
аумақтық бөлімшелерінің еңбек қатынастарын
реттеу саласындағы құзыреті
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге
асырады;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың
себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген
тәртіппен тексереді;
5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес тексеруді жүргізеді;
6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау
комиссиясының құрамына қатысады;
7) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара
іс-қимыл жасайды;
8) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды.
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру
үшін шетелдік жұмысшы күшін тартуға рұқсат береді;
2) жергілікті өкілді органның келісімімен ауылдық (селолық) жерде жұмыс
істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және
спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді
тіркеуді жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік,
сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуіл өткізуді
келіседі;
5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің өңірлік
бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасайды;
6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар
қызметкерлерінің еңбек нормаларын және еңбегіне ақы төлеу жүйесінің
параметрлерін
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және
келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа
орналастыру үшін квота белгілейді.