Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі


-бап. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет14/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53

 
      
58-бап. Тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша
 
              еңбек шартын тоқтату
 
      1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
 
      1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кірген) кезде қызметкер тиісті 
құжатты ұсынған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей;
 
      2) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру 
мүмкіндігін болғызбайтын жазамен сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
 
      3) қызметкер не жұмыс беруші-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот 
қызметкерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе 
хабарсыз кетті деп таныған жағдайда;
 
      4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп 
таныған, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі 
болмайтын жағдайда;
 
      5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда 
тоқтатылуға тиіс. 
 
      2. Сот үкімінің, шешімінің заңды күшіне енген күні немесе қызметкердің қайтыс 
болған күні осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер 
бойынша еңбек шартының тоқтатылған күні болып табылады.
 
      
59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас
 
              тартқан кезде еңбек шартын тоқтату
 
      1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен 
еңбек шарты:
 
      1) қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан;
 
      2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан 
бас тартқан;
 
      3) жұмыс беруші - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты 
жалғастырудан бас тартқан;
 
      4) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік 
ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген 
кезде қызметкер басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.
 
      2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде 
ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі. 
 
      3. Қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіз болуы (оның ішінде жүктілігі және 
босануы бойынша) және демалысы кезеңінде еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді. 
 
      
60-бап. Қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға)
 
              ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына
 
              байланысты еңбек шартын бұзу
 
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды атқаратын 
адамдарға ақы төленетін өзге лауазымдарда істеуге тыйым салу белгіленген болса, 
қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға 
тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады.
 
      Қызметкердің жұмыс берушіні хабардар етуі және қызметкердің жұмысқа 
(лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актісі негіз болып табылады.
 
      
61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы
 
              салдарынан еңбек шартын тоқтату
 
      1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру 
мүмкіндігін болғызбаса: 
 
      1) медициналық қорытынды негізінде қызметкердің денсаулық жағдайына қайшы 
келетін жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған;
 
      2) адамды белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметті атқару 
құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе шешімін бұза отырып жұмысты 


 
орындауға еңбек шарты жасалған;
 
      3) белгіленген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алмай немесе 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып 
тастауларды сақтамай, шетелдік азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек 
шарты жасалған;
 
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек 
шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиіс.
 
      2. Егер қызметкерді оның келісімімен жұмыс берушіде бар басқа, орындау үшін 
қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкіндігі болмаса, осы баптың 1-
тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын 
тоқтатуға жол беріледі. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келісім берген кезде, 
онымен еңбек шарты жасалады. 
 
      3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1), 3) тармақшаларында көзделген 
жағдайларда тоқтатылған кезде, жұмыс беруші қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы 
мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
 
      
62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу
 
      1. Жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған 
немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй 
қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы 
жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
 
      2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың 
негізі көрсетілуге тиіс.
 
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күні еңбек 
шартының тоқтатылған күні болып табылады.
 
      4. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі үш күн 
мерзімде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жіберіледі.
 
      
63-бап. Еңбек кітапшасын және еңбек қызметіне
 
              байланысты құжаттарды беру
 
      1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні қызметкерге еңбек кітапшасын 
немесе қызметкердің еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты беруге міндетті.
 
      2. Жұмыс беруші қызметкердің (оның ішінде бұрынғы қызметкердің) талап етуі 
бойынша өтініш берілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде оның мамандығын 
(біліктілігін, лауазымын), жұмыс істеген уақытын және жалақы мөлшерін көрсете 
отырып, анықтаманы, қызметкердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы 
мәліметтерді қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да 
құжаттарды беруге міндетті.
 
      3. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс беруші 
- жеке тұлға қызметін тоқтатқан кезде жұмыс беруші, қызметкердің алдында берешегі 
болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған берешектің мөлшері туралы 
тиісті түрде ресімделген анықтама беруге міндетті.
 
 
5-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
 
      
64-бап. Қызметкердің жеке деректері, оларды өңдеу
 
      Қызметкердің жеке деректері - еңбек қатынастары туындаған, жалғасқан және 
тоқтатылған кезде қажет болатын қызметкер туралы ақпарат.
 
      Қызметкердің жеке деректерін өңдеу - қызметкердің жеке деректерін алу, 
сақтау, беру.
 
      
65-бап. Қызметкердің жеке деректерін өңдеуге қойылатын
 
              талаптар
 
      Қызметкердің жеке деректерін өңдеу кезінде жұмыс беруші мынадай талаптарды 
сақтауға міндетті:
 
      1) қызметкердің жеке деректерін өңдеу заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау