Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі


-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері



жүктеу 21,5 Kb.
Pdf просмотр
бет8/53
Дата21.11.2017
өлшемі21,5 Kb.
#1239
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53

 
     
 23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
 
      1. Жұмыс берушінің:
 
      1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
 
      2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және 
негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
 
      3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.
 
      Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 48-
бабына сәйкес жүзеге асырылады;
 
      4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында 
бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
 
      5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі 
ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
 
      6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді 
көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық 
жауапкершілікке тартуға;
 
      7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге;
 
      8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 
сотқа жүгінуге;
 
      9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
 
      10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді 
оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
 
      2. Жұмыс беруші:
 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, 
еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
 
      2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және 
жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
 
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі  бақылауды жүзеге 
асыруға;
 
      4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
 
      5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, 
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен 
өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
 
      6) қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
 
      7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар 
жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті 
ақпарат беруге;
 
      8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер 
жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;
 
      9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, 
ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
 
      10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек 
міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз 
етуге;
 
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
 
      12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, 
денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
 
      13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
 
      14) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына 
зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға;
 
      15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
 
      16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды 


 
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы 
деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
 
      17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары 
мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
 
      18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау 
жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере 
отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
 
      19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме 
жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, 
ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
 
      20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың 
біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
 
      21) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
 
      22) еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер 
өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек 
қауіпсіздігінің, еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан 
Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының 
сақталуын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру 
үшін кедергісіз жіберуге;
 
      23) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын 
жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті.
 
      3. Жұмыс берушінің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол 
өзге де міндеттерді атқарады.
 
 
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
 
 
2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
 
 
4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ
 
      
24-бап. Еңбек шартының нысанасы
 
      Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты 
(еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші 
еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген 
жалақыны уақтылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге 
асырады.
 
      
25-бап. Еңбек шартын жасасу кезіндегі құқықтар мен
 
              мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері
 
      1. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға 
тыйым салынады.
 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі 
балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын 
шектей алмайды.
 
      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдар санатының талабы бойынша 
жұмыс беруші бас тарту себебін жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
 
      3. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу 
фактісі анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген жауаптылықта болады.
 
      
26-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер
 
      Еңбек шартын:
 
      1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы 
келетін жұмысты орындауға;
 


жүктеу 21,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау